Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 3 қыркүйек 1996 жылғы N 1080. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.29. N 323 қаулысымен. ~P000323

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 18 наурыздағы N 688 Жарлығын U920688_ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру

 

қоры туралы қоса берілiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгi салық органдарымен өзара iс-қимыл жасап Қазақстан

Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру

жарналарын төлеушiлердi тiркеудi екi ай мерзiмде қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 3 қыркүйектегi

                                        N 1080 қаулысымен

                                           БЕКIТIЛГЕН


         Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк

                   сақтандыру қоры туралы

                          ЕРЕЖЕ


               I. Жалпы ережелер мен мiндеттер



 
       1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру

 

қоры (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк

қорғау органдары жүйесiне кiредi.

     2. Қордың негiзгi мiндеттерi:

     мiндеттi сақтандыру жарналарын төлеушiлердi толық есепке алу

мен тiркеудi қамтамасыз ету;

     жәрдемақы төлеуге арналған қаражатты шоғырландыру және оған

жұмсалатын шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету;

     қор қаражатының түсуiнiң және жұмсалуының есебiн ұйымдастыру;

     сақтандыру жарналарының төленуiне және Қор қаражатының нысаналы

мақсатта жұмсалуына бақылау жасау.


                        II. Қор қаражаты


     3. Қор қаражаты:

     мiндеттi жарналарды төлеушiлердiң Мемлекеттiк әлеуметтiк

сақтандыруға аударымдары;

     жарналар белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда есептелген

өсiм сомасы;

     әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен берiлетiн санаторлық

жолдамалардың iшiнара құнының түсiмдерi;


 
       басы бос қаражаттарды мемлекеттiк бағалы қағаздар немесе мемлекеттiк банктердiң депозиттерiне орналастырудан алынған табыстары;
      жұмыс берушiнiң еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi қолданылып жүрген ереженi бұзу салдарынан болған еңбек жарақаты мен кәсiби ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеуге арналған шығын сомасының орнын толтыру;
      әлеуметтiк сақтандыру бойынша белгiленген тәртiппен сақтандыру жарнасы есебiне есептеуге алынбаған шығыстар;
      Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түсiмдер есебiнен құралады.
      4. Қордың ақшалай қаражаты:
      еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жүктiлiгiне, босануына байланысты, бала туғанда, жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны қаржыландыруға;
      сауықтыру сипатында көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалады.
      5. Қордың ақшалай қаражаты мемлекеттiк бюджеттiң құрамына кiрмейдi, алып қоюға жатпайды.
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналарының тарифтерi және оларды Қорға аудару нормативi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
      6. Қорға қаражат аудару үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдары белгiленген тәртiппен шоттар ашады.
      7. Қаражаттың басы бос қалдықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiк банкiндегi қордың тиiстi есебiне жинақталады және белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сақтандыру жөнiндегi шығыстарды өтеуге жұмсалады.
      Қызмет көрсетушi банктерiндегi төлеушiлердiң сақтандыру жарнасының шотына түсетiн әлеуметтiк сақтандыру шығыстарының орнын толтыруға арналған Қор қаражаты мақсатты түрде қатаң жұмсалады.
      8. Сақтандыру жарналарын уақтылы және толық аудару және қаражаттың мақсатты жұмсалуы үшiн ұйымдардың басшылары мен бас бухгалтерлерi жауап бередi.
 
                         III. Қорды басқару
 
      9. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қордың басқару органы табылады.
      10. Қордың оперативтiк және ағымдағы мiндеттерiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының iстерi жөнiндегi Бас басқарма, жергiлiктi халықты әлеуметтiк қорғау органдарында тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
      11. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының iстерi жөнiндегi бас басқарма және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi:
      Қордың перспективалық және ағымдағы мiндеттерiн айқындайды;
      мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналарын төлеушiлердiң толық есебiнен және тiркеудi қамтамасыз етедi;
      Қорға мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған сақтандыру жарналарының уақтылы және толық түсуiн және оның қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын бақылайды;
      республикалық және аумақтық деңгейде алдағы жылға арналған Қор

 

бюджетiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi және олардың

орындалуы туралы есептер құрастырылады;

     Қорға сақтандыру жарналары аударымдарының нормативтерi жөнiнде

ұсыныс әзiрлеуге қатысады;

     Қор қызметiнiң мәселелерi бойынша ұйымдық әдiстемелiк және

түсiндiру жұмысын жүзеге асырады.


                        IҮ. Қор бюджетiн бекiту


     12. Қор бюджетiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк

қорғау министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының

Үкiметi бекiтедi.


              Ү. Сақтандыру жарналарының төленуiн және

                 Қордың қаражатының жұмсалуын бақылау



 
       13. Сақтандыру жарналарының толық әрi уақтылы төленуiн, Қор қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
 
                         ҮI. Дауларды шешу
 
      14. Сақтандыру жарналарын төлеушiлер мен жергiлiктi халықты әлеуметтiк қорғау органдары арасындағы Қорға сақтандыру жарналарын есептеу мен төлеу және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуы мәселелерi жөнiндегi барлық дауларды халықты әлеуметтiк қорғаудың жоғары тұрған органы шешедi немесе Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен шешiледi.
 

Об утверждении Положения о Фонде государственного социального страхования Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 1996 г. N 1080. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 февраля 2000 г. N 323 ~P000323

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 18 марта 1992 г. N 688 U920688_ "О создании Фонда государственного социального страхования Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Фонде государственного социального страхования Республики Казахстан.
      2. Министерству социальной защиты населения Республики Казахстан во взаимодействии с налоговыми органами в двухмесячный срок обеспечить регистрацию плательщиков страховых взносов в Фонд государственного социального страхования Республики Казахстан.
 

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

                                            УТВЕРЖДЕНО
                                  постановлением Правительства
                                        Республики Казахстан
                                   от 3 сентября 1996 г. N 1080

 
 
                           П О Л О Ж Е Н И Е
                о Фонде государственного социального
                  страхования Республики Казахстан

                    I. Общие положения и задачи

      1. Фонд государственного социального страхования Республики Казахстан (далее - Фонд) входит в систему органов социальной защиты населения Республики Казахстан.
      2. Основными задачами Фонда являются:
      обеспечение полного учета и регистрации плательщиков обязательных страховых взносов;
      аккумулирование средств и обеспечение финансирования расходов на выплату пособий;
      организация учета поступлений и расходования средств Фонда;
      контроль за уплатой страховых взносов и расходованием средств Фонда по целевому назначению.

                         II. Средства Фонда

      3. Средства Фонда образуются за счет:
      отчислений плательщиков обязательных взносов на государственное социальное страхование;
      сумм начисленной пени в случае неуплаты взносов в установленные сроки;
      поступлений частичной стоимости санаторных путевок, выдаваемых за счет средств социального страхования;
      доходов, получаемых от размещения свободных средств в государственные ценные бумаги или в депозит государственных банков;
      возмещенных сумм расходов, произведенных на выплату пособий по временной нетрудоспособности в связи с трудовыми увечьями и профессиональными заболеваниями, происшедшими вследствие нарушения работодателем действующих правил по охране труда и технике безопасности;
      сумм расходов по социальному страхованию, не принятых в установленном порядке к зачету в счет страховых взносов;
      других поступлений, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.
      4. Денежные средства Фонда направляются на:
      финансирование пособий по временной нетрудоспособности, по беременности и родам, при рождении ребенка, на погребение;
      оплату услуг оздоровительного характера.
      5. Денежные средства Фонда не входят в состав государственного бюджета и изъятию не подлежат.
      Тарифы взносов на обязательное социальное страхование и норматив отчислений в Фонд устанавливаются законодательными актами Республики Казахстан.
      6. Для зачисления средств, поступающих в Фонд, органам социальной защиты населения открываются в установленном порядке счета в государственном Бюджетном банке Республики Казахстан.
      7. Свободные остатки средств аккумулируются на соответствующих счетах Фонда в государственном Бюджетном банке Республики Казахстан и используются на покрытие расходов по государственному социальному страхованию в установленном порядке.
      Средства Фонда, поступающие на счета плательщиков страховых взносов в обслуживающих банках на возмещение расходов по социальному страхованию, используются строго по целевому назначению.
      8. Ответственность за своевременное и полное отчисление страховых износов и расходование средств по целевому назначению несут руководители и главные бухгалтеры организаций.
 
                        III. Управление Фондом
 
      9. Управляющим органом Фонда является Министерство социальной защиты населения Республики Казахстан.
      10. Для решения оперативных и текущих задач Фонда создаются Главное управление по делам Фонда государственного социального страхования Министерства социальной защиты населения Республики Казахстан и соответствующие структурные подразделения в местных органах социальной защиты населения.
      11. Главное управление по делам Фонда государственного социального страхования и соответствующие структурные подразделения местных органов социальной защиты населения:
      определяют перспективные и текущие задачи Фонда;
      обеспечивают полный учет и регистрацию плательщиков обязательных страховых взносов;
      осуществляют контроль за своевременностью и полнотой поступления страховых взносов в Фонд и целевым использованием его средств;
      разрабатывают предложения по формированию бюджета фонда на предстоящий год на республиканском и региональных уровнях, составляют отчеты об их исполнении;
      участвуют в разработке предложений по нормативам отчислений страховых взносов в Фонд;
      осуществляют организационно-методическую и разъяснительную работу по вопросам деятельности Фонда.

                   IV. Утверждение бюджета Фонда

      12. Бюджет Фонда утверждается Правительством Республики Казахстан по представлению Министерства социальной защиты населения Республики Казахстан.

              V. Контроль за уплатой страховых взносов
                    и расходованием средств Фонда

 
       13. Контроль за полнотой и своевременностью уплаты страховых взносов, целевым использованием средств Фонда осуществляется Министерством социальной защиты населения Республики Казахстан и другими уполномоченными государственными органами.
 
                        VI. Разрешение споров
 
      14. Все споры между плательщиками страховых взносов и местными органами социальной защиты населения по вопросам начисления и уплаты страховых взносов в Фонд и целевого использования средств обязательного социального страхования решаются вышестоящим органом социальной защиты населения либо в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан