Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын реформалаудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн: аталған қаулының 1-қосымшасы мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi"; аталған қаулының 3-қосымшасында: "Әдiлетминi" деген жолдағы "3" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi