1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғат ресурстары министрлiгi "KEGOC" акционерлiк қоғамының электр желiлерi бойынша Талдықорған облысына электр энергияларының қосымша көлемдерiн бекiтiлген тарифтер бойынша әкелуiне және ол арқылы тасымалдауына бақылауды қамтамасыз етсiн.
2. Талдықорған облысының әкiмiне салынып жатқан Талдықорған электр жүктеу насостары заводының дирекциясы үшiн айналым қаражатын құруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Резервтiк қорынан 28 млн. теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт - импорт банкi 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген несиелердiң жалпы көлемiнiң шектерiнде, салынып жатқан Талдықорған электр жүктеу насостары заводының дирекциясына iске қосып-реттеу жұмыстарын жүргiзуге және заводты пайдалануға қосуды қамтамасыз етуге арнап 47 млн. теңге көлемiнде несие ресурстарын бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Талдықорған облысына жоспарланған субвенцияны: 1997 жылдың I тоқсаны үшiн - 1997 жылдың 20 наурызына дейiн, 1997 жылдың II тоқсаны үшiн - 1997 жылдың 20 маусымына дейiн бөлудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "РР Қазақстан - сауда және қаржыландыру" бiрлескен кәсiпорнының келiсiм-шарт бойынша "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын басқаруға арналған өз мiндеттемелерiн орындауын және оған 1997 жылдың 24 наурызына дейiн 60 млн. теңге сомасында инвестициялар бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
Талдықорған облысының әкiмiмен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен "Асылтас", "Темiр" акционерлiк қоғамдарын қайта құрылымдау және олардың мүлкiн бөлiктеу және "Қарабұлақ-Шекер", "Арқарлы-Алтын" акционерлiк қоғамдарын тарату мәселелерiн шешсiн;
бiр ай мерзiм iшiнде "Қазцинк" акционерлiк қоғамымен және "РР Қазақстан - сауда және қаржыландыру" фирмасының басқарушысымен бiрлесiп "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы өндiретiн мырыш және қорғасын концентраттарына арналған бағаны келiсудiң тәртiбiн қарасын;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп (келiсiм бойынша) 1997 жылдың 20 наурызына дейiнгi мерзiмде олардың "Қазаккуммулятор" акционерлiк қоғамының өнiмдерiне мұқтаждықтарын айқындасын;
"Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 148 қаулысының 3-тармағына сәйкес Талдықорған облысы әкiмiнiң ұсыныстарын қараудың нәтижелерiн ескере отырып инвестициялық жобалар мен мақсатты республикалық бағдарламалар объектiлерiнiң тiзбесiне түзету жасау жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзiлсiн;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және басқа да мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп мына инвестициялық жобаларды: Текелi қаласы бойынша "Шұнғыт өндiру және қайта өңдеу", "Саф таза су", "Алатаумрамор" акционерлiк қоғамын техникалық қайта жарақтандыру" және Өсек және Көксу тау өзендерiнде СЭС каскадтарының құрылысын салу, су және электр станцияларын, "Қайнар" акционерлiк қоғамында қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу және сепараторлар өндiру жөнiндегi цехтарды дамытуды, "Концерн Азия-электрик" акционерлiк қоғамында, "N 1 Талдықорған машина-техникалық станциясында", "Ауыл" акционерлiк қоғамында кабель өнiмдерiн өндiрудi кеңейтудi тiкелей инвестициялардың есебiнен қаржыландыру мәселесiн пысықтасын;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Республика Ұланы үшiн мемлекеттiк сатып алуды қалыптастыру кезiнде киiм-кешек тiгу жөнiндегi "Ажар" және "Аттау" акционерлiк қоғамдарының ұсыныстарын олардың мамандануы мен көрсетiлген министрлiктермен көптен бергi байланысын ескере отырып конкурстық негiзде қарасын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
"Мемлекеттiк азық-түлiктiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамымен бiрлесiп 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде 1996 жылы село тауар өндiрушiлерiне берiлген өнiмдерi үшiн "Қайнар" акционерлiк қоғамы алған 1050 мың АҚШ доллары сомасындағы вексельдердiң өтелуiн қамтамсыз етсiн;
Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорымен бiрлесiп бiрiншi кезектi тәртiппен шаруа (фермерлiк) қожалығын дамыту үшiн Ведомствоаралық кеңес бекiткен сметалардың шегiнде қаражат бөлсiн;
белгiленген тәртiппен қайтарылуы негiзiнде Талдықорған облысының Панфилов ауданының тұқымдық дән шаруашылықтарына молдаван селекциясы жүгерiсiнiң аталық нысандарын әкелуi үшiн 18 млн. теңге бөлсiн;
Талдықорған облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiнiң өтiнiшi бойынша 1997 жылы Лизингтiк қордан лизингтiк негiзде техника әкелу үшiн қаражат бөлу көзделсiн.
7. "Мемлекеттiк азық-түлiктiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы Талдықорған облысына шарттық талаптармен және қарыз тәртiбiмен 7,0 мың тонна жаздық астық дақылдарының тұқымын бөлу мәселесiн қарасын.
8. Талдықорған облысының әкiмiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда төтенше жағдайлар мен iс-шараларды қаржыландыру үшiн оларды 6 млн. теңге сомада Текелi қаласындағы N 1 мектептiң үйiн жер сiлкiнуге қарсы күшейту жөнiндегi жұмыстарды аяқтауға және 22 млн. теңге сомада "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның бiрiншi кезектегi жағалауды нығайту, Қорғас өзенiндегi аспалы көпiрдi қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуiне және Талдықорған қаласының шеңберiнде Қаратал өзенiнiң су жайылатын жерлерiнде тасқынға қарсы iс-шараларды орындауға жұмсауды көздеп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Резервтiк қорынан 28 млн. теңге бөлсiн.
9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi облыстың сақтандыру жарналары мен Зейнетақы қорына ағымдағы берешектерi жөнiндегi қарыздарын өтеудiң кестесiн орындауы, сондай-ақ Талдықорған облысының әкiмiмен бiрлесiп бекiтiлген зейнетақы төлеудi өтеу кестесiн ескере отырып орталықтандырылған шотқа тиесiлi қаражаттың сомасын уақытында және толық аударуы шартымен Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан Талдықорған облысына дотациялардың уақытында бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
10. Талдықорған облысының әкiмi:
1997 жылға арналған тереңдетiлген реформалар бойынша iс-қимыл жоспарын орындауды;
энергия ресурстарын тұтынғаны үшiн төлемдер мен ақының толық жиналуын;
берiлген кепiлдiкке сәйкес 1996 жылы лизинг бойынша техникалар алуға бөлiнген қаражатты белгiленген мерзiмдерде қайтаруды;
Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорынан алынған астықтық қарыздар мен қаржы қаражатын 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн қайтаруды қамтамасыз етсiн.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi