Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 129 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамы 13 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 434
қаулысы
;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қазандағы N 1293
қаулысының
2-тармағы.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1640 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Өнеркәсiп саясаты және өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымын модернизациялау бас басқармасы
Өндiрiстiк-техникалық ынтымақтастық және сауда саясаты бас басқармасы
Тау-кен металлургия кешенiн реформалау және дамыту бас басқармасы
Машина жасау халықтық тұтыну тауарлары өндiрiсi мен жұмылдыру даярлығын реформалау және дамыту бас басқармасы
Химия өндiрiсiн реформалау және дамыту басқармасы
Нарықтық қатынастар мен өнеркәсiптегi мониторингтi дамыту басқармасы
Кадр және аппарат жұмысын ұйымдастыру басқармасы
экспортты бақылау бөлiмi
шарттық-құқықтық бөлiм
Бухгалтерлiк есеп және қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi