Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсiнiң мiндетi Қазақстан Республикасының Экономика министрi Ө.Е. Шөкеевке жүктелсiн.
2. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсiнiң орынбасары болып Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары Ж.Ж. Ертiлесова белгiленсiн.
3. "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Н.Қ. Есенғарин TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсi мiндетiнен босатылсын;
басқа жұмысқа ауысуына байланысты А.А. Тiлеубердин TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсiнiң орынбасары мiндетiнен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi