Азаматтық авиация академиясы жанынан әскери факультет құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 маусымдағы N 717

      Қазақстан Республикасының Әскери Әуе Күштерi үшiн жоғары бiлiктi әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Азаматтық авиация академиясы жанынан кадр офицерлерiн - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери Әуе Күштерi үшiн "Командалық-тактикалық байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету" мамандықтары бойынша радио-электроника жөнiндегi инженерлердi және Азаматтық авиация академиясында мамандықтар тiзбесi бойынша дайындықтан өтетiн запас офицерлерiн даярлау жөнiндегi әскери факультет құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасы "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының, Бiлiм министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша:
      әскери факультеттiң ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлесiн;
      командалық-оқытушылық құрамының, қамтамасыз ету бөлiмшелерiнiң штатын Қазақстан Республикасының Әскери Әуе Күштерi есебiнен жинақталсын;
      алынатын әскери мамандықты ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын, әскери факультетке қабылдау шарттарын оқу жоспарлары мен оқу-материалдық база бағдарламаларына сәйкес әзiрлеп, бекiтсiн.
      3. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы факультеттi орналастыруды қазiргi бар оқу-материалдық және техникалық базасында қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери факультеттi қаржыландыруды 1996 жылға арналған республикалық бюджеттен қорғанысқа бөлiнген шығыстарды көбейту есебiнен жүзеге асырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Об образовании военного факультета при Академии Гражданской авиации

П о с т а н о в л е н и е Правительства Республики Казахстан от 6 июня 1996 г. N 717

      В целях подготовки высококвалифицированных военных специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать при Академии Гражданской авиации военный факультет по подготовке офицеров кадра - инженеров по радиоэлектронике для Военно-Воздушных Сил Министерства обороны Республики Казахстан по специальности "Командно-тактическая связь и радиотехническое обеспечение" и офицеров запаса по перечню специальностей, готовящихся в Академии Гражданской авиации.
      Министру обороны Республики Казахстан по согласованию с Национальной акционерной авиационной компанией "Казахстан ауе жолы", Министерством образования, Министерством финансов, Министерством экономики Республики Казахстан:
      разработать организационно-штатную структуру военного факультета;
      укомплектовать штаты командно-преподавательского состава, подразделений обеспечения за счет Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан;
      разработать и утвердить учебные планы, программы с учетом получаемой военной специальности, условия приема на военный факультет, подготовить в соответствии с требованиями учебных планов и программ учебно-материальную базу.
      3. Национальной акционерной авиационной компании "Казахстан ауе жолы" обеспечить размещение факультета на существующей учебно-материальной и технической базе.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан производить финансирование военного факультета при Академии Гражданской авиации из республиканского бюджета на 1996 год за счет увеличения расходов на оборону.

            Премьер-Министр
          Республики Казахстан