"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Бекiтiлсiн:
Iргелi зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру тәртiбi туралы
Ереже (қоса берiлiп отыр).
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.04. N 1698
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасында ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 61 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 28-бап) 2-тармағындағы екiншi абзац алынып тасталсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1663 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 24 шiлдедегi
N 924 қаулысына
3 қосымша
Iргелi зерттеулер бағдарламаларын
қаржыландыру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес әзiрлендi және ол iргелi зерттеулер бағдарламаларын нысаналы бюджеттiк қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Iргелi зерттеулердiң мақсаты табиғат, әлеуметтiк жүйелердiң даму заңдылығы туралы принциптi жаңа бiлiм алу және экономиканы жаңғырту мен қоғамның, ғылым мен бiлiмнiң тұрақты дамуының ғылыми негiздерiн әзiрлеу болып табылады. Бюджеттiк қаржыландыруда республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша iргелi зерттеулерге артықшылық берiледi.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы (бұдан әрi - Ғылымминi - Ғылым академиясы) ғылым мен техника саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай органы бола отырып, елiмiздiң ғылыми мекемелерi, жоғары оқу орындары жекелеген ғалымдары орындайтын iргелi зерттеулердi үйлестiредi және алынған нәтижелердi мемлекеттiк қабылдап алуды ұйымдастырады.
4. Ғылымминi - Ғылым академиясы кең ғылыми жұртшылықты және мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы тарта отырып iргелi зерттеулердiң жаңашылдығы мен деңгейiне талдау жасайды. Ғылымның бағыттары бойынша бөлiмшелердiң кеңестерi, Бiлiм министрлiгiнiң сарапшы кеңестерi, Ғылымминi - Ғылым академиясының жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестiң iргелi зерттеулер жөнiндегi кеңесi iргелi зерттеулердiң басым бағыттарын айқындайды.
5. Iргелi зерттеулердiң басым бағыттары бойынша Ғылымминi - Ғылым академиясы бөлiмшелерiнiң жанынан ведомстволық бағыныстылығына қарамастан республиканың жетекшi ғалымдары арасынан ғылыми кеңестер құрылады. Бұл кеңестер республиканың барлық мүдделi ғылыми ұжымдары мен жекелеген ғалымдарын қатыстыра отырып, ашық конкурс негiзiнде iргелi зерттеулердiң нақты бағдарламаларын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды. Конкурстың шарттары республикалық баспасөзде жарияланады.
6. Конкурсқа өткiзiлетiн барлық құжаттар мiндеттi мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамадан өткiзiледi (iргелi зерттеулер бағдарламаларына сараптама жүргiзу туралы ереженi Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi).
7. Ғылымминi - Ғылым академиясы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестiң ұсыныстары және iргелi зерттеулер жөнiндегi кеңестiң қорытындыларын ескере отырып, iргелi зерттеулердiң тиiстi бағдарламаларын бекiту және оларды қаржыландыру туралы шешiм қабылдайды, бағдарламалар бойынша бас ұйымдарды белгiлейдi.
Iргелi зерттеулердiң нақты бағдарламасы бойынша бас ұйым ретiнде Ғылымминi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты мекемелермен қатар ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кез келген ұйым белгiленуi мүмкiн. Оларды таңдап алуда қажеттi құрал - аппаратурамен қамтамасыз етiлген, зерттеулердiң тиiстi бағыты бойынша ғылыми мектебiнiң болуы айқындаушы өлшем болуға тиiс.
8. Бекiтiлген iргелi зерттеулердi Ғылымминi - Ғылым академиясы бағдарламалар жөнiндегi бас ұйымдар арқылы қаржыландырады.
9. Iргелi зерттеулер жүргiзуге кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiк қаржының көлемi ағымдағы жылдың маусым-шiлдесiнде бас ұйымдардың мемлекеттiк ғылыми техникалық сараптамадан өткен қорытылған ұсыныстарының негiзiнде қалыптастырылады. Бұл көлемдер Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары жобасының ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудың жалпы көлемiне қосылады, оны Қазақстан Республикасының Экономминiмен бiрлесе отырып Ғылымминi - Ғылым академиясы мүдделi орталық атқарушы органдар ұсыныстарының талдамасы мен сараптамасының негiзiнде түзедi.
10. Белгiленген тәртiппен республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн Ғылымминi - Ғылым академиясы iргелi зерттеулер бағдарламалары бойынша бас ұйымдарды қаржыландыру көлемдерiн түпкiлiктi айқындайды. Бас ұйымдарды қаржыландыру келiп түскен бюджеттiк қаражат көлемiне сайма-сай жүзеге асырылады.
11. Iргелi зерттеулер бағдарламасын iске асыруға жауапты бас ұйымдар өз қызметiн ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ғылымминi - Ғылым академиясы бас ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және iргелi зерттеулердiң әрбiр бағдарламасына бөлiнген бюджеттiк қаржының тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасайды.