Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң жеткiлiксiз қаржыландырылуы, олардың төлемдер жасамауы және пайда болған берешектерiн, оларды соңғыларының бюджетке төленетiн төлемдер жөнiндегi берешектерiн өтеуi есебiне есептеу арқылы өтеудiң Тәртiбi
бекiтiлсiн.
Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде
тұратын мекемелердiң ұйымдарға (берушiлерге) пайда болған берешектерiн,
оларды соңғыларының бюджетке төленетiн төлемдер жөнiндегi берешектерiн
өтеуi есебiне есептеу арқылы өтеудiң Тәртiбi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 7 маусымдағы
N 719 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын
мекемелердiң ұйымдарға (берушiлерге) пайда болған
берешектерiн, оларды соңғыларының бюджетке төленетiн
төлемдер жөнiндегi берешектерiн өтеуi есебiне есептеу
арқылы өтеудiң
ТӘРТIБI
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджеттiк мекемелердiң ұйымдар (берушiлер) алдындағы берешектерiн кредиттер ашуда шығындар кестесiн пайдалану және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру кезеңiнде оларды қазынашылық жолымен өтеудi жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi, салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi төлемдердi төлеу жөнiндегi ұйымдарға (берушiлерге) берешектердi өтеудiң бюджетке салықтар мен төлемдердi төлеу жөнiндегi есебiн жүргiзудiң процедурасын айқындайды.
Осы Тәртiп бюджетпен өзара қатынасты реттейдi және ерекше жағдайларда қолданылады.
II. Бюджеттiк мекемелердiң оларға көрсетiлген
коммуналдық қызметтер (жылыту, ыстық сумен жабдықтау,
электр қуаты) жөнiндегi берешектерiне жалпымемлекеттiк
салықтарды бюджетке төлеу жөнiндегi ұйымдардың (берушiлердiң)
берешектерiн өтеу есебiне бюджеттiк мекемелердi
қазынашылық рұқсаттарымен республикалық бюджеттен
қаржыландыру кезiнде есептеме жүргiзу
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы қазынашылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 239 бұйрығымен бекiтiлген Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша легiн болжамдау жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес министрлiктер мен ведомстволарға "Барлығы" деген жолдардан кейiн "Бұдан басқа есептеме бойынша" жеген жаңа жолдарды бөлiп көрсету арқылы қабылданған қаржы мiндеттемелерi бойынша шығындардың лимитiн белгiлейтiн қазынашылық рұқсаттарын бередi.
Министрлiк (ведомство) әрбiр бюджеттiк мекеменi министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатын беру жолымен, сондай-ақ "барлығы" деген жолдан кейiн "Бұдан басқа есептеме бойынша" деген жаңа жолды бөлiп көрсету арқылы оған бөлiнген лимит туралы хабардар етедi.
Осымен бiр мезгiлдес министрлiктер мен ведомстволар лимиттердiң бөлiнуiн бақылау нәтижесiнде "есептесу тәртiбiмен" деген белгi жасайды.
3. Егер есептеме қандай да болмасын себептер бойынша, мысалы, ұйымның (берушiнiң) берешегi болмауына байланысты жүргiзiлмесе, онда министрлiктердiң (ведомстволардың) бастамашылығы бойынша қазынашылық рұқсаттары мен министрлiктердiң (ведомстволардың) рұқсаттары қайта қаралады және есептеудi жүргiзу кезiнде пайдаланылған сома "Бұдан баса есептеме бойынша" деген жолда қалатын, ал есептеуде пайдаланылмай қалған сома лимиттердi әдеттегi тәртiппен есептеу үшiн аталмыш құжаттың тиiстi жолына көшiрiлген өзгертiлгендерi берiледi.
4. Бiрқатар бюджеттiк мекемелердiң алған жылу, ыстық су және электр қуаты үшiн осы кәсiпорынға дебиторлық берешек болуына байланысты бюджетке жалпымемлекеттiк салықтарды төлеу жөнiнде кредиторлық берешегi бар ұйым (берушi) облыстық қазынашылық басқармасына есептелген айыппұлдар мен өсiмдердi бөлiп көрсету арқылы салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектер туралы анықтаманы және республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын борышкерлердiң тiзiмiн ұсынады. Ұйымдар (берушiлер) ұйымдар (берушiлер) мен бюджеттiк мекемелер арасындағы есеп айырысуларды салыстырудың актiлерiн борышкерлердiң тiзiмiмен қоса бередi.
5. Облыстық қазынашылық басқармасы облыстық қаржы басқармасымен бiрлесiп ұсынылған құжаттардың негiзiнде және министрлiктердiң (ведомстволардың) рұқсаттарында көзделген есептеме сомасының лимиттерi шегiнде өзара есептеме туралы (1-қосымша) екi данада келiсiм жасайды.
Қарыздарды өзара есептеу туралы келiсiмде (1 қосымша) 1-бөлiмнiң 1-ден 4-ке дейiнгi бағандары салық инспекциясының анықтамасы негiзiнде, 1-бөлiмнiң 5-тен 8-ге дейiнгi бағандары - бюджет туралы бекiтiлген заңға сәйкес жалпымемлекеттiк салықтардан облыстың бюджетiне белгiленген нормативтiң негiзiнде, ал 2-бөлiмнiң 1, 4, 6 және 10-бағандары - аталмыш ұйымға (берушiге) берешегi бар бюджеттiк мекемелердiң тiзiмi мен есеп айырысуларды салыстыру актiлерiнiң негiзiнде толтырылады. 1-бөлiмнiң 4-бағанының жиынтығы 2-бөлiмнiң 4 және 10-бағандарының жиынтық сомасына теңесуi қажет. 1-бөлiмнiң 6 және 8-бағандарының жиынтықтары тиiсiнше 2-бөлiмнiң 4 және 10-бағандарының жиынтығына тең болуы керек.
1-бөлiмнiң 9-дан 12-дейiнгi бағандары жалпымемлекеттiк салықтардан ауданның бюджетiне бөлудiң облыстық маслихат бекiткен нормативтерi негiзiнде толтырылады. 1-бөлiмнiң 10 және 12-бағандары жиынтығының сомасы 1-бөлiмнiң 8-бағанының жиынтығына, сондай-ақ 2-бөлiмнiң 10-бағанының жиынтығына тең болуы қажет.
6. Облыстық қазынашылық басқармасы берешектерi өзара есептеу туралы келiсiмнiң негiзiнде екi данасын бiр мезгiлде берешектердi өзара есептеу туралы жазылған есептемелiк тапсырмалардың нөмiрi мен күнi туралы келiсiмге белгi жасап салықтар бойынша бюджетке берешектердi өтеу үшiн тиiстi салық инспекциясына жолдайтын үш дана есептемелiк тапсырма (2-қосымша) жазады.
Салық инспекциясы берешек өтелгеннен кейiн есептемелiк тапсырмаға белгi жасайды және бiр данасын есеп жүргiзуде көрсету үшiн ұйымға (берушiге) бередi.
Осымен бiр мезгiлде облыстық қазынашылық басқармасы мен облыстық қаржы басқармасының тарапынан ұйымның (берушiнiң) жазылған және кредит берушiге қарызды өтеу үшiн жасалған есептеу сомасы көрсетiлген 280-нысан бойынша хабарлама ресiмделедi және ол тиiстi бюджеттiк мекемеге берiледi.
7. Жасалған есептеменiң нәтижесiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерiн облыс пен ауданның (қаланың) бюджеттерi арасында болу кезiнде жүргiзiлген есептеудiң нәтижесiнде бiр бюджеттiң басқасының алдында берешегi пайда болуы мүмкiн. Облыстық қаржы басқармасы ақша қаражатын тиiстi төменгi бюджетке аудару жолымен бюджеттер арасындағы айырманы өтеу туралы шешiм қабылдай алады.
III. Жалпымемлекеттiк салықтар және республикалық
бюджетке төленетiн басқа да төлемдер бойынша
берешектерге бюджеттiк мекемелердiң берешегiн өтеу
есебiне кредиттер ашу жолымен оларды республикалық
бюджеттен қаржыландыру кезеңiнде есептеме жүргiзу
8. Жалпымемлекеттiк салықтар бойынша есептеме республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын, әрбiр бюджет кiрiстерiнiң үлесiне тиесiлi сомалардың шегiнде ұйымның (берушiнiң) алдында кредиторлық берешектерi бар бюджеттiк мекемелердiң оған бiр мезгiлде мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi.
Тек республикалық бюджетке ғана төленетiн кiрiстер мен басқа да төлемдер бойынша (жалпымемлекеттiк төлемдерден басқа) берешектердi есептеу кезiнде республикалық бюджетте тұратын және ұйымның (берушiнiң) алдында кредиторлық берешегi бас бюджеттiк мекемелер ғана қатысады.
Есептеу бюджеттiк мекемелердiң шығындар сметасының және ұйымның (берушiнiң) бюджетке төлемдерi бойынша қарыздарының тиiстi бабына (өзгешелiгiне) сәйкес бюджетке көзделген сомалардың шегiнде жүргiзiледi.
9. Ұйым (берушi) облыстық қазынашылық басқармасына көрсетiлген қызметтер мен орындалған жұмыстар бойынша берешектер сомасы туралы бюджеттiк мекемелер мен салыстырмалардың екi дана актiсi қоса берiлген салықтар және бюджетке басқа да төлемдер жөнiндегi берешектердi өтеу туралы өтiнiшпен және хат есептелген айыппұлдар мен өсiм төлемдердi бөлiп көрсету арқылы салықтар инспекциясының анықтамасын жолдайды.
10. Жалпымемлекеттiк салықтарды есептеу кезiнде облыстық қазынашылық басқармасы облыстық қаржы басқармасымен бiрлесiп "жоба" деген белгi қою, республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын бюджеттiк мекемелердi кiргiзу арқылы берешектердi өзара есептеу туралы (1 қосымша) келiсiм жасайды.
Осымен бiр мезгiлде облыстық қазынашылық басқармасы салыстыру актiлерiнде ұйым (берушi) мен республикалық бюджеттiк мекеменiң арасындағы есеп айырысуларды, берешектердi өзара есептеу туралы келiсiмнiң жобасына енгiзiлген салықтар түрлерiнiң кесiндiсiндегi республикалық бюджеттiң кiрiстерiнiң үлесiне тең соманы белгiлейдi, актiге қазынашылық басшысында қол қояды, мөрмен бекiтедi және актiнiң бiр данасын ресми хатпен бiрге тиiстi министрлiкке (ведомствоға) жiбередi.
11. Министрлiк (ведомство) есептеуге қатысушы әрбiр бюджеттiк мекеменiң сметасы бойынша қолда бар қаражаттардың шегiнде берешектерге өзара есептеу жүргiзудiң мүмкiндiгiн қарастыра келiп, нысан бойынша (3 қосымша) бес дана келiсiм және әрбiр ұйым (берушi) бойынша үш дана есептеулiк тапсырма (2 қосымша) ресiмдейдi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде салалық басқармамен және Бас салық инспекциясымен келiседi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылыққа жолдайды.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық аталған министрлiк (ведомство) бойынша қолда бар қаражатты тексередi, тiркейдi, келiсiмге (3 қосымша) қол қояды, бiр данасын аталмыш министрлiктi (ведомствоны) қаржыландыру жөнiндегi операцияларды көрсету үшiн өзiнде қалдырады, ал төрт данасын оларды тиiстi ұйымдарға беру үшiн министрлiкке (ведомствоға) қайтарады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық есептеулiк тапсырманың (2-қосымша) бiрiншi данасын берешектердiң өзара есептелуiн одан әрi ресiмдеу үшiн облыстық қазынашылық басқармасына жiбередi, екiншi данасын кiрiстердiң келiп түсуiн және қаржыландыру есебiн шығындар жөнiндегi операцияларды көрсету үшiн өзiнде қалдырады, үшiншiсiн ведомстволық бағыныстағы мекемелердi қаржыландыру жөнiндегi операцияларды көрсету үшiн министрлiкке (ведомствоға) қайтарады.
13. Облыстық қазынашылық басқармасы алынған есептеулiк тапсырманы берешектердiң өзара есебi туралы келiсiмнiң жобасымен салыстырады және егер айырмашылық болмаса, жалпымемлекеттiк салықтар бойынша (мөлшер бойынша) бюджетке төлемнiң барлық сомасына төрт дана етiп өзiнiң есептеулiк тапсырмасын толтырады және бiрiншi данасын берешектi өтеу үшiн салық инспекциясына, екiншi данасын - есепте көрсету үшiн ұйымға (берушiге), жергiлiктi бюджетте тұратын және есептеуге қатысатын бюджеттiк мекемемен салыстыру актiсiнiң даналарымен қоса берiлген үшiншi данасын - облыстық қаржы басқармасына бередi және төртiншi данасын қызмет көрсетiлетiн мекемелердi қаржыландыру есебiнде көрсету үшiн өзiнде қалдырады.
Егер алынған есептеулiк тапсырма есептелетiн сома мен республикалық бюджетте тұратын және есептеуге қатысатын бюджеттiк мекемелер санының кемуiне байланысты келiсiмнiң жобасында көрсетiлген сомаға сәйкес келмесе, онда облыстық қазынашылық басқармасы облыстық қаржы басқармасымен бiрлесiп бюджетке төлемдер бойынша берешектер есептемесiнiң кемiтiлген сомасына берешектердiң өзара есептемесi туралы (1 қосымша) екi дана етiп жаңа келiсiм жасайды. Бұл жағдайда жергiлiктi бюджетте тұратын бюджеттiк мекемелер бойынша есептеу сомасы жергiлiктi бюджетке тиесiлi кiрiстердiң тиiстi үлесiне кемидi.
14. Облыстық қазынашылық басқармасы берешектердiң өзара есептемесi туралы жаңа келiсiмнiң негiзiнде төрт дана есептеу тапсырмасын (2 қосымша) жасайды және бiрiншi данасын салықтар мен бюджетке төлемдер бойынша берешектi өтеу үшiн тиiстi салық инспекциясына, екiншi данасын - есептеуде көрсету үшiн ұйымға (берушiге) және үшiншi данасын - есеп жүргiзу үшiн облыстық қаржы басқармасына бередi, ал төртiншi данасын бақылап отыру үшiн өзiнде қалдырады.
15. Министрлiк (ведомство) және облыстық қаржы басқармасы берешектердiң өзара есептемесi туралы келiсiмдердiң негiзiнде ұйымның (берушiнiң) атауы және жүргiзiлген есептеме сомасы көрсетiлген 280-нысан бойынша хабарлама жазады және қаржыландыру есебiнде көрсетiп және кредиторлық қарызды өтеу үшiн тиiстi бюджеттiк мекемеге бередi.
IV. Бюджеттiк мекемелерге көрсетiлген қызметтер
бойынша олардың берешектерiне тек жергiлiктi бюджетке
ғана тиесiлi салықтар мен төлемдердi төлеу жөнiндегi
ұйымдардың (берушiлердiң) берешектерiн өтеу
есебiне есептеме жүргiзу
16. Жергiлiктi бюджетке төлемдер бойынша есептеме облыс әкiмiнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi, оған жергiлiктi бюджетте тұратын бюджеттiк мекемелер қатысады.
Есептеменiң сомасы жергiлiктi бюджеттiң тиiстi бюджеттiк мекемелер алдындағы берешегiне қарай, ұйымдардың (берушiлердiң) жергiлiктi бюджетке салықтар мен төлемер бойынша нақты берешегi мен бюджеттiк мекемелердiң ұйымға (берушiге) алынған тауарлар, атқарылған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн берешегiнiң шегiнде айқындалады.
17. Жергiлiктi бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша борышты болып табылатын ұйым (жеткiзiп берушi) бюджеттiк мекемелердiң аталмыш ұйымға қарызы болуына байланысты облыстық қаржы басқармасына айыппұлдар мен өсiмдердi бөлiп көрсету арқылы салықтар мен бюджетке төлемдер бойынша берешек туралы салық инспекциясының анықтамасын және ұйым (берушi) мен бюджеттiк мекеме арасындағы есеп айырысуларды салыстыру актiлерi қоса берiлген борышкерлердiң - бюджеттiк мекемелердiң тiзiмiн ұсынады.
18. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған құжаттардың негiзiнде аудандық (қалалық) қаржы бөлiмiмен бiрлесiп берешектердi өзара есептеу туралы (1-қосымша) үш данада келiсiм толтырады.
Келiсiмнiң бiрiншi данасы облыстық қаржы басқармасында қалады, екiншi данасы аудандық (қалалық) қаржы бөлiмiне берiледi және үшiншi данасы бақылап отыру үшiн облыстық қазынашылыққа жолданады.
Берешектердi өзара есептеу туралы келiсiмде (1-қосымша) 1-бөлiмнiң 1-ден 4-ке дейiнгi және 9-дан 12-ге дейiнгi бағандары мен 2-бөлiмнiң 6-дан 11-дейiнгi бағандары, 1-бөлiмнiң 4-бағанының жиынтығы, 1-бөлiмнiң 10 және 12-бағандарының жиынтық сомасына, сондай-ақ 2-бөлiмнiң 10-бағанының жиынтығына тең болатындай етiп толтырылады.
19. Облыстық қаржы басқармасы берешектердi өзара есептесу туралы ресiмделген келiсiмнiң негiзiнде тиiстi салық инспекциясына жiберетiн есептемелiк тапсырма (2-қосымша) жазады және бұдан әрi осы Тәртiптiң 6-тармағында сипатталғандай, есеп жүргiзудi одан әрi көрсетуге арналған құжаттарды рәсiмдеудiң тәртiбi жалғасады.
V. Бухгалтерлiк есеп
20. Салық инспекциясын есептеу тапсырмасын алу кезiнде салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық төлеушiнiң жиегiнде "есептеу тәртiбiмен" деген белгiсi бар жеке шотының тиiстi кәртiшкесiндегi аталмыш ұйым бойынша қарызды өтейдi.
21. Лимиттердiң есептеме бойынша сомадағы министрлiктiң (ведомствоның) бюджетi қаражаттарының есебiмен қаржыландыру ретiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылықтан алынған қазынашылық рұқсаттың негiзiнде, ал бюджеттiк мекемелер олар министрлiктерден (ведомстволардан) алған тиiстi рұқсаттардың негiзiнде көрсетiледi. Бұл ретте аталмыш операциялар жаңадан енгiзiлген 094 "Берешектердi өзара есептесу туралы келiсiмдердiң республикалық бюджет бойынша ағымдағы шоты" қосымша шотының дебетi және жаңадан енгiзiлген 235 "Мекемелердiң шығындары мен өзара есептесу жөнiндегi басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру", 145 "Мекемелердiң шығындары мен өзара есептесу жөнiндегi басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептесу" қосымша шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Жоғары тұрған кредиттердi бөлушi төменгi тұрған кредиттердi бөлушiлерге министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатын берген кезде оларға тиiсiнше 145-қосымша шоты дебеттеледi және 094-қосымша шоты кредиттеледi, ал төменгi тұрған кредиттердi бөлушiлерге 094-қосымша шоты дебеттеледi және 145-қосымша шоты кредиттеледi.
280-нысанда алынған хабарламаның сомасын бюджеттiк мекемелер бухгалтерлiк есепте кассалық шығыстар ретiнде 178 "Өзге де дебиторлармен және кредит берушiлермен есеп ауырысулар" қосымша шотының дебетi және 094-қосымша шотының кредитi бойынша көрсетедi.
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелер бойынша операциялардың корреспонденциясы жоғарыда сипатталғандармен бiрдей. Бұл ретте 094-қосымша шотының орнына жаңадан енгiзiлген 104 "Берешектердi өзара есептеу жөнiндегi келiсiмдердiң жергiлiктi бюджет бойынша ағымдағы шоты" қосымша шоты қолданылады.
22. Берешектердiң өзара есептемесi туралы келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық пен қаржы органдары бюджетке төлем бойынша есептемеге қабылданған сомаларды бухгалтерлiк есепте 012 "Берешектердi өзара есептесу туралы келiсiмдер жөнiндегi бюджет қаражаттары" қосымша шотының дебетi және 045 "Өзара есептесу жөнiндегi бюджет кiрiстерi" қосымша шотының кредитi бойынша банктен тыс iшкi жазбалар ретiнде бюджеттiк жiктемеге сәйкес кiрiстер түрлерi бойынша көрсетедi, ал бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қарыздарын өтеу бойынша есептемеге қабылданған сомаларды бас берешектерiн бөлушiнiң бюджетi қаражаттарының есебiнен қаржыландыру ретiнде ескередi және олар жүргiзген мақсаттық тұрғыдағы кассалық шығыстарды 025 "Өзара есептесу жөнiндегi бюджет шығындары" қосымша шотының дебетi бойынша, бюджеттiк жiктеудiң бөлімшелерi мен 012 қосымша шотының кредитi бойынша көрсетедi.
23. Алынған есептемелiк тапсырмада көрсетiлген, бюджетке төлемдi есептеу сомасы бухгалтерлiк есепте ұйым (берушi) тарапынан 68 "Бюджетпен есеп айырысу" шотының бюджетке жарналардың есептеу жүргiзiлетiн салық түрлерiнiң қосымша шотына сәйкес келетiн дебетi бойынша 62 "Сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу" немесе 76 "Әртүрлi дебиторлармен және кредит берушiлермен есеп айырысу" шоттарымен корреспонденцияда көрсетiледi.
VI. Есептiлiк
24. Есептелген қаражаттардың бухгалтерлiк есептемелер дұрыс көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн есептеуге қатысушылардың барлығының арасында өздерiнiң есептiк деректерiне салыстыру жүргiзу қажет.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылық басқармасы 1995 жылғы 22 маусымда N К-11-2-1 бекiткен Аумақтық қазынашылықтардағы бухгалтерлiк есеп және есептiлiк жөнiндегi әдiстемелiк нұсқамаларға сәйкес (уақытша, 1-кезең) облыстық қазынашылық басқармалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылыққа ұсынатын республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуы жөнiндегi есебiнде 8-қосымшаға өзгертулер енгiзiледi: "атқарылды", "кредиттер ашылды" және "кассалық шығындар" бағандары "Ұлттық банктiң мәлiметтерi бойынша" және "есептеу тәртiбiмен" болып екi бөлiкке бөлiнедi.
26. Мекемелердiң шығындар сметасының атқарылуы және бюджеттiк қаражаттарды пайдалану туралы есептiлiкте бюджеттiк мекемелер мен ұйымдар үшiн есептеу сомасын олардың мақсаттық пайдаланылуы бойынша көрсетудiң мынадай тәртiбi белгiленедi.
"Шығындар сметасының атқарылуы балансы" аталатын 1-нысанда (коды 0503001) 960 "Бiр жолғы есептеме" жолы бойынша бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтамада есептелген бюджеттiк қаржылар сомасы көрсетiледi.
Мекемелер мен ұйымдар "есептеме" деген белгiмен тиiстi бап бойынша тек кассалық шығыс қана көрсетiлетiн, ал 4, 5, 7-бағандар толтырылмайтын қосымша 2-нысан (коды 0503008) "Мекемелердiң шығындар сметасының атқарылуы туралы есеп" және 2-2 нысан (коды 0503308) "100 "Халық шаруашылығы" бөлiмi бойынша шығындар сметасының атқарылуы туралы есеп" жасайды.
"Шығыстар сметасының атқарылуы туралы айлық есеп" деп аталатын 1 мм нысанында 1 және 2-бағандар Ұлттық Банктiң деректерi бойынша қаражат пен кассалық шығыстар көрсетiлетiн "Ұлттық Банк арқылы" және өзара есептеменiң мәлiметтерi көрсетiлетiн "есептесу тәртiбiмен" болып екi бөлiкке бөлiнедi.
27. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылғы 18
қыркүйекте N 239 бекiткен Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша
легiн болжамдау жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес ұсынылатын жедел
мәлiметтерге министрлiктер, ведомстволар және бюджеттiк мекемелер
жүргiзiлген есептеме сомасын 6 және 7-нысандардағы "Қабылданған
мiндеттемелер" атты 3-бағанда бөлу белгiсi арқылы көрсетедi.
28. Салық инспекциялары жүргiзiлген есептеме сомасын N 1-11
нысанындағы есепте бөлу белгiсi арқылы салық төлемдерiнiң келiп түсуi
ретiнде көрсетедi.
N 1 қосымша
199__ жылғы берешектердiң өзара есептемесi туралы
N __________ келiсiм
___________________ қазынашылық басқармасы _______________________
(атауы)
қаржы басқармасы (бөлiм) салықтар мен төлемдердiң мына түрлерi бойынша
_________________________________ бюджетiне төлемдер бойынша берешектi
(берушi кәсiпорынның атауы)
өтеу жөнiнде келiсiмге келдi:
1-бөлiм. Кiрiстер
___________________________________________________________________
Р/с|Төлем|Бюджеттiк| Сомасы | Бөлу |
N |түрi | жiктеу |(контин.|______________________________________|
| | кодтары | гентi) | республикалық | жергiлiктi |
| | | |________________|_____________________|
| | | | % | сомасы | % | сомасы |
___|_____|_________|________|_______|________|__________|__________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
___|_____|_________|________|_______|________|__________|__________|
___|_____|_________|________|_______|________|__________|__________|
___|_____|_________|________|_______|________|__________|__________|
___|_____|_________|________|_______|________|__________|__________|
___|_____|_________|________|_______|________|__________|__________|
|Жиыны| х |________|_______|________|__________|__________|
(мың теңге)
_________________________________________________
Жергiлiктi бюджеттi бөлу
_________________________________________________
аудандық (қалалық) | облыстық
____________________|____________________________
% | сомасы | % | сомасы
_________|__________|____________|_______________
9 | 10 | 11 | 12
_________|__________|____________|_______________
_________|__________|____________|_______________
_________|__________|____________|_______________
_________|__________|____________|_______________
_________|__________|____________|_______________
_________|__________|____________|_______________
2-бөлiм. Шығыстар
төмендегi бюджеттiк мекемелердi қаржыландыру есебiне:
___________________________________________________________________
Республикалық бюджет |
___________________________________________________________________|
Бюджеттiк | Функциональдық | Қаржыландыру есебiне | Есептемелiк |
мекеменiң | жiктеу коды |________________________| тапсырманың |
атауы | |тоқсан| есептеме сомасы | N және күнi |
___________|________________|______|_________________|_____________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
___________|________________|______|_________________|_____________|
___________|________________|______|_________________|_____________|
___________|________________|______|_________________|_____________|
___________|________________|______|_________________|_____________|
Жиыны | х | х | | х |
___________|________________|______|_________________|_____________|
___________________________________________________________________
Жергiлiктi бюджет
___________________________________________________________________
Бюджеттiк| Қаржы |Функциональ.| Қаржыландыру есебiне |Есептеменiң |
мекеменiң|органы.|дық жiктеу |_______________________|N мен уақыты|
атауы | ның | коды |тоқсан| есептеме сомасы| |
| атауы | | | | |
_________|_______|____________|______|________________|____________|
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
_________|_______|____________|______|________________|____________|
_________|_______|____________|______|________________|____________|
_________|_______|____________|______|________________|____________|
_________|_______|____________|______|________________|____________|
_________|_______|____________|______|________________|____________|
_________|_______|____________|______|________________|____________|
Жиыны | х | х | х | | x |
_________|_______|____________|______|________________|____________|
Облыстық қазынашылықтың басшысы _________________________
Мөрлер Обл. қаржы басқармасының (бөлiмiнiң) басшысы ____________
N 2 қосымша
____________________________________________________________________
(осы тапсырманы бекiтетiн облыстық қазынашылық басқармасының атауы)
199 ж. "___"_____________ N _____________ есептiк тапсырма
199 ж. "___"_____________ N _____________ келiсiмге
1. Осы құжат арқылы __________________________________________
(салық төлейтiн кәсiпорынның
___________________________________________________________________
(төлеушiнiң) атауы мен мекен-жайы)
төмендегi салықтар және төлемдердiң мынадай түрлерi бойынша бюджетке
берешектерi өтеледi:
___________________________________________________________________
Салықтар мен төлемдердiң | Бюджеттiк | Сомасы
атауы | жiктеудiң коды | (мың теңге)
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
Жиыны | х |______________________
__________________________|_________________|______________________
___________________________________________________________________
(сомасы сөзбен, мың теңге)
бюджеттен мына мекемелерге бөлiнетiн 1996 жылғы - тоқсандағы
қаражаттардың есебiнен
___________________________________________________________________
Мекеменiң атауы | Бюджеттiң түрi | Бюджеттiк жiктеудiң | Сомасы
| | коды |(мың теңге)
_________________|_________________|_____________________|_________
_________________|_________________|_____________________|_________
_________________|_________________|_____________________|_________
_________________|_________________|_____________________|_________
Жиыны | х | х |_________
_________________|_________________|_____________________|_________
оның iшiнде: республикалық бюджет үшiн ____________________________
жергiлiктi бюджет үшiн _______________________________
2. Осы есептемелiк тапсырма __________________________________
_____________________________________________ бюджетке төлемдерiнiң
(салық төлеушi кәсiпорынның атауы)
төлем тапсырмасын алмастырады және ашылған кредиттер, кассалық
шығыстар есебi бойынша бухгалтерлiк операциялар жүргiзуге, сондай-ақ
салықтар бойынша қарыздарын өтеу туралы салық инспекциясындағы жеке
шоттарға жазбалар жүргiзуге негiз болады.
Есептемелiк тапсырма _______________________ дана етiп жасалды.
1-дана _______________________________________________________
2-дана _______________________________________________________
3-дана _______________________________________________________
Қолдары:
Тапсырманы толтырушы
_____________________________ министрлiктiң басшысы
_____________________________ Салық қызметiнiң басшысы
Облыстық қаржы
_____________________________ басқармасының басшысы
Қазынашылықтың
мөрi "БЕКIТЕМIН"
_____________________________ Қазынашылықтың басшысы
3 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
мен _______________________________________________________________
(бас кредиттердi бөлушiнiң атауы)
арасында бюджеттiк борыштар жөнiндегi есептемеге байланысты
операцияларды жүргiзу туралы
КЕЛIСIМ
1. _______________________________ республикалық бюджеттiң үлесiндегi
(бас кредиттердi бөлушiнiң атауы)
төлемдер бойынша ____________________________________________________
(салық төлеушiнiң аты мен мекен-жайы)
салықтардың мынадай түрлерi бойынша (мың теңге):
___________________________________________________________________
Салықтар мен төлемдердiң | Бюджеттiк | Сомасы
атауы | жiктеудiң коды | (мың теңге)
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
__________________________|_________________|______________________
Жиыны | х |______________________
__________________________|_________________|______________________
Жиыны _____________________________________________________________
(сомасы сөзбен)
республикалық бюджеттiң ______________ бөлiмi ______________ тарауы
парасы ____________ бабы ____________ нысаны бойынша 1996 ж. ______
тоқсанында берiлген ақша есебiнен _________________________________
_____________________ мың теңге сомадағы борышын өтеу жөнiнде өзiне
мiндеттеме аады.
2. Осы келiсiм _____________________________________ шығыс кестесiн
(бас кредиттердi бөлушiнiң атауы)
(NN 13, 15 нысандар) және _________________________________________
(салық төлеушiнiң атауы немесе қоса
________________________________ жоғарыда көрсетiлген салықтардың
жiберiлген құжаттарға сәйкес)
республикалық бюджетке аударылғаны туралы төлем тапсырысын
алмастырады және ашылған кредиттердiң, кассалық шығыстардың есебi
бойынша бухгалтерлiк операциялар жүргiзу үшiн, сондай-ақ салық
инспекциясындағы салықтар бойынша борышын өтегенi туралы жазбалар
жүргiзуге негiз болады.
Келiсiм 5 дана етiп жасалды:
1-шiсi Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық үшiн
2-шiсi Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы үшiн
3-шiсi Қаржы министрлiгiнiң салық басқармалары үшiн
4-шiсi бас кредиттердi бөлушi үшiн
5-шiсi салықтарды төлеушi үшiн
NN ______________ есептемелiк тапсырма келiсiммен қоса берiлдi.
Қаржы министрлiгi М.О. Бас кредиттердi бөлушi
__________________________ __________________________
(қол қоюшының қолы, қызметi (қол қоюшының қолы, қызметi
және тегi) және тегi)
М.О. М.О. Салықтарды төлеушi
___________________________
(бiрiншi басшының қолы, тегi
не болмаса салыстыру актiсiне
сәйкес)
___________________________________________________________________
Келiсiм ашық кредиттерге кiргiзу үшiн тексерiлдi.
Қаржы министрлiгiнiң
____________________________________ салық басқармасы бастығы
Келiсiм көрсетiлген салық түрлерi бойынша қарыздардың есептемесi үшiн
тексерiлдi.
Бас салық инспекциясы
___________________ _____________ _____________________________
(қызметi) (қолы) (қолды таратып жазу)
Келiсiм N ________ болып тiркелдi және оны Қаржы министрлiгiнiң
Қазынашылығы _____________ мың теңге сомала орындауға қабылдады.
_________________________ Қазынашылықтың бастығы
_________________________ Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк
басқармасының бастығы