1996 жылдың 7 айы iшiнде мемлекеттiк шекара арқылы өткен жүктегi 51781.44 мың тоннаны құрады, бұл 1995 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда жүктердi есепке алмай республиканың кеден аумағы арқылы транзитпен өтетiндерде 3.45 процентке көп, шекара арқылы жеке адамдардың өтуi (579,2 мың адам) 20 процентке көбейдi. Транзиттiк жүктер халықаралық талаптарға сәйкес мiндеттi iшiнара кедендiк тексеруге жатады, ал ол кеден бөлiмшелерiнiң кәзiргi техникалық нашар жарақтануы жағдайында мүмкiн болып көрiнбейдi.
1996 жылдың 7 айы iшiнде контрабандалық тауарлар әкелу мен әкету, статистикалық деректерге сәйкес 1995 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 4,7 есе өстi. Есiрткi заттар контрабандасы халықаралық жұртшылықтың негiздi алаңдаушылығын туғызуда. БҰҰ (ЮНДКП) деректерi бойынша, Қазақстан Республикасында есiрткi заттар өндiрiсi үшiн ТМД мемлекетiнiң бiр де бiрiнде жоқ қуатты шикiзат базасы бар. Тәуелсiз сарапшылардың бағалаулары бойынша, Шу алқабында өсетiн сорадан ғана 5000 тонна марихуана жасауға болады. ТМД елдерi мен алыс шет елдер "қара базарларына" есiрткi заттарды экспорттаушы болып табыла отырып. Қазақстан бұрынғы советтiк кеңiстiктегi аумағы арқылы, есiрткiлер ТМД және Батыс Европаға транзитпен тасымалданатын негiзгi республиканың бiрiне айналғаны айрықша алаңдаушылық туғызады. Өйткенi Қазақстанның шекарасы iс жүзiнде "ашық".
Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесiн қорғау, республиканың кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз әкету мен әкелудi және кеден ережесiн бұзуды болдырмау жөнiндегi Кеден Одағы туралы мiндеттеменi орындау мақсатында, республикалық бюджетке кеден төлемдерiнiң түсуiн арттыру және кеден органдарының материалдық базаларын нығайту мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Экономика министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде жеке адамдардан кеден төлемдердiң өндiрiп алу жүйесiн қайта қарасын және "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар, соның iшiнде әрi көлiк құралдарын өткiзуiнiң тәртiбi туралы" Үкiметтiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 34, 434-құжат) қажеттi өзгертулер енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң бюджеттiк банкiнде қазынашы жұмсауға құқығы жоқ "Тапсырмалар бойынша сомалардың" ағымдағы шотын ашуға және кейiннен республикалық бюджеттiң кiрiсiне аудару арқылы, мемлекет меншiгiне айналған, тәркіленген тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды сатудан түскен ақшаны 100 процент оған есептеуге рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептелген, аталған қаражатты толық көлемiнде кеден органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген жылдық бюджеттiк қаражаттар шегiнде, кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға бағыттасын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi, белгiленген тәртiппен, тәркiленген тауарларды сатудан түскен ақшаны есептеудiң толықтығын және кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға бөлiнген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Информатикалардың проблемалары институтымен бiрлесiп 1996 жылдың 15 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жөнiндегi жобаға 1996 жылы оларды ұстауға көзделген қаражат есебiнен тендер өткiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Сыртқы iстер министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен "СЖС" фирмасының арасындағы Келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi "СЖС" фирмасының жұмыс нәтижелерiне талдау жасасын, қажет болған жағдайда аталған фирмамен Келiсiм шарттарын қайта қарасын және 1996 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi