Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: "Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын санациялау мен тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1087 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын санациялау және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына: Молоканов А.А. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары, Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң директоры-хатшы болып енгiзiлсiн. Б.М.Имашев осы аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары