1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ақмола қаласында 240 орындық аурухана кешенiн салу қажеттiгi туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi аурухана кешенiн салу жобасын 1997 жылы Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шетелдiк кредиттер есебiнен және халықаралық қаржы ұйымдарының займдары есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Қаржы министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгiне Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен, бiрлесiп, шетелдiк компаниялар мен фирмаларды қатыстыра отырып Ақмола қаласында 240 орындық аурухана кешенiнiң құрылысын инвестициялау, жобалау және салу құқығына тендерлiк саудаластық өткiзу тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы
министрлiгi мен мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi өткiзiлген саудаластықты ескере отырып, кредит алу, оны өтеу шарттарын қарап тиiстi қорытындылар беретiн болсын. 5. Ақмола қаласының әкiмi тендер аяқталған соң 240 орындық аурухана кешенiн салуға белгiленген тәртiппен жер учаскесiн бөлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi