Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес экономикалық жаңғыртулардың жаңа кезеңiн iске асыру мақсатында, шағын және орташа бизнес кәсiпорындарын қолдау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Импорт орнын басуға және экспортқа бағдар алған шағын және орташа бизнес кәсiпорындары арасында тиiмдiлiгi жоғары және тез қайтымды инвестициялық жобаларды iрiктеу жөнiнде конкурс өткiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1996 жылғы 20 маусымға дейiнгi мерзiмде жеткiлiксiз көлемi импортпен толықтырылатын өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласының басым бағыттарының тiзбесiн анықтасын.
3. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
Кредит ресурстарын орналастыру жөнiнде қазақстандық банктердiң арасында конкурс өткiзу туралы ереже;
Конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру және өткiзу туралы, сондай-ақ тез қайтымды инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы ереже.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң келiсiмi бойынша Кредиттiк ресурстарды орналастыру жөнiнде қазақстандық банктер арасында конкурс өткiзу туралы ережеге сәйкес 1996 жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде жобаларды iрiктеу, бизнес-жоспарларға сараптау жүргiзу, кредиттермен қызмет көрсету, сондай-ақ бiрлесiп қаржыландыруға қатысу үшiн екiншi деңгейдегi өкiлеттi қазақстандық банктердi анықтасын.
5. Қосымшаға сәйкес Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомоствоаралық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып белгiленсiн.
6. Импорттың орнын басуға және экспортқа бағдар алған тиiмдiлiгi жоғары және тез қайтымды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналған материалдарды, конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 30 күн iшiнде, заңды тұлғалар өкiлеттi банктерге конкурсқа беретiн болып белгiленсiн.
7. Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия конкурсқа түскен және өкiлеттi банктерден оң қорытынды алған инвестициялық жобаларды iрiктеудi жүзеге асырсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары В.В. Соболевке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 13 маусымдағы
N 733 қаулысымен
бекiтiлген
Конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру және өткiзу, сондай-ақ
тез қайтымды инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
Инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудiң негiзгi мақсаты - Қазақстан экономикасын дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттiк қаржыларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Конкурсты өткiзудiң басты мiндетi - импорттың орнын басуға және экспортқа бағдар алған шағын және орташа бизнес кәсiпорындарының тиiмдiлiгi жоғары және тез қайтымды инвестициялық жобаларын iске асыру болып табылады.
Жобалар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күн iшiнде өкiлеттi банктерге ұсынылады.
Жеке жоба бойынша үкiметтiк кредит мөлшерi 1.0 млн. АҚШ долларына баламды сомадан, жобаның қайтымдылық мерзiмi 2 жылдан аспауға тиiс.
Осы Ереже конкурсты ұйымдастыру мен өткiзудiң шарттарын, банктер мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Инвестициялық жобаларды бағалау мен iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) құқықтары мен мiндеттерiн, конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн, жобалау құжаттарына қойылатын негiзгi талаптарды, осы ұсыныстарды қарау рәсiмдерi мен конкурс нәтижелерiн рәсiмдеудi, сондай-ақ жобалауды қаржыландыру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртiбi мен өткiзу шарттары
Конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жарияланған кейiн 30 күн iшiнде инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеуге қатысуға үмiткерлер екiншi деңгейдегi өкiлеттi банктерге екi дана етiп төмендегi құжаттарды:
конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн;
кәсiпорынның нотариус куәландырған жарғысы мен құрылтайшылық құжаттардың көшiрмесiн, тиiстi қызметпен айналысуға құқық беретiн лицензияны;
кәсiпорынның қаржылық хал-ахуалы мен кредиторлық қарызы туралы қызмет көрсететiн банктiң мәлiметiн;
аудандық салық инспекциясы куәландырған N 1 және N 2 үлгiдегi қосымшасымен өткен 2 жылдың және ағымдағы жылдың есеп беру кезеңiне арналған бухгалтерлiк балансты;
шикiзаттар мен материалдарды, технологиялар мен жабдықтарды жеткiзуге, дайын өнiмдердi өткiзуге арналған контрактылар жасау жөнiндегi ниетi қоса берiлген техникалық-экономикалық негiздеменi және осы инвестициялық жобаға қатысы бар басқа да құжаттарды;
нотариус куәландырған қаржылық және (немесе) мүлiктiк кепiлдiктiң және (немесе) өтiмдiлiгiн жеткiлiктi түрде қамтамасыз ететiн үшiншi жақтың кепiлдiгiнiң көшiрмесiн ұсынады.
Аталған инвестициялық жобалардың технологиялық және техникалық-экономикалық есептеулердiң негiздiлiгi, инженерлiк шешiмдер мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң дәйектiлiгi, өтiмдiлiгi мен қаржылық орнықтылығы техникалық-экономикалық негiздеудiң мiндеттi түрде құрамдас бөлiгi болуға тиiс.
Инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудiң ерекшелiктерi:
жобаны iске асыруға арналған шығындардағы кредит ресурстарының жалпы үлесi оның өз құнының 80 процентiнен аспауға тиiс;
жеке меншiк кәсiпкердiң меншiктi қаражатының үлесi (жарғылық капитал, пайда және басқа да қорлар) аталған шығындардың 20 процентiнен кем болмауға тиiс;
жобаларды iрiктеу кезiнде қаржылық лизинг негiзiнде сатып алынған жабдықтардың жобалары басымдылықты пайдаланады;
Конкурсқа:
қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған, сондай-ақ қолданыстағы заңдарға сәйкес қандай бiр шектелуi бар кәсiпорындар;
жалған немесе күмәндi ақпарат бергендер;
қажеттi құжаттарды, сондай-ақ қаржылық мiндеттерiн орындауға қатысты тиiстi кепiлдiк бермегендер қатыстырылмайды.
3. Комиссия жұмысының тәртiбi
Өкiлеттi банктер конкурсты өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап екi ай мерзiмде жобалар жинауды, бизнес-жоспарларды сараптауды, алға қойылған талаптарға сәйкес барлық құжаттарды тексерудi жүзеге асыруды, сонан соң Комиссияның қарауына жататын объектiлердiң тiзбесiн анықтайды.
Комиссия қажет болған жағдайда жобаларды қосымша сараптаудан өткiзедi және белгiленген тәртiппен соңғы рет берiлген жоба бойынша банктерден материалдар түскеннен кейiн он күндiк мерзiмде қаржыландыруға жататын жобалардың ақырғы тiзiмiн бекiтедi.
Кредиттiк ресурстарды толық орналастырмаған жағдайда Комиссия жобаларды сараптау жөнiндегi келесi турды өткiзудiң мерзiмiн белгiлейдi.
4. Жобаларды қаржыландырудың тәртiбi
мен шарттары
Қаржыландыруға өкiлеттi банктер берген және Комиссия бекiткен жобалар тiзiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өкiлеттi банктермен 3 жылға дейiнгi мерзiмге жылына 4 проценттiк, бұзу құқығынсыз, жобаны iске асыруды банк немесе Комиссия тоқтатқан жағдайларды қоспай, кредиттiк шарттар жасасады.<*>
Әрбiр өкiлеттi банкке бөлiнетiн кредиттер лимитi өз капиталына сайма-сай айқындалады және банктер берген жобаларды Комиссияның бекiтуi бойынша толтырылады деп белгiленсiн.<*>
Банктер займшыларға кредит берудi либор+2 проценттен аспайтын ставка бойынша iске асырады.<*>
Кәсiпорын-займшылар жобаларды қаржыландыруды қажетiне қарай банктiң кредиттiк бөлiмшелерiнiң бақылауымен iске асырады.<*>
Жобаны толық көлемiнде мерзiмiнен бұрын жүзеге асырылған және кредиттiк берешек мерзiмiнен бұрын өтелген жағдайда кәсiпорын импорттың орнын ауыстыратын өндiрiстi кеңейтуге немесе толықтырушы өндiрiстердi дамытуға бағытталған жаңа жобаны қарауға айрықша құқық алады.<*>
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жоба бойынша кредитке берiлген, Комиссия қаржыландыруға қабылдаған сомаларға қатысты мiндеттi резервтеу нормаларын өкiлеттi банктерге қолданбау ұсынылсын.<*>
Ескерту. 4-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1996.06.21.
N 768
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
13 маусымдағы N 733
қаулысына
қосымша
Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрi, Комиссияның төрағасы
Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң орынбасары, Комиссия
төрағасының орынбасары
Дүйсенбеков Ж.О. - Қазақстан Республикасының Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
салу министрiнiң бiрiншi орынбасары<*>
Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары
Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiмi бойынша)
Мұхамеджанов Б.Ғ. - Қазақстан кәсiпкерлерi конгресiнiң
вице-президентi (келiсiмi бойынша)
Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрiнiң орынбасары
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.11.
N 1520
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
13 маусымдағы N 733
қаулысымен
бекiтiлген
Кредиттiк ресурстарды орналастыру жөнiнде қазақстандық
банктер арасында конкурс өткiзу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже 1996 жылы тез қайтымды инвестициялық жобаларға қызмет көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржыларын орналастыру жөнiнде екiншi деңгейдегi қазақстандық банктер арасында конкурстық iрiктеу жүргiзудiң шарттарын белгiлейдi.
2. Конкурсты ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi болып табылады.
3. Конкурсты өткiзудi мына құрамдағы комиссия жүзеге асырады:
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары
Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi конкурсты өткiзу жөнiндегi Комиссияның (одан әрi - Комиссия) жұмыс органы болып белгiленсiн.
5. Екiншi деңгейдегi банктердi анықтау жөнiндегi конкурс Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде 1996 жылғы 20 маусымға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiмен бiрге өткiзiледi.
6. Конкурстың негiзгi шарттары:
банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген бұрын берiлген құжаттарды, пруденциалдық нормативтердi соңғы 6 ай бойы сақтауы;<*>
банкте 4 млн. АҚШ доллары, баламдығынан асатын өз капиталының болуы;<*>
банкте инвестициялық жобаларды iрiктеу және сараптау, қаржыландыру және оларды iске асыруды бақылау жөнiндегi бөлiмшелер мен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;<*>
банктiң инвестициялық жобаларды бiрлесiп әр жобаның кем дегенде 10 процентi сомасына қаржыландыруға қатысу мүмкiндiгi.<*>
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1996.06.21.
N 768
қаулысымен.
7. Конкурсқа қатысу үшiн Комиссияның мекен-жайына:
өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған конкурсқа қатысу үшiн өтiнiш;
конкурстың негiзгi шарттары бойынша банктiң ұсынысы туралы ақпарат берiледi.
Комиссия қатысушыларға конкурсты өткiзу туралы ақпараттық хабарда жария етiлетiн қосымша шарттар қоя алады.
8. Құжаттар комиссияға мөрленген түрде берiледi және комиссия арқылы қабылданады. Белгiленген мерзiмнен кейiн түскен кез келген конкурстық ұсынысты Комиссия қабылдамайды.
9. Конкурстық ұсыныстарды Комиссия қарайды. Барлық берiлген ұсыныстарды қарағаннан кейiн Комиссия өкiлеттi жеңiмпаз банктi белгiлейдi.
10. Конкурстың нәтижесi бойынша Комиссия хаттама жасайды. Хаттамаға қорытындысы шығарылған күнi Комиссияның барлық мүшелерi және банк өкiлдерi қол қояды.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде тиiстi банктермен тез қайтымды инвестициялық жобалармен қызмет көрсетуге арналған шарттарды рәсiмдейдi.
12. Өкiлеттi банктер:
конкурсқа қатысуға арналған құрылымды, құжаттар тiзбесiн және Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия бекiтетiн құжаттар тiзбесiн нақтылайды;
жобаларды iрiктеу жөнiнде конкурс жариялайды, жобаларды жинастырады және сараптама өткiзедi;
ақша түрiнде кредит бөлу жолымен немесе сатып алынған жабдықтардың қаржылық лизингiсi негiзiнде жобаны қаржыландыруды жүзеге асырады. Жобаларды қаржыландыру сондай-ақ мүдделi ұйымдардың, банктердiң, қорлардың, халықаралық қаржы институттарының және басқа да жобалар бойынша әрiптестердiң үлестiк бiрлесiп қаржыландыру үлгiсiнде жүзеге асыра алады;
қолданыстағы заңдарға сәйкес кепiлдi қамтамасыз ету болған жағдайда қозғалмайтын объектiлер, жабдықтар мен технология немесе үшiншi жақтың кепiлдiгi түрiнде кредиттеудi жүзеге асырады;
кредиттердiң мақсатты пайдалануына және қайтарымдылығына жауап бередi;
ай сайын Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға жобаларды қаржыландырудың барысы туралы хабардар етедi.