Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Алматы қаласының әкiмiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген Алматы қаласының бiлiм мекемелерiне: N 161 көп салалы қазақ гимназиясына - қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың; N 128 қазақ орта мектебiне - қазақ әдебиетiнiң классигi Мұхтар Әуезовтың есiмдерiн беру туралы ұсыныстары қабылдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi