"Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 27 қарашадағы N 1598 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1995ж, N 36, 465-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 28 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер
1. "Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы N 1184 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 46, 553-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк холдинг компаниясымен" деген сөздер алынып тасталсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2005.07.27. N 781 қаулысымен .
3.<*>
Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.11.22. N 1641 қаулысымен.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N 1097 қаулысымен.