1997 жылы астық пен оның ұқсатылған өнiмдерiнiң мемлекеттiк ресурстарын молықтыру және жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1997 жылдың өнiмiнен мемлекетке астық сатып алудың қоса берiлiп отырған Бағдарламасы мақұлдансын.
2. 1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға 187 мың тонна көлемiнде астық сатып алу "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына екi траншта: бiрiншiсi кесте бойынша сәуiр айында - 1 млрд. теңге сомасында, екiншi кесте бойынша 1997 жылдың маусым-шiлде айларында - 1 млрд. теңге сомасында республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат есебiнен 2 (екi) млрд. теңге сомасында жүргiзiлсiн.
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы:
1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алуға қатысу құқығына арналған әр облыс бойынша астық компаниялары арасында тендер өткiзсiн;
1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға астық беру үшiн екiншi дәрежелi банктер кепiлдiгiмен тендер жеңiмпаздары - астық компанияларымен шарт жасауды қамтамасыз етсiн.
4. Былай деп белгiленсiн:
Астық компаниялары мемлекеттiк ресурстарға беру үшiн ағымдағы жылы кепiлдi өнiм өсiрудi қамтамасыз ете алатын аудандар мен шаруашылықтарға астық сатып алу өтiнiмiн орналастырады;
астық компаниялары жанар-жағар материалдарды, тұқымды, техниканы, жабдықтарды, босалқы және жинақтаушы бөлшектердi, өсiмдiктердi, химиялық қорғау құралдарын, тыңайтқыштарды және басқа да материалдарды мемлекеттiк астық сатып алуға берiп тұруға өз бетiнше шарттар жасасады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.28. N 894
қаулысымен.
5. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк
қоғамы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi,
облыстар мен аудандардың әкiмдерi мемлекеттiк ресурстарға бұрын
берiлген астық несиелерiн 1997 жылы толықтай қайтаруды және астық
жөнiндегi басқа да берешектердi 1997 жылдың 1 желтоқсанынан
кешiктiрмей өтеудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 24 наурыздағы
N 401 қаулысымен
мақұлданған
1997 жылдың өнiмiнен мемлекетке астық
сатып алу
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) астық пен оның ұқсатылатын өнiмдерiнiң мемлекеттiк ресурстарын молықтыру және жаңарту мақсатында 1997 жылдың өнiмiнен есептеу салмағы 187 мың тонна көлемiнде астық сатып алуды жүзеге асырады. Астық сатып алу республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен 2 (екi) млрд. теңге сомасында екi траншта: бiрiншiсi кесте бойынша сәуiр айында - 1 млрд. теңге сомасында, екiншi кесте бойынша 1997 жылдың маусым-шiлде айларында - 1 млрд. теңге сомасында жүзеге асырылады.
2. Сатып алу бағалары есептеу салмағындағы астықтың 1 тоннасы үшiн: 3-сыныпты жұмсақ бидай үшiн - 130 АҚШ долларынан, тұқымдық мақсаттарға арналған жаздық бидай үшiн - 195, 1-сыныпты қарақұмық үшiн - 160, 2-сыныпты күрiш үшiн - 190, қара бидай үшiн (А тобы) -
125 АҚШ долларының жоғары емес мөлшерде желiлi элеваторларда
дайындаушыларға сақтауға алу сәтiнде, қосылған құнға салынған
салықты ескере отырып белгiленедi. Басқа дақылдардың, сорттардың және
басқа да сападағы астықтың сатып алу бағаларын корпорация Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң облыстар бойынша
1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға азықтық астық сатып алу
жөнiндегi ой-ниетi:
(мың тонна)
____________________________________________________________________
|Сатып | Соның iшiнде
|алу |__________________________________________
|көлемi,|3-сыныпты жұмсақ|2-сыныпты|3-сынып.|қара
|бар. | бидай сорттары | күрiш |ты қара.|бидай
|лығы |________________| |құмық |А тобы
| |барлығы|олардың | | |
| | |iшiндегi| | |
| | |тұқымдар| | |
_________________|_______|_______|________|_________|________|______
Ақмола 45 45 5 - - -
Шығыс Қазақстан 13 - - - 8 5
Көкшетау 38 38 5 - - -
Қостанай 56 56 10 - - -
Қызылорда 5 - - 5 - -
Солтүстiк
Қазақстан 30 30 20 - - -
Жиыны 187 169 20 5 8 5
4. Корпорация комиссия құрамын белгiлейдi және 1997 жылғы өнiмнен мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алуға қатысу құқығына арналған әр облыстың астық компаниялары арасында тендер өткiзедi.
5. Корпорация мемлекеттiк ресурстарға астық беру үшiн тендер жеңiмпаздары - астық компанияларымен шарт жасайды. Тендерде жеңiп шыққан компаниялар 1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға астық беру үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлермен дербес, сондай-ақ франко-вагон шарттарында мемлекетке астық сатып алғанда республиканың мұнай өндiретiн және мұнай өңдейтiн кәсiпорындарымен жанар-жағармай материалдарын алуға арналған шарт жасайды. Корпорация осы шарттарға сәйкес көрсетiлген мұнай өнiмдерiне ақы төлейдi.
Тендер шарты бойынша Корпорация белгiлеген желiлi элеваторларға тарату арқылы және сонымен бiр мезгiлде Корпорация мен элеваторлар арасында оны сақтауға арналған шарт жасай отырып, астық шарт талаптарына сәйкес 1997 жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей Корпорацияға қайта тiркелуi тиiс.