1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қатысуымен жолаушылар таситын автомобиль және электр көлiгiне қайта ұйымдастыру жүргiзсiн:
1996 жылдың 1 қарашасына дейiн қалаларда, поселкелерде, елдi мекендерде өз құрамдарына парктер мен басқа да көлiк кәсiпорындарын бiрiктiретiн бiрлестiктерiн, көлiк холдингiлерi және басқа ұйымдық-басқару құрылымдарын (Алматы қаласындағы трамвай-троллейбус басқармасын қоспағанда) қайта ұйымдастырсын. Осы ұйымдық-басқару құрылымдарын маршруттарды, мемлекеттiк субсидиялар мен дотацияларды бөлу, парктердiң материалдық-техникалық және қаржы қаражаттарын орталықтандыру жөнiндегi функцияларын алсын;
автобус, трамвай-троллейбус парктерiне және басқа жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгi кәсiпорындарына техниканы, босалқы бөлшектердi өздiгiнен сатып алуға, қалалық және қалааралық маршруттары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына арналған тендерлерге қатысуға құқық берсiн.
2. 1996 жылғы 1 қарашадан бастап тасымалдаушылар арасында қалалық және қала маңындағы тасымалдау маршруттарының пакеттерiн бөлу тендерлiк негiзде ғана жүзеге асырылады, деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 1 тамызына дейiн белгiленген тәртiппен Жалпы пайдаланудағы қалалық автомобиль және электр көлiктерi маршруттарының пакеттерiн орналастыру жөнiнде тендерлер өткiзу туралы үлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
Егер жергiлiктi бюджеттен жолаушылар көлiгiн дамытуға дотация, субсидия бөлiнсе, онда олар маршруттар пакетi бойынша бөлiнедi және осы маршрут бойынша тендерде жеңiп шыққан тасымалшыға берiледi. Тендерге шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан қатыса алады. <*> <*> <*> Тендерде жеңiп шыққан заңды және жеке тұлғалар белгiлi бiр бағытта (бағыттарда) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына келiсiм-шарт жасалғандығын растайтын куәлiк алады. <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi, 4,5-абзацтар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.10.03. N 1219 қаулысымен. P961219_ ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.23. N 251 қаулысымен. P980251_
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүру үшiн негiз болып табылатын арнаулы жол жүру билетiнiң тәртiбiн бекiтсiн.
4. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
1996 жылдың 1 тамызына дейiн әкiмдер аппараттарында жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгiнiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн қазiргi бар саны немесе өзге бөлiмшелер шегiнде жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгiн басқару қызметiн құрсын және оларға: жалпы пайдаланудағы көлiкпен жолаушылар тасымалдаудың маршруттық кестесiн бекiту; тасымалдаушылар арасында (олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан) тендерлiк негiзде маршруттар пакеттерiн құру және оларды орналастыруды ұйымдастыру; жолаушыларға қызмет көрсетудiң сапасына бақылау жасау; жол жүру билеттерiн сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп жеңiлдiктiң iлгерiлемелi жүйесiмен қолданылу күшi әртүрлi мерзiмдi жол жүру билеттерiнiң икемдi жүйесiн әзiрлеп, 1996 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енгiзу;
1996 жылдың 1 тамызына дейiн қалалық жолаушылар көлiгiнiң түрлерiн, субсидиялау түрлерiн, оның iшiнде: жалпы пайдаланудағы қалалық көлiк кәсiпорындарының күрделi және ағымдағы шығыстарындағы жергiлiктi бюджетке қатысу; <*>
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп жолаушылар көлiгi кәсiпорындарын олардың айрықша әлеуметтiк маңыздылығын ескере отырып акционерлендiру және кейiннен жекешелендiру мүмкiндiктерiн қарау функцияларын жүктесiн. ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 4-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.03. N 1219 қаулысымен. P961219_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi