"Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жөнiндегi инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 қыркүйектегi N 1022 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының аты мен 1, 5, 6, 7-тармақтардағы "Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы" деген сөздер "акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы:
"400" деген сан "630" деген санмен ауыстырылсын
"114 335 400" деген сан "114 803 303" деген санмен ауыстырылсын;
"200 жүгерi мен масақты дақылдар жинау комбайнын" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакциямен жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi комбайндарды беру жобасын қолданылып жүрген орта мерзiмдi (5 жылдан кем емес) АҚШ кредит желiсiне қоссын және осы қаржыландыруға байланысты барлық мiндеттемелер бойынша АҚШ Эксимбанкiне 85 процентке және АВN АМRО Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларына 15 процентке үкiметтiк кепiлдеме берiлсiн және АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларымен тиiстi кредиттiк келiсiм жасайтын болсын;
4-тармақтағы "АҚШ-тың Ситибанкiмен жеке кредиттiк келiсiм" деген сөздер "АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларымен кредиттiк келiсiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер алынып тасталсын және "қажеттi кепiлдiк" деген сөздердiң алдына "кредиттiң, проценттердiң, комиссиясының және барлық банктiк шығындардың сомаларын түгел өтеу жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi "АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) тең ұйымдастырушылармен комбайндар беруге жасалған контрактiге сәйкес 85 процент (негiзгi сома) және 15 процент (аванстық төлем) қаржыландыру үшiн 114 803 303 (жүз он төрт миллион сегiз жүз үш мың үш жүз үш) АҚШ доллары сомасына кредит бөлу туралы кредиттiк келiсiм жасасын.
9. "Кең дала" акционерлiк қоғамына "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 қарашадағы N 1300 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн бергенi және тiркегенi үшiн бiржолғы мiндеттi төлем жасауға ерекшелiк ретiнде, аккредитивтi игере бастағанда, бiрақ 1997 жылдың 10 мамырынан кешiктiрмей рұқсат етiлсiн.
10. "Джон Дир Экспорт" компаниясы, "Кең дала" акционерлiк
қоғамы" және "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы арасында жасалған келiсiмде "Deere & Companu" компаниясының астық жинайтын комбайндарын бiрлесiп шығаруды ұйымдастыру көзделгенi назарға алынсын. 8-тармақ 11-тармақ болып есептелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi