1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес гидрогеологиялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн реттеу және шектеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес тоқтатсын;
акционерлердiң жалпы жиналысына "Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын тарату жөнінде ұсыныс енгiзсiн және оны таратуды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырсын;
"Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының таратылғаннан кейiнгi қалған мүлкiн сату үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
қоса берiлiп отырған тiзбеде көрсетiлген және бұрын "Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрылымына кiрген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қоса берiлiп отырған тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату кезiнде тендердiң бiр шарты ретiнде сатып алушының жерасты суларының мониторингi бойынша режимдi гидрогеологиялық партияларды сақтау және мемлекеттiк тапсырысты орындау жөнiндегi мiндеттемесiн ескерсiн.
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде гидрогеологиялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн реттеу және шектеу саласындағы оның құзыретiн айқындайтын қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. "Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 898 қаулысының күшi жойылған деп танылсын /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 38, 444-бап/.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 21 тамыздағы
N 1042 қаулысына
қосымша
"Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
құрылымына бұрын кiрген және акцияларының мемпакетiн
сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес берiлетiн акционерлiк қоғамдардың
ТIЗБЕСI
______________________________________________________________
N | |Акцияларының мемлекеттiк
р/с| Атауы |пакетiнiң шамасы, %
| |
___|_________________________________|________________________
| |
1.|"Алматыгидрогеология" АҚ | 20
2.|"Актюбгидрогеология" АҚ | 39
3.|"Атыраугидрогеология" АҚ | 39
4.|"Жамбылгидрогеология" АҚ | 39
5.|"Жайықгидрогеология" АҚ | 90
6.|"Көкшетаугидрогеология" АҚ | 39
7.|"Қостанайгидрогеология" АҚ | 90
8.|"Кзылордагидрогеология" АҚ | 45,4
9.|"Павлодаргидрогеология" АҚ | 39
10.|"Семейгидрогеология" АҚ | 60
11.|"Талдықорғангидрогеология" АҚ | 70
12.|"Шымкентгидрогеология" АҚ | 39