Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын аяқтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1646

      Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық шеңберiнде, сондай-ақ Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Түркия несие желiсiнiң игерiлмеген бөлiгi есебiмен Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын аяқтау үшiн 3 071 305 (үш миллион жетпiс бiр мың үш жүз бес) АҚШ доллары мөлшерiнде (жоба құнының 85 процентi) қосымша қаражат бөлу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      берiлген несие сомасы бойынша аванстық төлемдi қамтамасыз етсiн;
      1997 жылдан бастап Түрiк несие желiсi шеңберiнде жобаны қаржыландыру жөнiндегi төлемдердiң әрбiр тиiстi жылға арналған бюджетiнде негiзгi борыштар проценттерiн, қызмет көрсететiн банкiлердiң iлеспе және операциялық шығыстарын төлеуге арналған қаражат қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi және салынып жатқан Республикалық балаларды оңалту орталығы кәсiпорнының дирекциясы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне қосымша сұралатын қызметке арналған техникалық-экономикалық

негiздеменi, контрактiнi, сондай-ақ басқа да қосымша құжаттарды 
берсiн.
     4. "Түркия Республикасының Үкiметi беретiн кредит есебiнен
қаржыландырылатын жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 тамыздағы N 866
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 33,
365-құжат) қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     "Республикалық
        балаларды
     оңалту орталығы"

     жолы бойынша
     3-бағандағы "16, 86" саны "18, 93" санымен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары 
     
      
      


О дополнительных мерах по завершению строительства Республиканского детского реабилитационного центра

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 г. N 1646

      В ранках сотрудничества между Турецкой Республикой и Республикой Казахстан, а также в целях завершения строительства Республиканского детского реабилитационного центра Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Согласиться с предложением Министерства здравоохранения Республики Казахстан о дополнительном выделении средств в размере 3 071 305 (три миллиона семьдесят одна тысяча триста пять) долларов США (85 процентов стоимости проекта) для завершения строительства Республиканского детского реабилитационного центра за счет недоосвоенной части турецкой кредитной линии.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан:
      обеспечить выплату авансового платежа по предоставляемой сумме кредита;
      предусмотреть, начиная с 1997 года, средства на оплату процентов, основного долга, сопутствующих и операционных расходов обслуживающих банков в бюджете на каждый соответствующий год платежей по финансированию проекта в рамках кредитной линии Турции.
      3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан и дирекции строящегося предприятия - Республиканского детского реабилитационного центра предоставить государственному Экспортно-импортному банку Республики Казахстан

технико-экономическое обоснование, контракт, а также другие
необходимые документы на дополнительно запрашиваемый кредит.
     4. Внести в приложение 1 к постановлению Кабинета Министров
Республики Казахстан от 2 августа 1994 г. N 866  

P940866_

  "Об
утверждении перечня проектов, финансируемых за счет кредита,
предоставляемого Правительством Турецкой Республики" (САПП
Республики Казахстан, 1994 г., N 33, ст. 365) следующее изменение:

     по строке
"Республиканский
детский реабили-
тационный центр"
     в графе 3 цифру "16,86" заменить цифрой "18,93".

     Первый Заместитель
      Премьер-Министра
    Республики Казахстан