Кеден Одағының құрылуына байланысты және кеден Одағын құру жағдайындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң арасындағы экспорт-импорт операцияларын статистикалық байқау үйлесiмдiлiгi жөнiндегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Статистика комитетiнiң ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Кеден Одағы елдерiнiң арасындағы сыртқы сауда операцияларын статистикалық байқау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Кеден Одағының құрылуы аяқталған сәттен бастап сыртқы сауда жөнiнде 1, 2-қосымшаларға сәйкес статистикалық есептiлiк нысаны мен Кеден Одағы елдерi аумағынан шығатын және осы аумақтар шегiнде араласатын тауарларға қатысты кеден процедураларын алып тастау енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөнiндегi статистикалық есептiлiктiң аталған нысандарына сәйкес статистикалық көрсеткiштердi жинау және өңдеудi 1996 жылға көзделген қаражат шегiнде ұйымдастырсын.
3. Сыртқы сауда операциясын жүзеге асырушы заңды тұлғалар Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөнiндегi статистикалық есептiлiктiң аталған нысандарының енгiзiлген сәтiнен бастап Кеден Одағы елдерi аумағынан шығатын және осы аумақтар шегiнде араласатын тауарларға қатысты ақпаратты статистика органдарына дер кезiнде ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Заңды тұлғалар Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөнiндегi статистикалық есептiлiктi белгiленген заң тәртiбiмен дер кезiнде және сапалы ұсынуға жауапкершiлiкте болады.
4. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөнiндегi статистикалық есептiлiк мәлiметтерiн жинау және өңдеудi қаржыландыруды көздесiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 5 маусымдағы
N 694 қаулысына
1-қосымша
Тауарларды Кеден Одағы елдерiне әкету туралы есеп
___________________________________________________________________
Жөнелтушi N | Әкету | Кезең
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Сыртқы сауда операцияларына N |Тағайындалған| Тағайындалған
делдалдық жөнiндегi агенттiк | ел | ел коды
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Тасымалдау түрi | Берiп тұру | Мәмiле
| жағдайы | сипаты
___________________________________________________________________
| Тауар | Тауар коды
___________________________________________________________________
|Жалпы салмағы|Таза салмағы
| (кг) | (кг)
___________________________________________________________________
| Қосымша өлшем бiрлiгi
___________________________________________________________________
| Статистикалық құны
___________________________________________________________________
| Ұлттық | АҚШ
| валюта бiр. | доллары
___________________________________________________________________
Ескерту. Толтырылған бланк ай сайын есептiлiк кезеңiнен кейiнгi 5-шi жұмыс күнi статистика органдарына жiберiледi.
Бланктiң толтырылған орны мен күнi
Басшының қолы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 5 маусымдағы
N 694 қаулысына
2-қосымша
Тауарларды Кеден Одағы елдерiне әкелу туралы есеп
___________________________________________________________________
Алушы N | Әкелу | Кезең
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Сыртқы сауда операцияларына N | Жiберетiн | Жiберетiн
делдалдық жөнiндегi агенттiк | ел | ел коды
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Тасымалдау түрi | Берiп тұру | Мәмiле
| жағдайы | сипаты
___________________________________________________________________
| Тауар | Тауар коды
___________________________________________________________________
|Жалпы салмағы |Таза салмағы
| (кг) | (кг)
___________________________________________________________________
| Қосымша өлшем бiрлiгi
__________________________________________________________________
| Статистикалық құны
__________________________________________________________________
| Ұлттық валюта| АҚШ
| бiр. | доллары
__________________________________________________________________
Ескерту: Толтырылған бланк ай сайын есептiлiк кезеңiнен кейiнгi 5-шi жұмыс күнi статистика органдарына жiберiледi.
Бланктiң толтырылған орны мен күнi
Басшының қолы