"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымдарын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 409-бап) негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi және оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметтерiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталық атқарушы органдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Биологиялық ресурстарды қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану жөнiндегi бас басқармасы заңды ұйым құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы болып табылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне ведомствоға қарасты ұйымдардың мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқығын иелiк ету құқынсыз бере алады.
5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де атқарушы органдар екi ай мерзiм iшiнде осы қаулыға қайшы келетiн ведомстволық нормативтiк актiлердi қайта қарасын және күшiн жойсын.
7. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi және оның жергiлiктi органдары нормативтiк актiлердi әзiрлегенге дейiн өз қызметтерiнде, егер олар қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында бұрын
қолданылып жүрген нұсқаушылық-әдiстемелiк, нормативтi-техникалық және
өзге құжаттарды басшылыққа алады.
8. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерi қоса берiлiп
отырған тiзбеге сәйкес күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 14 қарашадағы
N 1385 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгi жөнiндегi
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының аумағындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауға мемлекеттiк ведомстволық басшылық ететiн орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi өз құрамына кiретiн облыстардың, қалалардың және аудандардың бөлiмшелерiмен, сондай-ақ осы Ереженiң қосымшасына сәйкес ұйымдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасы аумағындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану үшiн бақылаудың бiрыңғай мемлекеттiк басқару жүйесiн құрайды.
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiн, ұйымдарын, "Казмеханобр" қолданбалы экология мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнен, "Атамекен", "Экологиялық курьер" газет редакцияларынан, Кiшiгiрiм кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциялардан басқа, орталық аппаратын ұстау, сондай-ақ орталықтандырылған шараларды жүргiзу Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес республикалық бюджеттен және өзге қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенттiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Парламентi мен Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң және оның аумақтық органдарының өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге орталық атқарушы органдары, ұйымдары үшiн, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан орындауға мiндеттi болып табылады.
2. Негiзгi мiндеттерi
6. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау;
Қазақстан Республикасының экологиялық заң талаптарын, қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын сақтау саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдер мен конференцияларды сақтауына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
табиғат пайдаланудың экономикалық механизмiн әзiрлеп, жетiлдiру;
экологиялық бiлiмдердi таратып, экологиялық мәдениет деңгейiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
3. Функциялары
7. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
қоршаған табиғи орта және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады;
қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғат қорғау схемасы, басқа да мемлекеттiк, аумақтық-экологиялық бағдарламалар жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын әзiрлеп, оның орындалу барысына бақылау жасайды;
мемлекеттiк бақылауды мына бөлiктерде:
а) мемлекеттiк кадастрды жүргiзудiң және қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласында есепке алудың дұрыстығы;
б) жердi қорғау бойынша шаралар кешенiн орындау;
в) су ресурстарын ластаудың алдын алу жөнiндегi талаптарды сақтау;
г) су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын, iрi гидротораптарды пайдаланудың ережелерiн орындау;
д) өсiмдiк ресурстарын қорғау мен пайдалану;
е) жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану;
ж) балық қорларын қорғау және балық шаруашылығын реттеу;
з) ластану көздерiнен, оның iшiнде жылжымалы, қалдықтарды шығару;
и) судың ауаның, топырақтың ластануына талдамалы бақылау;
к) радиоактивтi ластанудың алдын алу;
л) өндiрiстiк қалдықтарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, орналастыру және тұтыну, уытты материалдарды, заттар мен қауiптi қалдықтарды шекара арқылы тасымалдау;
м) жер қойнауын барлау, пайдалануға беру және жер қойнауын пайдаланудың өзге де түрлерi;
н) пестицидтердi, минералдық тыңайтқыштарды, басқа да химиялық заттар мен биологиялық құралдарды қолдану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату нормалары мен ережелерi;
о) табиғат қорғау мақсаттарына табиғат қорғау және табиғат қаржысын игеру;
п) ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектiлерiнде табиғат қорғау және ғылыми қызметтi;
р) халықаралық конференциялар мен келiсiмдердiң талаптарын орындау;
с) республиканың өзендерiнде, су қоймаларында, басқа да су айдындарында және iшкi теңiз суларында Кiшiгiрiм кемелердi дұрыс пайдалануға бақылау жасау және осы кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету, су айдындарында тәртiп орнату, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны қорғау бөлiгiнде ұйымдастыруды және жүзеге асырады;
қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi (экологиялық аудиттi), оның iшiнде жекешелендiру объектiлерi бойынша, талаптарды нормативтi-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етедi, сондай-ақ мемлекеттiк экологиялық сараптаманы:
а) жоспарлау, жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттамалардың, болжамдар жобаларының, экологиялық және өзге бағдарламалардың, қызметтiң негiзгi бағыттары тұжырымдамаларының, инвестициялық және жекешелендiру жобаларының, экологиялық қауiпсiздiк шартына сәйкес олардың пәнiне өндiргiш күштердi дамыту мен орналастырудың барлық түрлерiн;
б) су, орман, жер, өзге де табиғи ресурстарды қорғаудың кешендi схемасы мен оны қорғауды;
в) учаскелердi, аумақтарды және объектiлердi кешендi экологиялық зерттеу материалдарын;
г) аумақтардың учаскелерiн салу (дамыту), арнайы экономикалық аймақтардың және табиғат пайдаланудың ерекше режимi бар немесе шаруашылық қызмет жүргiзу аумақтарының бос жоспарларының жобаларын;
д) кәсiпорындарды, объектiлердi және кешендердi, үйлер мен ғимараттарды, өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң биологиялық негiздемесiн және олардың ресурстарын пайдалануға қайта орналастыруға, салуға, қайта құруға, дамытуға және техникамен қайта жарақтандыруға, таратуға техникалық-экономикалық негiздемелердi (есеп айырысуларды) және жобаларды;
е) шаруашылық және өзге қызметтi жүзеге асырған кезде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету (оның iшiнде радиациялық), қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк-техникалық құжаттамалардың жобасын;
ж) табиғат ресурстарын алуға және пайдалануға және қоршаған табиғи ортаны ластауға рұқсатқа негiз беретiн құжаттарды;
з) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, оның iшiнде шет елден сатып алынатын заттарға, қойылатын экологиялық талаптарға негiз беретiн құжаттарды;
и) шаруашылық қызметтiң немесе өзге жағдайлардың нәтижесiнде пайда болатын аймақтағы экологиялық жағдайды зерттеу материалдарын;
к) қоршаған табиғи ортаның және экожүйенiң жай-күйiне жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың ықпал етуi жөнiндегi құжаттарды жүзеге асырады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен объектiлер жүйесiнiң қызметiн үйлестiредi, жаңа табиғат резерваттарын жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң жүйесiндегi ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектiлерiн басқарады.
Мемлекеттiк экологиялық мониторинг пен республикалық экологиялық-ақпараттық жүйенi дамыту және жетiлдiру жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай және табиғи ресурстардың жай-күйi туралы деректердi қамтитын бiрегей мемлекеттiк банк құрады;
өз құзыры шегiнде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шет елдiк заңды ұйымдармен өзара iс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы қабылдаған келiсiмдер мен конвенциялар, басқа да экологиялық бағдарламалар мен жобаларды орындау бойынша мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысады;
табиғат пайдаланудың экономикалық механизмiн әзiрлеп, жетiлдiредi, қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың нарықтық элементтерiн енгiзудi қамтамасыз етедi;
қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы құқықтық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу және жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асырады;
қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламалары мен болжамдарының жобаларына ұсыныстар әзiрлейдi;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк экологиялық бақылау қызметiнiң жұмысына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және үйлестiредi, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдармен өзара iс-әрекет етедi;
қоршаған табиғи орта жай-күйi және табиғат қорғаудағы атқарылған жұмыстар туралы жыл сайын баяндама әзiрлеудi жүзеге асырады;
экологиялық бiлiмдердi таратуды ұйымдастырады, экологиялық проблемаларды шешуге жұртшылықты қатыстыруға жәрдемдеседi;
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жүйесiнiң қызметкерлерi бiлiктiлiгiн арттырады, iркiлiссiз экологиялық бiлiм жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi.
