1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң "Балқаш Лтд" акционерлiк кен-руда компаниясының республикалық бюджет кiрiсiне есептелуге жататын 100 (жүз) млн. теңге сомасындағы берешегi мен Республикалық жер қойнауын қорғау және минералды-шикiзат базасын ұдайы өндiру қорынан (бұдан былай - Қор) қаржыландырылатын "ГЕОТЕКС" акционерлiк қоғамына мемлекеттiк геологиялық зерделеу жөнiндегi орындаған жұмыстары үшiн берешегiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Балқаш Лтд" акционерлiк кен-руда компаниясының республикалық бюджет алдындағы 100 (жүз)млн. теңге сомасындағы, оның iшiнде қосылған құнға салынатын салық - 76 (жетпiс алты) млн. теңге, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 22 (жиырма екi) млн. теңге, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы - 2 (екi) млн. теңге берешегiн Қордан қаржыландырылатын "ГЕОТЕКС" акционерлiк қоғамының орындаған жұмысы үшiн оның республикалық бюджетке берешегiн өтеу шотына есептеме жасасын.
3. "Балқаш Лтд" акционерлiк кен-руда компаниясы мен "ГЕОТЕКС" акционерлiк қоғамы жасалған есептеменi ескере отырып өзара қарым-қатынастарын шарттық келiсiммен реттейтiн болсын.
4. Бюджеттiк қарыздар бойынша аталған есептеме 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi