1. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 96 адам болып бекiтiлсiн.
2. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетке төрағаның екi орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратына қызметтiк 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1805 қаулысы: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1805 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 тамыздағы N 1014 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1664 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы Басшылық Мемлекеттiк және табиғи монополияларды реттеу бас басқармасы Көлiк, байланыс және отын-энергетика кешенiнiң нақты шығындарына бақылау жасау жөнiндегi бөлiм Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттiк органдардың нақты шығындарына бақылау жасау жөнiндегi бөлiм Монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау жөнiндегi бас басқарма Бәсекелестiк нарықты дамыту басқармасы Талдау, ақпарат және ұйымдастыру жұмысы басқармасы Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы Материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмi Қаржы-экономика бөлiмi