4. Құқығы
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң мыналарға:
министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден және басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан қоршаған табиғи орта мен табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк экологиялық саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттарды алуға;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың және ұйымдардың басшыларын табиғат қорғау заңдарының талаптарын олардың сақтауы мәселелерi бойынша тыңдауға, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен келiсiм бойынша қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы есепке алу мен есеп берудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тәртiбi мен қойылатын талапты белгiлеуге;
өз құзыры шеңберiнде жауапты адамдарды табиғат қорғауға жауапкершiлiкке тарту жөнiндегі шаралар қолдануға, әкiмшiлiк жауапкершiлiк туралы iстi қарауға;
шаруашылық және өзге қызметтi, оның iшiнде жобалауды, салуды, қайта құруды, iске қосуды шектеуге, тоқтата тұруға, тыйым салуға, сондай-ақ табиғат қорғаудың белгiленген талаптарын орындамаған құрылыстар немесе пайдалануға берiлетiн объектiлердi қаржыландыруға;
мемлекеттiң атынан табиғат қорғаудың бұзылған заңдары жөнiнде сот дауларында талап қоюға және талап қойылған шағым жазуға;
қоршаған табиғи ортаны (жер қойнауынан басқа) үйiндiлермен, қалдықтармен төгiндiлердi орналастырумен ластауға, сондай-ақ биологиялық ресурстарды пайдалануға (ормандық және аңшылықтан басқа) рұқсат беруге және оны жоюға;
мүдделi министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға арнайы су пайдалануға рұқсат беруге, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша Қазақстан Республикасына экологиялық қауiптi заттарды әкелуге және жекелеген табиғат ресурстарын әкетуге;
өз құзыры шегiнде лауазымды адамдар, заңды ұйымдар мен жеке адамдар үшiн, оның iшiнде қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi бойынша шет ел азаматтары үшiн орындауға мiндеттi болып табылатын нормативтi-әдiстемелiк құжаттамаларды, нұсқаулар мен ережелердi әзiрлеп, бекiтуге;
жұмыс топтары мен комиссияларын құруға, мемлекеттiк экологиялық саясатты жүзеге асыру және табиғат қорғау заңдарының талаптарын орындауға бақылау жасауды iске асыру мақсатында мамандандырылған өндiрiстiк, ақпараттық, талдау, сараптамалық және басқа ұйымдарды қайта құру немесе жою жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
республикалық және жергiлiктi бюджет қаржысы, шет ел инвестициялары мен кепiлдiктерi есебiне қаржыландырылатын қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы кешендi сипаттағы ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа жұмыстарға мемлекеттiк тапсырысшы болуға;
мемлекеттiк кәсiпорындарды, ұйымдарды және лабораторияларды табиғат пайдаланушылардың жеке қаржысы есебiнен авариялық жағдай пайда болған жағдайда тексеру және сараптама жүргiзу үшiн тартуға;
Республикалық қоршаған табиғи қорғау қорының қаржысын белгiленген тәртiппен қалыптастыруға және жұмсауға, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың жергiлiктi қоры қаржысын, табиғат қорғау мақсатына республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн басқа да қаржыны мақсатты пайдалануға бақылау жасауға құқығы бар.
9. Тiкелей мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жүйесiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен айырым белгiлерi және бiрегей үлгiдегi қызметтiк куәлiгiмен қоса пiшiмдi киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
5. Жұмысты ұйымдастыру
10. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Министр басқарады.
11. Министр:
өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн халықаралық деңгейде ұсынады, белгiленген тәртiппен қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық шарттарға қол қояды;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң қызметiне басшылық жасайды және өзiне жүктелген мiндеттерге дербес жауапты болады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына республикалық бюджеттi қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк актiлер жобалары бойынша ұсыныстар енгiзедi;
өзiнiң орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөледi;
бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң орталық аппаратының штаттық кестесiн, облыстық экология және биоресурстар басқармаларының құрылымы мен ережесiн бекiтедi, белгiленген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде ынталандырушы сипаттағы үстемелер, сыйақылар мен басқа да төлемдердiң мөлшерiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi жүйесi бойынша есеп беру мен баланстарды бекiтедi және қызмет нәтижелерi бойынша қажеттi шешiмдер қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
облыстардың, Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармаларының басшыларын, өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының директорларын;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, облыстық және Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармалары басшыларының орынбасарларын, облысаралық биоресурстарды қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану жөнiндегi инспекциялардың бастықтарын, Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң ғылыми және өндiрiстiк басшылары мен олардың орынбасарларын, ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;
орынбасарлары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оны министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi лауазымға тағайындайды және босатады;
қазақстандық және шет елдiк заңды ұйымдармен өзара қатынаста Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiн ресми түрде ұсынады;
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де уәкiлеттiктердi жүзеге асырады.
12. Қоршаған табиғи ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын пайдалануға мемлекеттiк бақылауға басшылық жасау жүктелген Министрдiң орынбасары сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады, ал Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық сараптамашысы - лауазымы бойынша министрлiктiң тиiстi бөлiмшесiнiң басшысы болып табылады.
13. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi жанынан шешiмдерiн Министрдiң бұйрықтары арқылы жүзеге асыратын консультациялық-кеңесу органы - алқасы құрылады. Алқаның дербес құрамын Министр бекiтедi.
14. Қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселелерiнiң проблемаларын қарау мақсатында Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттiк экологиялық сараптама кеңесiн және басқа кеңестер құрады.
Кеңестер туралы Ережелердi және дербес құрамды Министр бекiтедi.
15. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi беретiн ведомстволық
бағыныстағы бөлiмшелердiң мемлекеттiк меншiгiн иелену, пайдалану және
басқару құқығын жүзеге асырады, заңды ұйым болып табылады, Қазақстан
Республикасының банкiлерiнде есеп айырысу және басқа шоттары, өз
атаулары қазақ және орыс тiлiнде жазылған Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрi болады.
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Облыстық экология және биоресурстар басқармалары
Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасы, Алматы
қаласы
Аудандық және қалалық (облыс орталықтарын қоспағанда) экология
және биоресурстар басқармалары
"Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
Республикалық арнайы мамандандырылған талдаулық бақылау
лабораториясы, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi жанындағы
"Казмеханобр" қолданбалы экологияның мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк
бiрлестiгi, Алматы қаласы
"Атамекен" газетiнiң редакциясы
"Экологиялық курьер" газетiнiң редакциясы
Кiшiгiрiм кемелер жөнiндегi мемлекеттiк тексеру.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 14 қарашадағы
N 1385 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Республикадағы жануарлар дүниесiн қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жылғы 29 желтоқсандағы N 422 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1990 ж., N 5, 24-бап).
2. "СССР Балық шаруашылығы министрлiгiнiң балық қорларын қорғау, ұдайы өсiру және балық шаруашылығын реттеу жөнiндегi Қазақ және Орал бассейндiк басқармаларын (Казахрыбвод және Уралкаспрыбвод) тарату және Қазақстан Республикасы Экология және табиғат пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Балық шаруашылығы айдындарында балық қорларын қорғау мен табиғат пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi бас басқарманы құру (Казглаврыбохрана) жөнiндегi" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 3, 46-бап) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қаңтардағы N 58 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң ережесi және құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 сәуiрдегi N 345 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 16, 255-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экология және табиғат пайдалану мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қазандағы N 856 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 590-бап).
5. "Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 қарашадағы N 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 648-бап (2-тармақтан басқа).
6. "Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 шiлдедегi N 566 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 321-бап) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 2-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер, толықтырулар енгiзу және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 520 P960520_ қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 151-бап) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.