"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 U962895_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 наурыздағы N 217 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 99-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысының (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап) күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер- Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 шiлдедегi
N 941 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы (бұдан әрi - Ғылымминi - Ғылым академиясы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамындағы ғылым және техника саласында, сондай-ақ аэроғарыш қызметi, атом энергиясын пайдалану мен Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету саласын басқаратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Ғылымминi - Ғылым академиясы iргелi және қолданбалы зерттеулер, жоғары бiлiктi ғылыми кадрлар даярлау, елiмiздiң ғылыми-технологиялық саласының инфрақұрылымын жасау жөнiндегi жоғары ғылыми үйлестiру және әдiстемелiк орган. Ол мемлекеттiк тапсырыс берушi ретiнде конкурстар мен мақсаттық бағдарламалық әдiс негiзiнде, мiндеттi мемлекеттiк сараптама жүргiзе отырып, iргелi зерттеулер бағдарламаларын, республикалық нысаналы, аймақтық, салааралық, салалық iзденiстер және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды Қазақстан Республикасының әлеуметтiк экономикалық даму басымдықтарына сәйкес мемлекеттiк қаржыландыруды жүзеге асырады.
3. Ғылымминi - Ғылым академиясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заң актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Ғылымминi - Ғылым академиясы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
II. Ғылымминi - Ғылым академиясының негiзгi
мiндеттерi мен функциялары
5. Ғылымминi - Ғылым академиясының негiзгi мiндеттерi:
мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу, оның iшiнде мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының құрамдас бөлiгi ретiнде ғылыми-технологиялық саланы басқарудың барлық субъектiлерiнiң қызметiне басшылық жасау;
республикада ғылым мен техниканың дамуын болжау және қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын айқындау, республиканың күрделi ғылыми-техникалық және аймақтық проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша республикалық, халықаралық және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар жасап, оны жүзеге асыру;
қазiргi есептеу құралдары мен ақпараттық технологиялар негiзiнде информатика, ғылым мен мемлекеттiк басқару органдары инфрақұрылымын құру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;
ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтiң тәртiбiн белгiлейтiн заң актiлерi мен басқа да нормативтiк актiлердiң жобаларын дайындау;
бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми мекемелердiң оңтайлы жүйесiн белгiленген тәртiппен қалыптастыру, ғылыми-техникалық саланың объектiлерiн жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
аэроғарыш қызметi және атом энергиясын, ракета-ғарыштық техниканы пайдаланумен ғарыш кеңiстiгiн игеру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
ғылыми интеллектiлiк меншiктi сақтау, ғылыми қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, ғылымның өндiрiспен интеграциясы жүйесiн жетiлдiруге қатысу;
инновациялық қызметтiң түрлi нысаналарын дамытуға жәрдемдесу, ғылыми-технологиялық саланың экономикалық тетiгiн жетiлдiру, ғылыми-техникалық өнiмдер нарығын қалыптастыру;
аймақтардың қоғамдық, ғылыми-техникалық және мәдени даму процестерiне, экологиялық жағдайына дер кезiнде баға берiп, бұл мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
ғылымның, ғылыми қызметкерлердiң мәртебесiн көтеру, ғалымдардың өнiмдi шығармашылық еңбек етуi үшiн қолайлы жағдай жасау болып табылады.
6. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
елiмiздiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң ахуалы мен даму динамикасына, iс жүзiнде қолданылынуын қоса алғанда, зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелiлiгiне талдау жасайды;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып, елiмiздiң ғылыми-техникалық дамуына кететiн шығындарды негiздейдi және бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етедi;
iргелi және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулердiң нысаналы бағдарламаларын мемлекеттiк ғылыми сараптама жүргiзе отырып, конкурстық негiзде қаржыландыруды жүзеге асырады;
ұлттық ғылыми орталықтары, Ғылымминi - Ғылым академиясы ғылыми- зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, салалық, соның iшiнде қорғаныс және агроөнеркәсiптiк кешендер, ғылыми зерттеу, жобалау-конструкторлық және басқа да бағдарламалар мен жобалар орындаушы ұйымдар жүргiзетiн ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестiредi;
ғылым мен техниканың дамуы мәселелерi жөнiнде министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге атқару органдары мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды бiрлесiп жүргiзудi қамтамасыз етедi, ғылыми ұйымдардың бюджеттен бөлiнген және бюджеттен тыс қаражатты дұрыс пайдалануына бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық, саяси және рухани даму стратегиясын әзiрлеу мен оны ғылыми негiздеуге белсене араласады;
ғылым мен жаңа технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
мемлекеттiк басқару органдарын ақпараттандыру бағдарламалары мен жобаларын келiседi;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiредi, ғылыми-техникалық салада ұлттық ақпарат ресурсын, оның iшiнде Республикалық патент қорын қалыптастырады;
ғылыми-техникалық сала үшiн жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
республиканың ғылыми-техникалық проблемаларын шешу мақсатында "Байқоңыр" ғарыш айлағының, Семей ядролық сынақ полигонының объектiлерiн және басқа ғылыми-техникалық кешендердi тиiмдi пайдалану жөнiнде тиiстi шаралар әзiрлеудi, оны жүзеге асыруды үйлестiредi;
ғылым мен техниканың жетiстiктерiн насихаттайды, ғылыми еңбектердi басын шығаруды қолдайды, халықаралық және республикалық съездер, сессиялар, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, мәжiлiстер, көрмелер өткізедi;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды өнертапқыштық және патенттiк-лицензиялық жұмыстарды ұйымдастырады және жетiлдiредi;
ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға, сондай-ақ дарынды жас ғалымдарға мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
ұлттық ғылыми орталықтардың, ғылыми және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн басқарады;
заң актiлерiнде белгiленген шамада, өз қызметiнiң мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi, Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк өз функцияларын өз құзыретi шегiнде, осы Ереженi және агенттiктер туралы ережелердi басшылыққа ала отырып, Ғылымминi - Ғылым академиясымен келiсе отырып орындайды.
8. Ғылымминi - Ғылым академиясына ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, орталықтары, обсерваториялар, ботаникалық бақтар зерттеу экспедициялары мен станциялары, конструкторлық-технологиялық ұйымдар, тәжiрибе станциялары мен өндiрiстерi, баспаханалар, кiтапханалар, архивтер, мұражайлар, ғылыми-көмекшi кәсiпорындар мен басқа да ұйымдар, сондай-ақ қызметкерлердiң еңбек етуiне, тұрмысы мен демалуына қажеттi жағдайлар жасайтын әлеуметтiк сала мекемелерi ведомстволық бағыныста болады.
9. Ғылымминi - Ғылым академиясы белгiленген тәртiппен бiлiм салалары бойынша ғылыми бөлiмдер, ғылыми және ғылыми-техникалық орталықтар мен басқа да ғылыми және ғылыми-көмекшi бөлiмшелер құрады.
10. Қазақстан Республикасы Ғылымминi - Ғылым академиясының бөлiмшесi (бұдан әрi - Бөлiмше) институттар мен басқа да ғылыми ұйымдардың қызметiн үйлестiретiн Ғылымминi - Ғылым академиясының толық мүшелерiн (академиктер), корреспондент мүшелерiн және жетекшi ғалымдарын бейiнiне қарай бiрiктiретiн ғылыми ұйымдастырушы орган болып табылады.
11. Аймақтық ғылыми бөлiмшелер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары және Ғылымминi - Ғылым академиясының белгiленген тәртiппен құрылған басқа да ұйымдарының заңды тұлғаға тән құқықтары бар.
III. Ғылымминi - Ғылым академиясының құқықтары
12. Алдына қойылған мiндеттер мен жүктелген функцияларды орындау үшiн Ғылымминi - Ғылым академиясына мынадай құқықтар берiледi:
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғылыми-техникалық саясатты iске асыру, ғылыми-технологиялық саладағы қаржыландыру көлемi және оны пайдалану бағыттар жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде ғылыми-техникалық саланың барлық ұйымдары мiндеттi түрде орындауға жататын жетекшi және нормативтiк актiлер шығару;
Ғылымминi - Ғылым академиясының құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты тиiстi министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан, өзге де орталық атқарушы органдардан, ғылыми ұйымдардан белгiленген тәртiппен сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми мекемелердi құру, тарату, қайта құру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
ұлттық ғылыми орталықтардың, Ғылымминi - Ғылым академиясының денсаулық сақтау, жоғары мектептiң бөлiмшелерi, ғылыми ұйымдары және салалық институттар жүргiзетiн ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ жоспарланып отырған жылға және болашаққа жасалған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша тапсырмалар мен көрсеткiштер туралы есептерiн тыңдау, соларға орай бас ұйымдар мен ғылыми-жетекшiлер бекiту;
ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалу барысын кешендi түрде тексеру, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан ғылыми-техникалық бағдарламалармен жобаларды iске асыруға қатысушы ғалымдар мен әзiрлеушiлер ұжымдарының бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты мақсатты пайдалануына бақылау жасау;
ғылыми-технологиялық саладағы жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
жобаларды, ұлттық бағдарламаларды ғылыми-техникалық жағынан, сондай-ақ министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар мен ұйымдардың тапсырысы бойынша жүргiзiлiп жатқан ғылыми-технологиялық қызмет саласындағы жобалар мен ұсыныстарды мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамадан өткiзудi ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен Ғылымминi - Ғылым академиясының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық деңгейде мемлекет мүддесiн бiлдiру;
ғылыми-техникалық салада шет мемлекеттермен және ұйымдармен келiсiмдер, шарттар жасауға және әзiрлеуге қатысу;
конкурстық таңдаудан өткен қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ғылымға бөлiнетiн қаражаттың бiр бөлiгiнiң есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыру;
елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық құрылымдарын ақпараттандыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды үйлестiру;
елiмiздiң кiтапхана қорлары мен ғылыми-техникалық ақпарат органдарын отандық және шетелдiк ақпарат көздерiмен жасақтауды үйлестiру;
ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан белгiленген тәртiппен ұйымдардың өкiлдерiн Ғылымминi - Ғылым академиясы құрған сараптама комиссияларының, жұмыс топтары мен уақытша шығармашылық ұжымдардың жұмысына тарту;
республиканың атқарушы органдары мен ұйымдарының басшылары мен мамандарын тарта отырып, белгiленген тәртiппен өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжiлiстер өткiзу;
аса зор ғылыми жетiстiктер үшiн ғалымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен Ғылымминi - Ғылым академиясының сыйлықтары мен стипендияларын тағайындау.
IҮ. Ғылымминi - Ғылым академиясының қызметiн
ұйымдастыру
13. Ғылымминi - Ғылым академиясын Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi басқарады, оны "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығы шыққанға дейiнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы толық мүшелерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң орынбасарларын Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi лауазымға тағайындайды.
Ғылым министрiнiң бiрiншi орынбасары - Ғылым академиясының вице-президентi лауазымға академияның толық мүшелерiнiң (академиктердiң) пікiрiн ескере отырып ұсынылады.
14. Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң жанынан алқа құрылады, оның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Алқаның жеке құрамын Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi Ғылымминi - Ғылым академиясының құрылымдық бөлiмше басшыларының ғылыми бөлiмшелердiң хатшы-академиктерiнiң, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi мен Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi басшыларының есебiнен бекiтедi. Алқа мүшелерiнiң үштен бiрiн Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi 1996 жылғы 11 наурызға дейiнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының толық мүшелерiнен iрiктейдi. Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi мен оның орынбасарлары лауазымдары бойынша алқа мүшелерi болады.
15. Алқа консультативтiк кеңесшi орган болып табылады, ол күнделiктi қызметтiң негiзгi мәселелерiн, маңызды жергiлiктi актiлердiң жобаларын, республикадағы ғылыми-техникалық қызметтiң даму болашағы мен оның тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету шараларын қарайды, қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды. Алқа туралы ереженi Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi.
16. Ғылымминi - Ғылым академиясының жанынан Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi басқаратын Жоғары ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Кеңестiң құрамы ғылыми көпшiлiктiң пiкiрлерiн ескере отырып, ғылымның әртүрлi саласының жетекшi ғалымдары мен мамандарынан, сондай-ақ Ғылымминi - Ғылым академиясының жауапты қызметкерлерiнен қалыптастырылады.
Жоғары ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
17. Ғылымминi - Ғылым академиясының жанында Мемлекеттiк бас ғылыми-техникалық сараптама (МБҒТС) жұмыс iстейдi. МБҒТС туралы ереженi Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi.
18. Ғылымминi - Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құқықтық мұрагерi ретiнде осы академиялардың толық мүшелерiн (академиктердi), корреспондент-мүшелерiн, шетелдiк және құрметтi мүшелерiн бiрiктiредi.
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының толық мүшелерiн шетелдiк және құрметтi мүшелерiн бұдан былайғы сайлау Қазақстан Республикасының Ғылымминi - Ғылым академиясы бекiтетiн тиiстi Ереже негiзiнде жүзеге асырылады.
19. Академияның толық мүшелерi (академиктер), корреспондент-мүшелерi мен жетекшi ғалымдардың жалпы жиналысы:
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың маңызды мәселелерiн талқылайды, жаратылыстану, техника, аграрлық және гуманитарлық ғылымдар, саласындағы iргелi зерттеулердiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын белгiлеп, олар жөнiнде ұсыныс шешiмдер қабылдайды;
Академиктердi сайлау жөнiндегi Ережеге сәйкес академиктердi сайлайды;
Қазақстан Республикасы Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiткен Жалпы жиналыс туралы Ережеге сәйкес басқа да мәселелердi қарайды.
20. Ғылым академиясы толық мүшесiнiң (академиктiң) басты мiндетi ғылымды жаңа жетiстiктермен жаңалық ашулармен байыта түсу, бiрiншi дәрежелi ғылыми маңызы бар зерттеулердi iске асыру, ғылыми зерттеулердiң дамуын жеделдету, оның ауқымдылығы мен жоғары деңгейде болуына жауапкершiлiкте болу, өзi сайланған бағытта ғылыми кадрлар әзiрлеу мен ғылыми мектептердi қалыптастыруға тiкелей қатысу болып табылады.
21. Ғылым академиясының толық мүшелерi (академиктер):
академияның толық мүшелерiн (академиктердi), шетелдiк және құрметтi мүшелерiн сайлайды;
"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентiн тағайындауға өздерiнiң келiсiмдерiн бередi;
Ғылымминi - Ғылым академиясының және Ғылымминi - Ғылым академиясы жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестiң алқа мүшелерiнiң құрамына академия толық мүшелерiнiң кандидатураларын ұсынады;
Ғылым академиясының толық мүшелерi туралы ережеге сәйкес басқа да функцияларды атқарады.
22. Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi:
Ғылымминi - Ғылым академиясына жүктелген мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне орталық аппаратының құрылымы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде орталық аппараттың штаттық кестесiн бекiтедi;
өз орынбасарларының арасында мiндеттер бөледi;
ғылыми-техникалық саладағы халықаралық келiсiмдерге белгiленген тәртiппен қол қояды;
Ғылымминi - Ғылым академиясының қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Ғылымминi - Ғылым академиясын ұстауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың, сондай-ақ бюджеттен тыс тиiстi қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
Ғылымминi - Ғылым академиясының жұмыс регламентiн, бiлiктiлiк лауазымдық талаптарды, сондай-ақ Ғылымминi - Ғылым академиясының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелер мен ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың құрылтайшы құжаттарын бекiтедi.
ЕСКЕРТУ. 22-тармақтан абзац алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен. P961668_
23. Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi Ғылымминi - Ғылым академиясына жүктелген мiндеттердiң орындалуына жеке жауап бередi.
24. Ғылымминi - Ғылым академиясын ұстау республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.