1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi:
қазақстандық мұнайдың Ақтау теңiз портынан беру сызбасын әзiрлесiн;
қазақстандық мұнайдың Ақтау теңiз портынан экспортқа шығарылуын жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттi операторларды анықтасын;
өкiлеттi операторлар арқылы талап етiлетiн сапада мұнай қоспасын жасау үшiн шетел қатысатын кәсiпорындардан 100 процентке дейiн Қазақстан Республикасына үлес есептелетiн мұнай сатып алуды жүзеге асырсын;
аталған мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзсiн, келiсiмдер жасасын және қажеттi құжаттарды әзiрлесiн.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк салық комитетi, Мемлекеттiк кеден комитетi, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және басқа да орталық атқарушы органдар Иран Ислам Республикасымен мұнай алмасу туралы контрактiнiң, оның күшi сақталатын барлық уақытта және жасасылған контрактiлерге (шарттарға) сәйкес Ақтау портынан қазақстандық мұнайды экспортқа беру шарттарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ақтау теңiз порты" мемлекеттiк кәсiпорнын, "Мұнайимпекс" кәсiпорнын, Батыс Қазақстан темiр жолын қайта құрылымдау және жекешелендiру, "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамының, "Каскор" акционерлiк компаниясының және Ақтау теңiз портынан қазақстан мұнайын экспорттау процесiне қатысатын басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк
акциялар пакетiн сату кезiнде ұзақ мерзiмдiк контрактiлерде көзделген мiндеттемелер бойынша құқықтық мұрагерлiктi қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi