1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшаға сәйкес "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрамынан құрылымдық бөлiмшелердi бөлiп шығару және олардың базасында заңды тұлға құқығымен дербес мемлекеттiк кәсiпорындар құру жолымен оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларды заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 шiлдедегi N 844 P960844_ қаулысымен бекiтiлген заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен беру бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Павлодар облысының әкiмiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға беру туралы мәселенi шешетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрылымдық бөлiмшелерiн бөлiп шығарудың нәтижесiнде пайда болған кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн қажеттi инвесторлардың көлемiн айқындасын.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрылымдық бөлiмшелерiн бөлiп шығарудың нәтижесiнде пайда болған кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн қабылдап алу өткiзу актiсi бойынша оларды сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi көрсетiлген мүлiктiк кешендердi ашық тендерлерде сатуды жүзеге асырсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi В.В.Храпуновқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 855 қаулысына 1 қосымша "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрамынан бөлiнетiн құрылымдық бөлiмшелердiң ТIЗБЕСI "Богатырь" "Восточный" "Северный" "Степной" "Майкөбең" кенiштерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 855 қаулысына 2 қосымша Жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiне берiлетiн әлеуметтiк сала объектiлерiнiң ТIЗБЕСI "Горняк" спорттық-сауықтыру кешенi газ шаруашылығы басқармасы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы