1. "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының 1-қосымшада санамаланған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылсын.
2. "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының 2 және 3-қосымшаларда санамаланған акционерлiк қоғамдар мен басқа заңды тұлғалар (мүлiктiң мемлекеттiк үлестерiнiң) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
1-қосымшада санамаланған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қайтарып алынсын және оларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
"Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына "Жеңiс" (Жезқазған облысы), "Құланды" жылқы зауыты (Қызылорда облысы) және "Арал" асыл тұқымды зауыты (Қызылорда облысы) акционерлiк қоғамдары акцияларының қалдық мемлекеттiк пакеттерiн, осы акционерлiк қоғамдар акционерлерiнiң жалпы жиналысында олардың "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына қосылуы туралы қабылданған шешiмдерiне байланысты иелену, пайдалану және билiк ету құқығы (иелiктен алу мен кепiлдiкке беру құқығынсыз) берiлсiн;
"Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына 2-қосымшада санамаланған акционерлiк қоғамдар акцияларының қалдық мемлекеттiк пакеттерiн "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құруға және осы акционерлiк қоғамдар акционерлерiнiң жалпы жиналысында олардың "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына қосылуы туралы қабылданған шешiмдерiне байланысты иелену, пайдалану және билiк ету құқығы (иелiктен алу мен кепiлдiкке беру құқығынсыз) берiлсiн;
"Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының 3-қосымшада санамаланған акционерлiк қоғамдар мен басқа заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (мүлiктiң мемлекеттiк үлестерi) қайтарып алынсын және оларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
4. Ауыл шаруашылығын қайта құру кезеңiне арналған (1996-1997 жылдары) "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының 4-қосымшада аталған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығы (иелiктен алу мен кепiлдiкке Беру құқығынсыз) сақталсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы акционерлерiнiң жалпы жиналысына "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына қосылу жолымен қайта құру мәселесiн енгiзсiн, қосылған компанияның құқығы мен мiндетiн белгiленген тәртiппен акт бойынша берсiн.
6. "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 807 қаулысының; "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қыркүйектегi N 842 P930842_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 356, 415-бап) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 793 қаулысына 1-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңға сәйкес сатуға жататын "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы акционерлiк қоғамдарының Тiзбесi ___________________________________________________________________ Рет| Атауы | Акциялардың мемлекеттiк N | | пакетiнiң мөлшерi, % ___________________________________________________________________ 1 "Ақ қайың" АҚ (Солтүстiк Қазақстан облысы) 48 2 "Шалабай" Ақ (Семей облысы) 48 3 Бородин атындағы Ақ (Қостанай облысы) 48 4 "Индустриалды" АҚ (Алматы облысы) 48 5 "Кормхоз" АҚ (Алматы облысы) 48 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 793 қаулысына 2-қосымша "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына берiлетiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және билiк етуге арналған "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы акционерлiк қоғамдарының Тiзбесi ___________________________________________________________________ Рет| Атауы | Акциялардың мемлекеттiк N | | пакетiнiң мөлшерi, % ___________________________________________________________________ 1 "Есбол" АҚ (Атырау облысы) 40 2 "Талас" АҚ (Жамбыл облысы) 48 3 "Көктал" АҚ (Бұл да) 48 4 "Тоғызкент" АҚ (Бұл да) 48 5 "Ұланбел" АҚ (Бұл да) 48 6 "Қожатоғай" АҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы) 48 7 "Темiр" АҚ (Бұл да) 48 8 "Көксу" АҚ (Бұл да) 48 9 "Шардара" АҚ (Бұл да) 48 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 793 қаулысына 3-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (мүлiктiң мемлекеттiк үлестерi) қолданылып жүрген заңға сәйкес сатуға жататын "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының акционерлiк қоғамдары мен басқа заңды тұлғаларының Тiзбесi ___________________________________________________________________ Рет| Атауы | Акциялардың мемлекеттiк N | | пакетiнiң (мүлiктiң | | мемлекеттiк үлесiнiң) | | мөлшерi, % ___________________________________________________________________ 1 "Ақтөберуно" АҚ (Ақтөбе облысы) 48 2 "Орал мех комбинаты" АҚ (Батыс Қазақстан облысы) 48 3 "Мұқыр" АҚ (Атырау облысы) 48 4 "Бостандық" АҚ (Жамбыл облысы) 48 5 "Созақ" ұжымдық шаруашылығы (Оңтүстiк Қазақстан облысы) 31 6 "Байырқұм" шағын кәсiпорындарының ассоциациясы (Бұл да) 20 7 "Шабыт" АҚ (Бұл да) 48 8 "Қазқаракөл" АҚ (Бұл да) 48 9 "Көксарай" АҚ (Бұл да) 48 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 793 қаулысына 4-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығы "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясында сақталатын акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi 1 "Красноярск" асыл тұқымды шаруашылығы АҚ (Ақмола облысы) 2 "Ақсай" асыл тұқымды зауыты Ақ (Алматы облысы) 3 Томаровский атындағы асыл тұқымды шаруашылығы Ақ (Алматы облысы) 4 "Красная поляна" асыл тұқымды зауыты АҚ (Жезқазған облысы) 5 "Карагандинец" асыл тұқымды зауыты АҚ (қарағанды облысы) 6 "Асыл тұқым" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Қостанай облысы) 7 "Песчанск" асыл тұқымды зауыты АҚ (Павлодар облысы) 8 "Ұзынкөл" асыл тұқымды шаруашылығы Ақ (Солтүстiк Қазақстан облысы) 9 "Балқашино" асыл тұқымды зауыты Ақ (Ақмола облысы) 10 "Аңқаты" асыл тұқымды зауыты АҚ (Батыс Қазақстан облысы) 11 "Шағатай" асыл тұқымды зауыты АҚ (Батыс Қазақстан облысы) 12 "Алабота" асыл тұқымды зауыты АҚ (Көкшетау облысы) 13 "Кең шалғын" асыл тұқымды зауыты АҚ (Қостанай облысы) 14 "Покровск" асыл тұқымды зауыты АҚ (Қостанай облысы) 15 "Қалбатау" асыл тұқымды зауыты АҚ (Семей облысы) 16 "Просторненск" асыл тұқымды зауыты АҚ (Жезқазған облысы) 17 "Достық" асыл тұқымды зауыты АҚ (Ақмола облысы) 18 Қастек батыр атындағы асыл тұқымды зауыты АҚ (Алматы облысы) 19 "Ақбұлақ" асыл тұқымды зауыты Ақ (Жамбыл облысы) 20 "Мерке" асыл тұқымды зауыты АҚ (Жамбыл облысы) 21 "Сұлукөл" асыл тұқымды зауыты АҚ (Қостанай облысы) 22 "Бесқарағай" асыл тұқымды зауыты АҚ (Павлодар облысы) 23 Әбжанов атындағы асыл тұқымды зауыты АҚ (Семей облысы) 24 "Сарыбұлақ" асыл тұқымды зауыты АҚ (Талдықорған облысы) 25 "Бiрлiк" асыл тұқымды зауыты АҚ (Батыс Қазақстан облысы) 26 "Күйiк" асыл тұқымды зауыты АҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы) 27 "Червенное" асыл тұқымды шаруашылығы АҚ (Көкшетау облысы) 28 "Iле" асыл тұқымды шаруашылығы АҚ (Алматы облысы) 29 "Мұғаджар" жылқы зауыты АҚ (Ақтөбе облысы) 30 "Дегерес" жылқы зауыты АҚ (Алматы облысы) 31 "Көгершiн" жылқы зауыты АҚ (Жамбыл облысы) 32 "Елiктi" жылқы зауыты Ақ (Көкшетау облысы) 33 "Мың жылқы" АҚ (Алматы облысы) 34 "Семиреченск АҚЗ" мемлекеттiк асыл тұқымды зауыты АҚ (Алматы облысы) 35 "Феникс" асыл тұқымды репродукторы АҚ (Алматы облысы) 36 "Племптица" мемлекеттiк асыл тұқымды зауыты АҚ (Қостанай облысы) 37 "Юбилейное" асыл тұқымды зауыты АҚ (Ақмола облысы) 38 "Мерей құс фабрикасы" асыл тұқымды репродукторы АҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы) 39 "Ақмола-Асыл" мал шаруашылығындағы асыл тұқымды iсi жөнiндегi АҚ (Ақмола облысы) 40 "Ақтөбе" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi Ақ (Ақтөбе облысы) 41 "Алматы" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi аумақтық акционерлiк компаниясы (Алматы облысы) 42 "Атырау" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Атырау облысы) 43 "Селекция" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi акционерлiк компания (Шығыс Қазақстан облысы) 44 "Асылдандыру" мал шаруашылығындағы асы тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Жамбыл облысы) 45 "Едiлбай" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Жезқазған облысы) 46 "Ақ жайық" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Батыс Қазақстан облысы) 47 "Таң" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Қарағанды облысы) 48 "Қамқор" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Қызылорда облысы) 49 "Құлагер" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Көкшетау облысы) 50 "Селекция" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Қостанай облысы) 51 "Түлiк" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Маңғыстау облысы) 52 "Локус" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Павлодар облысы) 53 "Элита-Север" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Солтүстiк Қазақстан облысы) 54 "Ертiс" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Семей облысы) 55 "Селекцентр Асыл" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi АҚ (Талдықорған облысы) 56 "Торғай" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi Ақ (Торғай облысы) 57 "Шымкент-Асыл" мал шаруашылығындағы асыл тұқым iсi жөнiндегi Ақ (Оңтүстiк Қазақстан облысы)