1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы, қосымшаға сәйкес осы аппараттың қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 100 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1808 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1658 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Биологиялық ресурстарды қорғау, ұдайы өндiру және пайдалану жөнiндегi бас басқарма (заңды тұлға құқығымен) Мемлекеттiк экологиялық бақылау басқармасы Мемлекеттiк экологиялық сараптама және радиациялық экология басқармасы Экологияның ғылыми-техникалық проблемалары және халықаралық жобалар басқармасы Табиғатты пайдалану және жоспарлау экономикасы басқармасы Қаржы басқармасы Құқықтық жұмыс бөлiмi Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi Iс жүргiзу ұйымдастыру секторы