1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен:
"Мақта" аумақтық акционерлiк компаниясының (бұдан әрi - Компания) жалпы жиналысына оны қайта ұйымдастыру мәселелерiн енгiзсiн;
Компания акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн оларды сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi агроөнеркәсiп кешенiнде қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға Компания акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басым түрде сатуды жүзеге асырсын.
3. 1996 жылғы өнiмнен бастап мақта-талшығын сату Қазақстан
Республикасының тауар биржалары арқылы жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 12 мамырдағы 1996 жылғы N 579 қаулысына 1-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жататын акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI "Мақташы" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Алуан" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Ынтымақ" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Шымкент-Мақта" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Ақ алтын" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Яссы" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Үмiт" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 12 мамырдағы 1996 жылғы N 579 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттiң қатысуымен "Мақта" аумақтық акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 ақпандағы N 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 12, 106-бап).
1. "Мақта" аумақтық акционерлiк компаниясының президентi және Байқаушы кеңесiнiң төрағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 ақпандағы N 201 қаулысы.
3. "Мақта-шикiзатын өндiрудi тұрақтандыру және республиканың тоқыма өнеркәсiп орындарын мақта-шикiзатымен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 тамыздағы N 1156 қаулысының 2-тармағының бiрiншi абзацы, 3-тармағының бiрiншi абзацы, 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 348-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 тамыздағы N 1156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 қыркүйектегi N 1238 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 369-бап).