Жер учаскелерiне жекеменшiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 маусым N 760. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы  N 2718 өкiмiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 24, 160-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Мыналар: 
      "Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған елдi мекендер шегiнен тысқары жер учаскелерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi кепiлдеменi қозғау мен қарау тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 маусымдағы N 730 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 27, 302-бап); 
     "Елдi мекендердiң шегiнде мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн жер учаскелерiн иелену құқын, пайдалану құқын немесе жалға алу құқын беру туралы мәселелердi көтеру мен қарау тәртiбi туралы Ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 тамыздағы N 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 36, 397-бап) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     орынбасары

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                 
1996 жылғы 20 маусымдағы        
N 760 қаулысымен            
Бекiтiлген               

           Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер
            пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi
                          Ереже

                    I. Жалпы ережелер

      1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығы және жер пайдалану құқығы өкiметтiң атқарушы органдарының құзырына және заңдарда көзделген өзге де негiздерге сәйкес қабылданған актiлерi негiзiне орай туындайды. 
      2. Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығын жеке меншiк құқығын беру - арқылы немесе тегiн түрде жүргiзiледi. 
      Жер учаскелерi мемлекеттiк кәсiпорындарға және белгiленген нормалар шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды ұйымдарына, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн, азаматтарға жеке тұрғын үй салу, жеке қосалқы шаруашылығын, ұжымдық және жеке бау-бақша шаруашылығын, саяжай құрылысын жүргiзу үшiн және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда тегiн берiледi. 
      3. Азаматтар мен заңды ұйымдарға жеке меншiкке немесе тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерiн беру нормалары "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерiн беру нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8-сәуiрдегi N 401 қаулысымен бекiтiлген. 
      Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерi мемлекет меншiгiндегi жерлерден берiлген жағдайларда аталған нормалар басшылыққа алынады. 
      4. Жер учаскелерiн жеке меншiкке сату, оларды мемлекет тұрақты жер пайдалануға беру, сондай-ақ мемлекеттiң немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн жалға беруi барысында жер учаскелерiн беру үшiн төлем мөлшерi "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына сәйкес белгiленедi. 
      5. Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерi құнының бағасы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жекелеген тәртiпке сәйкес белгiленедi. 
      6. Пайдаланудағы объектiлердi кеңейту үшiн жер учаскесiне құқық берудi ресiмдеу барысында бұрын бөлiнген учаскелердiң пайдалану дұрыстығы, оларды беру шарттарының орындалуы, сондай-ақ бүлiнген жерлердi жаңғырту бойынша жұмыстардың жүргiзiлуi тексерiледi. Ашық тәсiлмен пайдалы қазбаларды өңдеуге қосымша жер беру, ережеге сәйкес, бұрынғы пайдаланылған жер учаскелерiн шаруашылыққа пайдалану үшiн қалпына келтiргеннен және оларды акт бойынша қайтарған соң жүргiзiледi. 
      7. Ауыл шаруашылығы және орман алаптарын оларды ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алуға, жер пайдаланушылардың құқықтарын шектеулерден, заңды ұйымдар мен жеке адамдар қызметiнiң нәтижесiнде жер сапасының төмендеуiнен туындайтын жер пайдаланушылардың шығындары мен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдары ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылығы және орман алаптарын алу барысындағы жер пайдаланушылардың шығындарын және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес белгiленедi. 
      8. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен конкурс немесе аукцион өткiзу жолымен жер учаскелерiне жер пайдалану құқығын және меншiк құқығын бере алады. 
      9. Шетел азаматтарына және мемлекеттiк емес заңды ұйымдарға құрылыс салуға немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үй-жайлар мен ғимараттар, салынған жер учаскелерiне, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, жеке меншiк құқығы берiлуi мүмкiн, ал қалған жағдайларда жалдау шартымен жер пайдалану құқығы берiледi. 
      10. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне жер пайдалану және жеке меншiк құқығын беру мынадай: 
      а) жер учаскелерiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiш қозғау; 
      б) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту; 
      в) жер учаскелерiнiң шекараларын нақты түрде (орналасу орнына) бекiту; 
      г) жерге құқықты куәландыратын құжаттарды әзiрлеу мен беру; 
      д) жерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ретiмен жүргiзiледi. 
      11. Мемлекеттiк жер учаскелерiне меншiк немесе жер пайдалану құқықтары берiлуге мүдделi азаматтар мен заңды ұйымдар жер учаскелерiне тиiстi құқықтарды беру құқығы бар жергiлiктi атқарушы органдарына өтiнiш бередi. 
      Арызда жер учаскесiн пайдалану мақсаты, оның ұсынылған көлемi, орналасқан орны, сұралған пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң бар (жоқ) екендiгi көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбаларды әзiрлеу жағдайында өтiнiшке Лицензия көшiрмесi қоса берiледi. 
      12. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық органдары, ал елдi мекендерде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары атқарушы органның тапсырмасы бойынша сұралып отырған жер учаскесiн аумақты аймақтарға бөлу мен жобалауға сәйкес нысаналы мақсатқа мәлiмдеу бойынша пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды және қажеттi келiсiмдердi белгiлейдi. 
      Тапсырыс берушi жер учаскесiн бөлу үшiн талап етiлетiн келiсiмдердi өз күшiмен қамтамасыз етедi. 
      Мәлiмделген мақсат үшiн жер учаскесiн аталған жерде беру мүмкiн болмаған жағдайда одан бас тарту дайындалады. 
      13. Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен ресiмделедi және уәжделуге тиiс, ал көшiрмесi тапсырыс берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiм iшiнде тапсырылады. 
      14. Жер учаскелерiне тиiстi құқықтарды беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi жерге орналастыру жобасының негiзiнде қабылданады. 
      15. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң құрылымдық бөлiмдерi осы жұмыстардың орындалу мерзiмдерi келiсiлген, тапсырыс берушiлердiң шарттары бойынша жерге орналастыру жобаларын әзiрлейдi. 
      16. Жер учаскелерiне құқық беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiне сәйкес жер учаскесiнiң шекараларын нақты түрде белгiлеу, осы жұмыстарды атқару бойынша қолданылып жүрген нұсқауларға орай жер учаскесiне тиiстi құқықты куәландыратын құжаттарды әзiрлеу мен беру жүргiзiледi. 
      Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне жеке меншiк құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ақысыз берiледi.<*> 
      Бұл жұмыстар жерге орналастыруды жүргiзуге көзделген бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 16-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 
1997.11.03.  N 1487 қаулысымен.  
      17. Объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскесiн немесе жерге меншiктегi жерлерден оның бөлiгiн немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын сатып алған жерлерден алу қажеттiлiгi туған жағдайда, осындай жерлердi алу "Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қою және сатып алу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 403 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қою және сатып алу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. 
      18. Жер учаскелерiн алып қою жоғарғы атқарушы органның құзыретiне кiрген жағдайларда жергiлiктi атқарушы орган жерге орналастыру iсiн өзiнiң шешiмiмен жоғарғы органның бекiтуiне жiбередi. 
      19. Азаматтар мен заңды ұйымдардың жеке меншiгiндегi немесе жер пайдалануындағы жер учаскесiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгертудi олардың құзыретiне сәйкес атқарушы органдар шешiмдерi бойынша жүргiзiледi. 
      20. Жер пайдалану құқығын ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жеке тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. 
 

                II. Объектiлердiң құрылысы үшiн жер учаскелерiн 
                           беру ерекшелiктерi 
 

        21. Объектiлер құрылысы үшiн жер учаскесiн сұрау кезiнде тапсырыс берушiнiң өтiнiшiне жер учаскесiн таңдау материалдары қоса берiледi. Елдi мекендерде объектi құрылысы үшiн жер учаскесiн таңдауды жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары, қалған жағдайларда жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық органдар жүзеге асырады. 
      Жергiлiктi атқарушы органдар аса маңызды объектiлер бойынша (олардың көздеуi бойынша) осы объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн таңдау жөнiнде арнаулы комиссия құрады. 
      22. Магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесiн сұраған кезде жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi. <*> 
       Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.02.  N 390 қаулысымен. 
      23. Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмiнiң жобасында мыналар: 
      жер учаскесiнiң құқығы берiлетiн заңды ұйымның немесе жеке адамның атауы, аты;
      жер учаскесiнiң нысаналы пайдаланылуы;
      алаңның көлемi;
      жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
      учаскенiң орналасқан орнының сипаттамасы (ауданы, көшесi, кварталының нөмiрi және т.б.); 
      жер учаскесiне құқық түрлерi, қиындықтар, сервитуттар; 
      учаске төлем жасау жолымен берiлген жағдайда жер учаскесiнiң
немесе жер пайдалану құқығының сатып алу бағасы;
      алынатын учаскелердiң көлемдерiн көрсете отырып жерi алынатын заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың атауы және аты; 
      жердi алуға немесе уақытша алуға байланысты бөлiнген учаскеде орналасқан жылжымайтын мүлiктi бұзу, көшiру және жер пайдаланушылардың шығыны мен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу шарты бөлiгiндегi тапсырыс берушiнiң мiндеттемелерi; 
      жасыл алқаағаштарды, жер асты коммуникациялары мен көркейту жөнiндегi ғимараттарды сақтау шарттары; 
      басқа да шарттар болуы тиiс. 
      24. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдап алынған аумақтарда тұрғын үйлер, бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi басқа да үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар мен жасыл алқаағаштар (мұның iшiнде жер бөлу барысында өнеркәсiп орындарының санитарлық қорғаныш аймағына кiретiндерi) орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi жылжымайтын мүлiктiң әрбiр иесiмен жасалған меншiк иесiне шығындарды өтеу жағдайы туралы шартты қосымша түрде ұсынады. 
      Шартта жұмыс iстеп тұрған құрылыстардың, инженерлiк коммуникациялардың, жасыл алқаағаштардың орнын ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс салушының жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындардың орнын толтыру жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi. 
 

              III. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн 
                 жер пайдалану құқығын беру ерекшелiктерi 
 

        25. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер пайдалану құқығын беру туралы өтiнiшке аталған шаруашылықтың басшысы мен мүшелерi қол қояды. 
      Кепiлдемеге ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң қысқаша бағдарламасы, шаруашылық басшысы, ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi жұмыс тәжiрибесiн куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе бiлiмi яки арнаулы дайындықтан өткендiгi жөнiндегi құжат (ауыл шаруашылығы ұйымдарының мүшесi емес азаматтар үшiн), жер үлесiне құқығы туралы куәлiктiң көшiрмесi (олар болған жағдайда) және қосымша жер үлесiн алу шарттары (ұжымшарлардың немесе ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтар үшiн) қоса берiледi. 
      26. Жерге орналастыру жобасы, құрамынан жер учаскесi берiлетiн ауыл шаруашылығы ұйымымен келiсiледi. Шаруа (фермер) қожалығын елдi мекендердiң жерлерiнде орналастырған жағдайда аталған жоба жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiледi. 
 

          IV. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн азаматтарға 
          жер учаскелерiн меншiкке беру ерекшелiктерi 
 

        27. Селолық жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi берiледi. Қалаларда тұратын азаматтар жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн осы мақсаттарға арналған жер қоры болған жағдайда ала алады. 
      28. Жергiлiктi атқарушы орган жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi жергiлiктi органға жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органымен бiрлесе отырып қалалар, поселкелер, ауылдар (селолар) аумақтарының қала құрылысы құжаттамаларына және жер шаруашылығын орналастыру жоспарына сәйкес жер учаскесiн жеке меншiкке беру немесе баяндалған бас тарту туралы шешiмнiң жобасын дайындайды. 
      29. Қала құрылысы және жер шаруашылығы құжаттамалары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемжеркомының бөлiмшелерi жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлудiң жерге орналастыру жобасын жасайды. 
 

              V. Тұрғын үй құрылысы мен оған қызмет көрсету 
             (жеке тұрғын үй құрылысы) үшiн азаматтарға 
             жер учаскелерiн меншiкке берудiң ерекшелiктерi 
 

        30. Тұрғын үй құрылысы мен оған қызмет көрсету учаскесi үшiн жер учаскесiн меншiкке беру туралы азаматтың өтiнiшiнде мынадай мәлiметтер: 
      фамилиясы, аты, тегi; 
      тұрақты тұратын жерi; 
      сұралып отырған жер учаскесiнiң орналасуы қолайлы жерi (елдi мекен, оның ауданы, кварталдың нөмiрi және басқа мәлiметтер); 
      сұралып отырған жер учаскесiнiң көлемi; 
      жеке құрылыс салушының тұрақты тұрмайтын жерi бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқық берiлген жер учаскелерiнiң болуы туралы мәлiметтер (жер учаскелерiнiң орналасқан мекен-жайы мен көлемi, осы учаскелердi берген органның атауы, күнi және шешiмнiң нөмiрi) болуы тиiс. 
      31. Өтiнiшке мыналар: 
      жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқық берiлген (жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комитетi 7 күн мерзiм iшiнде бередi) жер учаскелерiнiң азаматта бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама; 
      азаматта жеке үй құрылысының бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама (жылжымайтын мүлiктi тiркейтiн орган 7 күн мерзiм iшiнде бередi) қоса берiледi. 
      32. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру туралы өтiнiштерi (арыздары) арнаулы есепке алынады және алаңдарды бөлу үшiн дайындалуына орай қанағаттандырылады. 
      Жергiлiктi атқарушы орган азаматтарға құрылыс салушылардың кооперативтiк ұйымдастыруға жәрдемдесуге мiндеттi. 
 

             VI. Бау-бақша шаруашылығы және саяжай құрылысы үшiн 
             азаматтардың меншiгiне жер учаскелерiн беру 
             ерекшелiктерi
 

          33. Бау-бақша шаруашылығымен немесе саяжай құрылысымен шұғылдануға ниет бiлдiрген азаматтар жер учаскелерiн беру туралы өтiнiшпен тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi (қалалық, поселкелiк) атқарушы органға жүгiнедi. 
      34. Жергiлiктi атқарушы орган азаматтардан өтiнiштердiң келiп түсуiне қарай оларды серiктестiктерге (кооперативтерге) ұйымдастыруға мүмкiндiк жасайды. 
      35. Қаланың, поселкенiң қарамағында бос жерлер болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi жергiлiктi органға құрылып жатқан бау-бақша шаруашылығы серiктестiктерiне (кооперативтерiне) олармен шарттары бойынша жер учаскелерiн бөлу жобасын әзiрлеуге тапсырма бередi. 
      36. Бау-бақша шаруашылығына арналған жер қоры болмаған жағдайда қалалық, поселкелiк жергiлiктi атқарушы орган аудандық атқарушы органға ауданның арнаулы жер қоры жерiнiң есебiнен жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiш жiбередi. Өтiнiшке ұйымдасып жатқан бау-бақша шаруашылығы серiктестiктерiнiң (кооперативтерiнiң) өтiнiштерi, бау-бақша шаруашылығымен шұғылдануға ниет бiлдiрген азаматтардың тiзiмi және олардың өтiнiштерi қоса берiледi. 
      37. Аудандық атқарушы орган 35-тармақтағы көрсетiлген материалдарды қарайды және арнаулы жер қоры болған жағдайда жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi жергiлiктi органға ұйымдастырылып жатқан бау-бақша шаруашылығының (саяжай) серiктестiктерiне (кооперативтерiне) жер учаскесiн бөлу жобасын дайындауды тапсырады. 
      Азаматтарға жер учаскелерiн беру жөнiндегi олардың өтiнiштерiн қарау барысы туралы, оның iшiнде бас тарту себебi туралы (келiспеушiлiк болғанда), өтiнiш берiлген күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде оларға хабарланады. 
      38. Жер учаскесiн бөлу жобасы жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерiмен, өрттен қорғау, басқа да мүдделi қызметтермен келiсiледi және жергiлiктi атқарушы органның қарауына және шешiм қабылдауына енгiзiледi. 
      39. Жер учаскесi бастапқыда серiктестiкке (кооперативтiкке) уақытша пайдалануға бөлiнедi, ал iшкi жобалау жобасы бекiтiлгеннен және оны серiктестiк мүшелерiне нақты түрде көшiрген соң, жеке меншiк құқығына нақты жер учаскелерi ресiмделедi. 
      Жолдар, суару жүйелерi, өндiрiлген өнiмдердi сақтайтын орындар, қоймалар және жалпы пайдаланудағы басқа объектiлер орналасқан жер учаскелерi ортақ меншiк құқығында немесе жалпы жер пайдалану құқығында серiктестiктерге (кооперативтерге) бекiтiледi. 
      40. Бау-бақша шаруашылығын жүргiзу үшiн азаматтарға жер учаскелерi жеке тәртiппен берiлуi мүмкiн. 

Об утверждении Положения о порядке предоставления права частной собственности на земельные участки и права землепользования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1996 г. N 760. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В соответствии с распоряжением Президента Республики Казахстан от 22 декабря 1995 г. N 2718 N952718_ "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О земле" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 160) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о порядке предоставления права частной собственности на земельные участки и права землепользования.
      2. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 июня 1994 г. N 730 "Об утверждении Положения о порядке возбуждения и рассмотрения ходатайств о предоставлении права на пользование земельными участками для несельскохозяйственных и нелесохозяйственных нужд за пределами черты населенных пунктов" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 27, ст. 302);
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 августа 1994 г. N 968 "Об утверждении Положения о порядке возбуждения и рассмотрения ходатайств о предоставлении права на владение, право на пользование либо права на аренду земельных участков для государственных или общественных нужд в черте населенных пунктов" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 36, ст. 397).

     Заместитель
  Премьер-Министра
Республики Казахстан

                                   Утверждено
                           постановлением Правительства
                                Республики Казахстан
                              от 20 июня 1996 г. N 760

                              Положение
         о порядке предоставления права частной собственности
            на земельные участки и права землепользования

                          I. Общие положения

      1. В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 22 декабря 1995 г. N 2717 U952717 "О земле" право частной собственности на земельный участок и право землепользования возникает на основании актов исполнительных органов власти, принятых в соответствии с их компетенцией, и иных оснований, предусмотренных законодательством.
      2. Предоставление права землепользования и права частной собственности на земельные участки производится за плату или бесплатно.
      Бесплатные земельные участки предоставляются государственным предприятиям и в пределах установленных норм негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан для ведения сельскохозяйственного производства, крестьянского (фермерского) хозяйства, гражданам для индивидуального жилищного строительства, ведения личного подсобного хозяйства, коллективного и индивидуального садоводства, дачного строительства и в иных случаях, предусмотренных законодательством.
      3. Нормы предоставления земельных участков гражданам и юридическим лицам в частную собственность или постоянное землепользование утверждены постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 1996 г. N 401 P960401_ "Об утверждении норм предоставления земельных участков гражданам и юридическим лицам".
      Указанными нормами следует руководствоваться в случаях, когда земельные участки предоставляются гражданам и юридическим лицам из земель, находящихся в государственной собственности.
      4. При продаже земельных участков в частную собственность, при их предоставлении государством в постоянное землепользование, а также при сдаче государством или государственными землепользователями земельных участков в аренду размер платы за передачу земельных участков определяется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 мая 1996 г. N 576 P960576_ "Об утверждении ставок платы за землю, продаваемую в частную собственность или предоставляемую в землепользование государством".
      5. Оценка стоимости земельных участков, продаваемых в частную собственность или предоставляемых в землепользование государством, определяется в соответствии с отдельным порядком, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      6. При оформлении предоставления права на земельный участок для расширения существующих объектов проверяется правильность использования ранее отведенных участков, выполнение условий их предоставления, а также проведение работ по рекультивации нарушенных земель. Дополнительное предоставление земель под разработку полезных ископаемых открытым способом производится, как правило, после приведения ранее отработанных участков в состояние, пригодное для хозяйственного использования, и возвращения их по акту.
      7. Убытки землепользователям и потери сельскохозяйственного и лесохозяйственного производства, вызванные изъятием сельскохозяйственных и лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского и лесного хозяйства, ограничением прав землепользователей или ухудшением качества земель в результате влияния, вызванного деятельностью юридических и физических лиц, определяются в соответствии с Положением о порядке возмещения убытков землепользователям и потерь сельскохозяйственного и лесохозяйственного производства при изъятии сельскохозяйственных и лесных угодий для несельскохозяйственных нужд.
      8. Местные исполнительные органы могут предоставлять право землепользования и право собственности на земельные участки путем проведения конкурса или аукциона в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
      9. Иностранным гражданам и негосударственным юридическим лицам может предоставляться право частной собственности на земельные участки под застройку или застроенные производственными и непроизводственными, в том числе жилыми зданиями и сооружениями, включая земли, предназначенные для их обслуживания, а в остальных случаях предоставляется право землепользования на условиях аренды.
      10. Предоставление права землепользования и права частной собственности на земельные участки, находящиеся в государственной собственности, производится в следующей последовательности:
      а) возбуждение ходатайства о предоставлении соответствующего права на земельные участки;
      б) разработка и утверждение землеустроительного проекта;
      в) установление границ земельных участков в натуре (на местности);
      г) изготовление и выдача документов, удостоверяющих права на землю;
      д) государственная регистрация прав на землю.
      11. Граждане и юридические лица, заинтересованные в предоставлении им прав на государственные земельные участки в собственность и (или) в землепользование, подают ходатайства в местный исполнительный орган, обладающий правом предоставления соответствующих прав на земельные участки.
      В заявлении должны быть указаны цель использования земельного участка, его предполагаемые размеры, местоположение, испрашиваемое право пользования, наличие (отсутствие) другого земельного участка. В случае разработки полезных ископаемых к ходатайству прилагается копия Лицензии.
      12. Территориальные органы по земельным отношениям и землеустройству, а в населенных пунктах местные органы архитектуры и градостроительства по поручению исполнительного органа определяют возможность использования испрашиваемого земельного участка по заявленному целевому назначению в соответствии с территориальным зонированием и планированием и необходимые согласования.
      Заявитель обеспечивает требуемые для отвода земельного участка согласования своими силами.
      При невозможности предоставления земельного участка для заявленной цели в данной местности готовится отказ.
      13. Отказ в предоставлении права на земельный участок оформляется решением местного исполнительного органа и должен быть мотивирован, а копия вручена заявителю в семидневный срок после принятия решения.
      14. Решение местного исполнительного органа о предоставлении соответствующих прав на земельные участки принимается на основе землеустроительного проекта.
      15. Землеустроительные проекты разрабатываются структурными подразделениями Государственного комитета Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству по договорам с заказчиками, в которых обусловливаются сроки выполнения этих работ.
      16. В соответствии с решением местного исполнительного органа о предоставлении права на земельный участок производится установление в натуре границ земельного участка, изготовление и выдача документов, удостоверяющих соответствующие права на земельный участок в соответствии с действующими инструкциями по производству этих видов работ.
      Субъектам малого предпринимательства, занимающимся производственной деятельностью, выдача актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования производится без взимания платы.
      Финансирование этих работ осуществляется за счет бюджетных ассигнований, предусмотренных на проведение землеустройства.<*>
      Сноска. Пункт 16 дополнен новыми абзацами - постановлением Правительства РК от 3 ноября 1997 г. N 1487 P971487_ .
      17. В случае, когда для размещения объекта необходимо изъятие земельного участка или его части из земель, находящихся в частной собственности, либо из земель, право землепользования которыми было выкуплено негосударственным землепользователем, изъятие таких земель производится в соответствии с Положением о порядке изъятия и выкупа земельных участков для государственных надобностей, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 1996 г. N 403 "Об утверждении Положения о порядке изъятия и выкупа земельных участков для государственных надобностей".
      18. В тех случаях, когда изъятие земельных участков входит в компетенцию вышестоящего исполнительного органа, местный исполнительный орган направляет землеустроительное дело со своим решением вышестоящему органу на утверждение.
      19. Изменение целевого использования земельного участка, находящегося в частной собственности или землепользовании граждан и юридических лиц, производится по решению исполнительных органов в соответствии с их компетенцией.
      20. Передача права землепользования производится в соответствии с отдельным порядком, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.

          II. Особенности предоставления земельных участков
                      для строительства объектов

      21. При испрашивании земельного участка для строительства объектов к ходатайству заказчика прилагаются материалы выбора земельного участка. Выбор земельного участка для строительства объекта осуществляется в населенных пунктах местными органами архитектуры и градостроительства, в остальных случаях - территориальными органами по земельным отношениям и землеустройству.
      По наиболее важным объектам местные исполнительные органы (по их усмотрению) создают специальные комиссии по выбору земельных участков для размещения этих объектов.
      22. Землеустроительный проект о предоставлении права на земельный участок согласовывается (в виде заключения) соответственно с землепользователями, от которых намечается изъятие земельного участка, местными органами архитектуры и градостроительства, экологии и биоресурсов и другими организациями и учреждениями, интересы которых затрагиваются намеченным отводом земель, и представляется в местный орган по земельным отношениям и землеустройству для подготовки проекта решения местного исполнительного органа о предоставлении соответствующего права на земельный участок.
      При испрашивании земельного участка для строительства объектов нефтегазотранспортной инфраструктуры, связанных с транспортировкой по магистральным нефтепроводам, последующим хранением и перевалкой нефти и газа на другие виды транспорта, землеустроительный проект согласовывается также с уполномоченным государственным органом Республики Казахстан в сфере нефтегазотранспортной инфраструктуры. <*>
      Сноска. В пункт 22 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 2 апреля 2002 г. N 390 P020390_ .
      23. Проект решения местного исполнительного органа о предоставлении права на земельный участок должен содержать:
      наименование юридического или физического лица, которому предоставляется право на земельный участок;
      целевое назначение земельного участка;
      размер площади;
      делимость или неделимость земельного участка;
      описание местоположения участка (район, улица, номер квартала и т. д.);
      вид права на земельный участок, обременения, сервитуты;
      выкупную цену земельного участка или права землепользования в случае предоставления участка за плату;
      наименование юридического или физического лица, у которого производится изъятие земель, с указанием размеров изымаемых участков;
      обязательства заказчика в части условий сноса, переноса находящейся на отводимом участке недвижимости и возмещения убытков землепользователям и потерь сельскохозяйственного и лесохозяйственного производства, связанных с изъятием или временным занятием земель;
      условия сохранения зеленых насаждений, подземных коммуникаций и сооружений по благоустройству;
      прочие условия.
      24. В случае, когда на территории, выбранной под размещение объекта строительства, расположены жилые дома, другие здания и сооружения, а также инженерные коммуникации и зеленые насаждения, подлежащие сносу пли переносу (в том числе попадающие при отводе земель в зону санитарной охраны промышленных предприятий), заказчик дополнительно представляет договор, заключенный с каждым из собственников недвижимости, об условиях компенсации убытков собственнику.
      В договоре указываются конкретные условия и сроки отселения, переноса существующих строений, инженерных коммуникаций, зеленых насаждений, обязательства застройщика по возмещению всех убытков, связанных со сносом недвижимости.

        III. Особенности предоставления права землепользования
          для ведения крестьянского (фермерского) хозяйства

      25. Ходатайство о предоставлении права землепользования для ведения крестьянского (фермерского) хозяйства подписывается главой и членами указанного хозяйства.
      К ходатайству прилагаются краткая программа ведения сельскохозяйственного производства, выписка из трудовой книжки, подтверждающая опыт работы главы хозяйства в сельскохозяйственном производстве, либо документ об образовании или прохождении специальной подготовки (для граждан, не являющихся членами сельскохозяйственных организаций), копии свидетельств о праве на земельные доли (при их наличии) и договоров на приобретение дополнительных земельных долей (для граждан, выходящих из состава колхоза или сельскохозяйственной организации).
      26. Землеустроительный проект согласовывается с сельскохозяйственной организацией, из состава которой выделяется земельный участок. В случае размещения крестьянского (фермерского) хозяйства на землях населенных пунктов указанный проект согласовывается с местным органом архитектуры и градостроительства.

          IV. Особенности предоставления земельных участков
            в собственность гражданам для ведения личного
                         подсобного хозяйства

      27. Земельные участки для ведения личного подсобного хозяйства предоставляются гражданам Республики Казахстан, проживающим в сельской местности. Граждане, проживающие в городах, могут получить земельные участки для личного подсобного хозяйства при наличии земельного фонда, предназначенного для этих целей.
      28. Местный исполнительный орган поручает местному органу по земельным отношениям и землеустройству совместно с местным органом архитектуры и градостроительства подготовить в соответствии с градостроительной документацией и планом земельнохозяйственного устройства территории города, поселка, аула (села) проект решения о предоставлении земельного участка в частную собственность либо мотивированный отказ.
      29. При отсутствии градостроительной и землехозяйственной документации подразделение Госкомзема Республики Казахстан разрабатывает землеустроительный проект отвода земельного участка для ведения личного подсобного хозяйства.

           V. Особенности предоставления земельных участков
      в собственность гражданам для строительства и обслуживания
         жилого дома (индивидуальное жилищное строительство)

      30. В ходатайстве гражданина о предоставлении земельного участка в собственность для строительства и обслуживания жилого дома отражаются следующие сведения:
      фамилия, имя, отчество;
      место постоянного жительства;
      желательное место расположения испрашиваемого земельного участка (населенный пункт, его район, улица, номер квартала и другие сведения);
      размеры испрашиваемого земельного участка;
      сведения о наличии земельных участков, права на которые были предоставлены для индивидуального жилищного строительства не по месту постоянного жительства индивидуального застройщика (адрес нахождения и размеры земельных участков, наименование органа, предоставившего эти участки, дата и номер решения).
      31. К ходатайству гражданином прилагаются:
      справка о наличии или отсутствии у гражданина земельных участков, права на которые были предоставлены для индивидуального жилищного строительства (выдается в 7-дневный срок районным (городским) комитетом по земельным отношениям и землеустройству);
      справка о наличии или отсутствии у гражданина частного домостроения (выдается в 7-дневный срок органом, осуществляющим регистрацию недвижимости).
      32. Ходатайства (заявки) граждан о предоставлении им земельных участков для индивидуального жилищного строительства берутся на специальный учет и удовлетворяются по мере подготовки площадок для отвода.
      Местный исполнительный орган обязан содействовать гражданам в организации кооперативов застройщиков.

         VI. Особенности предоставления земельных участков в
              собственность гражданам для садоводства и
                        дачного строительства

      33. Граждане, изъявившие желание заниматься садоводством или дачным строительством, обращаются с ходатайством о предоставлении земельных участков в местный исполнительный орган (города, поселка) по месту жительства.
      34. Местный исполнительный орган по мере поступления заявлений от граждан способствует их организации в товарищества (кооперативы).
      35. При наличии свободных земель, находящихся в ведении города, поселка, местный исполнительный орган дает поручение местному органу по земельным отношениям и землеустройству на разработку проекта отвода земельного участка организуемым садоводческим товариществам (кооперативам) по договорам с ними.
      36. При отсутствии земельного фонда, предназначенного для развития садоводства, местный исполнительный орган города, поселка направляет в районный исполнительный орган ходатайство о выделении земельного участка за счет земель специального земельного фонда района. К ходатайству прилагаются заявки организуемых садоводческих товариществ (кооперативов), списки граждан, изъявивших желание заниматься садоводством, и их заявления.
      37. Районный исполнительный орган рассматривает указанные в пункте 35 материалы и при наличии специального земельного фонда поручает местному органу по земельным отношениям и землеустройству подготовить проект отвода земельного участка организуемым садоводческим (дачным) товариществам (кооперативам).
      О ходе рассмотрения заявлений граждан о предоставлении им земельных участков, в том числе о мотивах отказа (при наличии возражений), сообщается им в двухмесячный срок со дня подачи заявления.
      38. Проект отвода земельного участка согласовывается с местными органами архитектуры и градостроительства, санитарно-эпидемиологической службы, пожарной охраны, другими заинтересованными службами и вносится на рассмотрение и принятие решения в местный исполнительный орган.
      39. Земельный участок первоначально отводится товариществу (кооперативу) во временное пользование, а после утверждения проекта внутренней планировки и перенесения его в натуру за членами товарищества (кооператива) оформляются конкретные земельные участки на праве частной собственности.
      Земельные участки, занятые дорогами, оросительной сетью, хранилищами выращенной продукции, складами и другими объектами общего пользования, закрепляются на праве общей собственности или праве общего землепользования за товариществом (кооперативом).
      40. Гражданам могут предоставляться земельные участки для ведения садоводства в индивидуальном порядке.