1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Энергетика институтының базасында оны Қазақ ұлттық техникалық университетiнен бөлiп шығару жолымен мемлекеттiк емес жоғары оқу орнын - Алматы энергетика және байланыс институтын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне:
Алматы энергетика және байланыс институтына құрылтайшы болу;
Қазақ ұлттық техникалық университетi Энергетика институтының жабдықтарымен бiрге, оқу корпусын және студенттер жатақханаларын жарғылық қорға салым ретiнде қосу;
1997 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен және Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп құрылатын Алматы энергетика және байланыс институтының Жарғысын әзiрлеу және оны белгiленген тәртiппен тiркеу тапсырылсын;
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi екi ай мерзiмде:
1997/1998 оқу жылына арналған қабылдау жоспарының жобасында 1997/1998 оқу жылымен салыстыру бойынша мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен студенттер қабылдау жоспарының кемiнде 50 процентке қысқаруын қарастырып, мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыстың мөлшерiн айқындасын;
құрылатын Алматы энергетика және байланыс институтына бiлiм беру қызметi құқығына арналған лицензия берсiн; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң Энергетика институтын қайта ұйымдастыру жөнiндегi қажеттi шараларды белгiленген тәртiппен аяқтасын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары