Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: "Еврооблигациялардың эмиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қарашадағы N 1360 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: атауында, 1 және 2-тармақтардағы "Еврооблигациялар" деген сөзi "Евронот" деген сөзбен ауыстырылсын. 1-тармақтағы " 100 000 000 (жүз миллион) деген сөз "200 000 000 (екi жүз миллион) дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi