Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Талдықорған, Торғай облыстары мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және Мәдениет министрлiгiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:
а) Мына бiлiм және мәдениет мекемелерiне:
Алматы облысы бойынша:
Кеген ауданындағы Құрметтi орта мектебiне - белгiлi педагог еңбек сiңiрген мұғалiм Әужан Ниязбековтың;
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе ауданындағы Қарғалы орта мектебiне - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының белгiлi ұйымдастырушыларының бiрi, профессор Мұхтар Арыновтың;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Жаңақала ауданындағы Қызылоба орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаевтың;
Көкшетау облысы бойынша:
Көкшетау қазақ педагогикалық колледжiне - белгiлi жазушы, журналист - Жанайдар Мусиннiң;
Көкшетау облыстық қазақ облыстық қазақ музыкалық-драма театрына - белгiлi жазушы-драматург - Шахмет Хұсайыновтың;
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды қаласындағы N 35 орта мектепке - Кеңес Одағының батыры (қазiр көзi тiрi, ерекше жағдаймен) - Юрий Николаевич Павловтың;
Қызылорда облысы бойынша:
Сырдария ауданындағы N 153 орта мектепке - көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым Шахмардан Есеновтың;
Арал ауданындағы N 60 Сазды орта мектебiне - белгiлi жазушы Жақсылық Түменбаевтың;
Шиелi ауданындағы N 155 Ақтоған орта мектебiне - Ұлы Отан соғысына қатысушы, атақты мерген Дүйсенбай Шыныбековтың;
Павлодар облысы бойынша:
Ақтоғай ауданындағы Жаңаталап орта мектебiне - аудандағы алғашқы мектептi ұйымдастырушы, еңбек сiңiрген мұғалiм Хасен Шаяхметовтың; Павлодар облыстық гимназия-интернатына - көрнектi ғалым-ағартушы Ыбырай Алтынсаринның; Павлодар облыстық бiрiккен кiтапханасына - қазақтың көрнектi ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың;
Торғай облысы бойынша:
Арқалық педагогикалық колледжiне - қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш шыққан журналист-публицист, аудармашы Нәзипа Құлжанқызының;
Алматы қаласы бойынша:
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттiк консерваториясының жанындағы опера студиясына - белгiлi актер, халық артисi Құрманбек Жандарбековтың есiмдерiн беру туралы;
ә) Мына бiлiм және мәдениет мекемелерiн:
Алматы облысы бойынша:
Еңбекшiқазақ ауданындағы Ильич атындағы орта мектептi - көрнектi мемлекет қайраткерi Дiнмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп;
Атырау облысы бойынша:
Құрманғазы ауданындағы К.Маркс атындағы орта мектептi - көрнектi қазақ ақыны Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектеп;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Жаңақала ауданындағы Киров атындағы орта мектептi - Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнiсов атындағы орта мектеп;
Қызылорда облысы бойынша:
Арал ауданының N 57 Октябрь орта мектебiн - көрнектi қоғам қайраткерi Елеу Көшербаев атындағы орта мектеп;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша:
Түркiстан қаласындағы Киров атындағы орта мектептi - iрi қолбасшы, мемлекет қайраткерi Әмiр Темiр атындағы орта мектеп;
Сайрам ауданындағы "Ленинский путь" орта мектебiн қазақ халқының батыр ұлдарының бiрi, атақты мерген Әбдiбай Құрмантаев атындағы орта мектеп; Сайрам ауданындағы С.Ордженикидзе атындағы орта мектептi - Жүсiпбек Аймауытов атындағы орта мектеп;
Түлкiбас ауданының Ақбиiк ауылдық әкiмшiлiгiндегi В.И.Ленин атындағы орта мектептi - белгiлi жазушы Тұтқабай Иманбекұлы атындағы орта мектеп;
Талдықорған облысы бойынша:
Талдықорған ауданындағы Тельман атындағы орта мектептi - белгiлi қазақ ақыны Жұматай Жақыпбаев атындағы орта мектеп деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары