1. Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағының аумағында еркiн кеден аймағы құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 71-бабында қарастырылған Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағы аумағына әкелiнетiн шетелдiк тауарларға қатысты қоса берiлiп отырған тiзбедегi тауарлардан басқасына еркiн кеден аймағының тәртiбi орнатылсын.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Ақмола және Көкшетау облыстарының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен және Ұлттық Банкiмен келiсiп, Ақмола қаласы мен оның ықпал аумағындағы еркiн кеден аймағы туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне бiр ай мерзiмде ұсынсын.
4. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссия Ақмола қаласы мен оның ықпал аумағында еркiн кеден аймағы аумағының шекарасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне үш ай мерзiмде дайындап, ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Ақмола қаласы оның ықпал аймағы аумағында Еркiн кеден аймағының кеден басқармасын кеден органдарының жалпы штат саны шегiнде құрсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ақмола облысының әкiмiмен бiрлесiп, Еркiн кеден аймағының кеден басқармасына Ақмола қаласына қажеттi қызмет үй-жайын бөлу туралы мәселенi шешсiн.
7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Кеден комитетiмен бiрлесiп, Ақмола облысы мен оның ықпал аймағының аумақтық шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өтуiне бақылау ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы 708 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Ақмола қаласымен оның ықпал аймағының еркiн кеден
аймағында кеден баж салықтары салынуы тиiс тауарлардың ТIЗБЕСI 1. Этил спиртi 2. Арақ 3. Ликер-арақ бұйымдары 4. Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар 5. Шараптар 6. Коньяктар 7. Шампан шараптары 8. Сыра 9. Шарап материалдары 10. Темекi бұйымдары 11. Темекiсi бар өзге де бұйымдар 12. Оқ ату және газ қаруы