Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1391 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Берiлiп отырған заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) комиссиясы осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369  қаулысымен .

       3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 15 қарашадағы
                                        N 1391 қаулысымен
                                           Бекiтiлген

            Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында
      кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау
             кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

       Ескерту. Мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369  қаулысымен .

       Бiлiктiк талаптарының күшi бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға жүредi және былайша айқындалады: 

              I. Делдалдық, дилерлiк қызмет бойынша  

      1. Штатта: 
      экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрi - ҚР ҰБ) аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болу керек. <*> 
      Ескерту. 1-тармақта сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369  қаулысымен .

      2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталының болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатқа клиенттiң оның бағалы қағаздармен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс. 
      5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногындағы делдалдық операцияларды жүзеге асыруға берген келiсiмi болуы қажет. <*> 
      6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болу керек. 

          II. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу
                    жөнiндегi қызмет бойынша

      1. Мынадай бiлiктi мамандар: 
      экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар; 
      ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiпқой қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар болуға тиiс. <*> 
      2. Тiркеу қызметiн жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздармен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ тiркеушiнiң: 
      бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу және оларды есепке алу ережелерiне; 
      құжаттар айналысы, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша iшкi есеп пен есептiлiк ережелерiне; 
      деректер тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне; 
      бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiне қойылатын талаптар айқындалған жұмыс регламентi болуы керек. 
      5. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тиiстi түрде қамтамасыз ететiн бағдарламалық-техникалық құралдар болуы керек. 
      6. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн қосымша ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және тiзiлiм жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берген келiсiмi болуы қажет. <*> 
      7. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс. 

                III. Депозитарлық қызмет бойынша  

      1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар бiлiктi мамандар болуы керек. 
      2. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмайтын тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ депозитарийдiң: 
      бағалы қағаздарға деген меншiк құқықтарын белгiлеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу мен оларды есепке алу ережелерiне;
      құжаттар айналысы, операцияларға iшкi есеп жүргiзу мен олар бойынша есептiлiк ережелерiне;
      деректер тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
      бағалы қағаздар бойынша депо шоттар жүргiзу жүйесiне қойылатын талаптарды қамтитын жұмыс регламентi болуға тиiс.
      5. Депозитарий мүшелерiнiң бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензияларының болуы қажет.
      6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.

            IY. Кастодиалдық қызмет бойынша

      1. Мынадай:
      экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар; 
      ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болуы керек.<*> 
      2. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталдың жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiк фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ кастодианның: 
      өзiне сенiп тапсырылған бағалы қағаздарды және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарын сақтау мен есепке алу ережелерiне; 
      бағалы қағаздармен мәмiлелер жүргiзуге бақылау жасау ережелерiне; 
      құжаттар айналысына, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды есепке алу және олар бойынша есептiлiк ережелерiне; 
      деректер тұтастығын және ақпараттар құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне; 
      клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша шоттарының жүйесiн жүргiзуге қойылатын талаптарды қамтитын жұмыс регламентi болуға тиiс. 
      5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногында делдалдық операциялар жүргiзуге келiсiмi, сондай-ақ бағалы қағаздарды сейфтiк сақтауды жүзеге асыруға берiлген лицензиясы болуы қажет.<*> 
      6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек. 

                   Y. Қор биржасы бойынша  

      1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмдерi бар ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болуы керек. <*> 
      2. Қор биржасының жұмысына арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын және капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуға тиiс. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
      5. Лицензиатта:
      биржалық саудаластық ережелерiн;
      биржа мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң құқықтық теңсiздiк жағдайын болдырмау кепiлдiктерiн айқындайтын ережелердi;
      клиенттердiң құқықтарын қорғау тетiктерiн;
      қор биржасының мүшелерiне, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне қатысты санкциялар және өзге де шаралар қолдану тәртiбiн;
      бағалармен айла-шарғылық әрекеттер жасауды шектейтiн ережелердi;
      бағалы қағаздарды биржа листингiне енгiзудiң шарттары мен тәртiбiн;
      бағалы қағаздарды бағалауға жiберу ережелерiн;
      басқаруда тең құқықтарды қамтамасыз етудi;
      биржада мәмiлелер жасау, оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;
      есеп айырысу тәртiбi мен тәсiлдерiн;
      биржаға мүшелiкке қабылдау, биржа мүшелiгiнен шығу және одан шығарып тастау тәртiбiн;
      биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн;
      биржалық мәмiлелер бойынша биржалық саудаға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртiбiн;
      биржалық сауда ережелерiн сақтауға бақылау жасау, тексеру, жүргiзу кезiнде ақпараттардың жариялылығы тәртiбiн қамтитын жұмыс регламентi әзiрленуге тиiс.
      6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.

           YI. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесi бойынша  

      1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар, ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болуы керек. <*> 
      2. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесiнiң жұмыс iстеуiне арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуға тиiс. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
      5. Лицензиатта:
      саудаластық жүргiзу ережелерiн;
      бағалау жүйесiнiң мүшелерi мен клиенттерiнiң құқықтық теңсiздiк жағдайларын болдырмау кепiлдiктерiн айқындайтын ережелердi;
      клиенттердiң құқықтарын қорғау тетiктерiн;
      бағалау жүйесi мүшелерiне, олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне қатысты санкциялар мен басқа да шаралар қолдану тәртiбiн;
      бағалармен айла-шарғылық әрекеттер жасауды шектейтiн ережелердi;
      бағалы қағаздарды бағалауға жiберу ережелерiн;
      басқарудағы тең құқықтарды қамтамасыз етудi;
      биржада мәмiлелер жасау, оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;
      есеп айырысу тәртiбi мен тәсiлдерiн;
      бағалау жүйесiне мүшелiкке қабылдау, бағалау жүйесi мүшелiгiнен шығу және одан шығарып тастау тәртiбiн;
      саудаға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн;
      бағалы қағаздармен мәмiле жасауға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртiбiн;
      сауда тәртiбiн сақтауға тексеру жүргiзу кезiндегi ақпараттардың жариялығы тәртiбiн қамтитын жұмыс регламентi әзiрленуге тиiс.
      6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек. 

           YII. Бағалы қағаздар портфелiн басқару бойынша  

      1. Мынадай мамандар:
      экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар; 
      ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiпқой қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар болуы керек. <*> 
      2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек. 
      4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуы керек. 
      5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн қосымша ҚР ҰБ берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногында делдалдық операциялар жүргiзуге келiсiмi болуы қажет. <*> 
      6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болу керек. 

           YIII. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен 
         Қазақстан Республикасының аумағына әкелу бойынша  

      1. ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар мамандар болуы керек. <*> 
      2. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен әкелу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады. <*> 
      3. Ақпараттар ағымы мен құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. 
      4. Бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар болуы керек.
      5. Бағалы қағаздар бланкiлерiне қойылатын техникалық талаптар болуы керек.
      6. Баспа кәсiпорындарына қойылатын режимдiк талаптар болуы керек.
      7. Бағалы қағаздар бланкiлерiн дайындауға арналған арнаулы технологиялар мен жабдықтар болуы керек.
      8. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.

Об утверждении квалификационных требований при лицензировании юридических лиц на право осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 1996 г. N 1391. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 17 апреля 1995 г. Z952200_ "О лицензировании", в целях лицензирования профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования при лицензировании юридических лиц на право осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.
      2. Национальному Банку Республики Казахстан (по согласованию) принять необходимые меры по реализации настоящего постановления. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 октября 2001 г. N 1369 P011369_ .
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан

                               Утверждены
                        постановлением Правительства
                            Республики Казахстан
                        от 15 ноября 1996 г. N 1391

            Квалификационные требования при лицензировании
      юридических лиц на право осуществления профессиональной
                 деятельности на рынке ценных бумаг <*>    

     Сноска. В тексте заменены слова - постановлением Правительства РК от 28 октября 2001 г. N 1369  P011369_   .    

     Квалификационные требования распространяются на юридических лиц, претендующих на получение лицензии для осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, и определяются следующим образом.

              I. По брокерской, дилерской деятельности
 

      1. Наличие в штате квалифицированных специалистов, которые: обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет;
      аттестованы Национальным Банком Республики Казахстан (далее - НБ РК) и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности. <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 октября 2001 г. N 1369 P011369_ .
      2. Наличие собственного капитала для осуществления брокерской и дилерской деятельности, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с другими профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами. Уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с другими профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции. У лицензиата должны быть введены в действие механизмы и процедуры, предотвращающие незаконные и не санкционированные клиентом операции с его ценными бумагами и денежными средствами, предназначенными к операциям с ценными бумагами.
      5. Для лицензирования банков второго уровня необходимо наличие лицензии на осуществление банковской деятельности и согласие на осуществление посреднических операций на рынке ценных бумаг, выдаваемых Национальным Банком Республики Казахстан.
      6. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

                II. По деятельности по ведению реестра
                       держателей ценных бумаг

      1. Наличие квалифицированных специалистов, которые:
      обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет;
      аттестованы НБ РК и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для осуществления регистраторской деятельности, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами. Уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с другими профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции. У лицензиата должны быть введены в действие механизмы и процедуры, предотвращающие незаконные и не санкционированные клиентом операции с его ценными бумагами, а также наличие регламента работы регистратора, в котором должны быть определены требования к:
      правилам проведения и учета операций с ценными бумагами;
      правилам документооборота, внутреннего учета и отчетности по операциям с ценными бумагами;
      правилам внутреннего контроля для обеспечения целостности данных и конфиденциальности информации;
      системе ведения реестра держателей ценных бумаг.
      5. Наличие программно-технических средств, надлежащим образом обеспечивающих ведение реестра держателей ценных бумаг.
      6. Для лицензирования банков второго уровня необходимо наличие лицензии на осуществление банковской деятельности и согласие на осуществление деятельности по ведению реестра, выдаваемых Национальным Банком Республики Казахстан.
      7. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

                  III. По депозитарной деятельности

      1. Наличие квалифицированных специалистов, которые обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для осуществления депозитарной деятельности, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами, уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции. У лицензиата должны быть введены в действие механизмы и процедуры, предотвращающие незаконные и не санкционированные клиентом операции с его ценными бумагами и денежными средствами, а также наличие регламента работы депозитария, включающего требования к:
      правилам совершения и учета операций по фиксации прав собственности на ценные бумаги;
      правилам документооборота, внутреннего учета операций и отчетности по ним;
      правилам внутреннего контроля для обеспечения целостности данных и конфиденциальности информации;
      системе ведения счетов депо по ценным бумагам.
      5. Наличие у членов депозитария лицензий на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.
      6. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

                  IV. По кастодиальной деятельности

      1. Наличие квалифицированных специалистов, которые:
      обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет;
      аттестованы НБ РК и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для осуществления кастодиальной деятельности, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами. Уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с другими профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции. У лицензиата должны быть введены в действие механизмы и процедуры, предотвращающие незаконные и не санкционированные клиентом операции с его ценными бумагами и денежными средствами, предназначенными к операциям с ценными бумагами, а также наличие регламента работы кастодиана, включающего требования к:
      правилам хранения и учета вверенных ему ценных бумаг и денежных средств, предназначенных для совершения операций с ценными бумагами;
      правилам осуществления контроля за проведением сделок с ценными бумагами;
      правилам документооборота, внутреннего учета операций с ценными бумагами и отчетности;
      правилам внутреннего контроля для обеспечения целостности данных и конфиденциальности информации;
      ведению системы счетов клиентов по ценным бумагам.
      5. Для лицензирования банков второго уровня необходимо наличие лицензии на осуществление банковской деятельности и согласие на осуществление посреднических операций на рынке ценных бумаг, а также лицензии на осуществление сейфового хранения ценных бумаг, выдаваемых Национальным Банком Республики Казахстан.
      6. Содержание документов, представляемых на лнцензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

                         V. По фондовой бирже

      1. Наличие квалифицированных специалистов, которые:
      обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для работы фондовой биржи, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами. Уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с другими профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции.
      5. У лицензиата должен быть разработан регламент работы, включающий:
      правила биржевых торгов;
      правила, определяющие гарантии предотвращения неравноправного положения членов биржи и их клиентов;
      механизм защиты прав клиентов;
      порядок применения санкций и иных мер в отношении членов фондовой биржи, ее должностных лиц и персонала;
      правила, ограничивающие манипулирование ценами;
      условия и порядок включения ценных бумаг в листинг биржи;
      правила допуска ценных бумаг к котировке;
      обеспечение равных прав в управлении;
      порядок заключения сделок на бирже, их регистрацию и учет;
      порядок и способы расчетов;
      порядок приема в члены биржи, выхода и исключения из членов биржи;
      права и обязанности участников биржевой торговли;
      порядок разрешения споров между участниками биржевой торговли по биржевым сделкам;
      порядок осуществления контроля за соблюдением правил биржевой торговли, открытости информации при проведении проверок.
      6. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

            VI. По котировочной системе внебиржевого рынка

      1. Наличие квалифицированных специалистов, которые:
      обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для функционирования котировочной системы внебиржевого рынка, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами. Уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции.
      5. У лицензиата должен быть разработан регламент работы, включающий:
      правила проведения торгов;
      правила, определяющие гарантии предотвращения неравноправного положения членов и клиентов котировочной системы;
      механизм защиты прав клиентов;
      порядок применения санкций и иных мер в отношении членов котировочной системы, ее должностных лиц и персонала;
      правила, ограничивающие манипулирование ценами;
      правила допуска ценных бумаг к котировке;
      обеспечение равных прав в управлении;
      порядок заключения сделок на бирже, их регистрация и учет;
      порядок и способы расчетов;
      порядок приема в члены котировочной системы, выхода и исключения из членов котировочной системы;
      права и обязанности участников торговли;
      порядок разрешения споров между участниками сделок с ценными бумагами;
      порядок осуществления контроля за соблюдением правил торговли, открытости информации при приведении проверок.
      6. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

              VII. По управлению портфелем ценных бумаг

      1. Наличие квалифицированных специалистов, которые:
      обладают высшим экономическим, техническим, юридическим или средним специальным экономическим образованием, со стажем работы по специальности не менее трех лет;
      аттестованы НБ РК и имеют квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для осуществления деятельности, по управлению портфелем ценных бумаг, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами, уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие оргтехники, компьютеров и телекоммуникационного оборудования, необходимого для осуществления взаимодействия с профессиональными участниками рынка ценных бумаг, эмитентами и инвесторами.
      4. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции. У лицензиата должны быть введены в действие механизмы и процедуры, предотвращающие незаконные и не санкционированные клиентом операции с его ценными бумагами и денежными средствами, предназначенными для осуществления операций с ценными бумагами.
      5. Для лицензирования банков второго уровня дополнительно необходимо наличие лицензии и согласие на осуществление посреднических операций на рынке ценных бумаг, выдаваемых Национальным Банком Республики Казахстан.
      6. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.

             VIII. По производству и ввозу на территорию
              Республики Казахстан бланков ценных бумаг

      1. Наличие квалифицированных специалистов, аттестованных НБ РК и имеющих квалификационные свидетельства по данному виду профессиональной деятельности.
      2. Наличие собственного капитала для осуществления деятельности по производству и ввозу бланков ценных бумаг, в пределах которого юридическое лицо может нести ответственность при взаимодействии с профессиональными участниками рынка ценных бумаг и эмитентами. Уровень достаточности собственного капитала определяется нормативными актами НБ РК.
      3. Наличие системы внутрифирменного контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности, а также структурных подразделений, обеспечивающих данные функции.
      4. Наличие требований по обеспечению учета и сохранности ценных бумаг.
      5. Наличие технических требований к бланкам ценных бумаг.
      6. Наличие режимных требований, предъявляемых к полиграфическим предприятиям.
      7. Наличие специальной технологии и оборудования для изготовления бланков ценных бумаг.
      8. Содержание документов, представляемых на лицензирование, должно соответствовать законодательству Республики Казахстан.