Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 34 p940034_ қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 16-бап/ мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1996 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы мен жәрдемақыны жеткiзу мен төлеу бойынша көрсетiлетiн қызметтiң бiрыңғай тарифi төленген зейнетақы мен жәрдемақының жалпы сомасының 1,8 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттiк
почта байланысы кәсiпорнымен және Қазақстан Республикасының
Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп зейнетақы мен
жәрдемақыны жеткiзу және төлеу бойынша көрсетiлетiн қызмет төлемiнiң
мөлшерiн реттеп отыру құқығы берiлсiн".
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары