Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бюджетi 1997 жылға кiрiстерi бойынша 38980 млн. теңге сомасында, шығыстары бойынша - 38 980 млн. теңге сомасында бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң кiрiстерi:
1997 жылғы 1 қаңтардағы 950 млн. теңге сомасындағы ақша қаражаты қалдықтарының;
заңды тұлғалардың (шетелдiң қатысуымен заңды тұлғаларды қоса алғанда) және шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қоры бөлiгiне 13 260 млн. теңге сомасында сақтандыру жарналарын аударуының;
"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысының 20-тармағына сәйкес жұмыс iстемейтiн халықты сақтандыру үшiн облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерiнен 24 370,0 млн. теңге сомасындағы сақтандыру төлемiнiң;
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен айналысатын жеке адамдардың 300 млн. теңге сомасындағы сақтандыру төлемдерiнiң;
100, 0 млн. теңге өзге де кiрiстердiң есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн.
3. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаражаты:
сақтандырудың резервтiк қорынан Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберiнде медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеуге арналған шығыстарға - 38 213 млн. теңге, олардан Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын, денсаулық сақтауды дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржыландырудың көлемiнде медициналық қызмет көрсетулердiң жағдайларын теңестiру үшiн пайдаланылатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың сақтандыру төлемдерiнiң қорынан орталықтандырылған нормаландырылған сақтандыру запасын қалыптастыруға 2 034 млн. теңге сомасында 15 процент, олардың 325 млн. теңгесi - медициналық сақтандыру жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға;
өзiн дамыту қорының шығыстарына 767 млн. теңге сомасында бағытталсын.
4. 1997 жылға арналған Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының медициналық көмек түрлерiнiң тiзбелерi (1-қосымша) және медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi (2-қосымша) бекiтiлсiн.
5. Мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған үлгi шарт (3-қосымша) бекiтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi сақтандыру төлемдерiнiң толық және уақытылы жиналуын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық төлеушiлердiң қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына сақтандыру жарналарын төлеудiң толықтығы мен уақыттылығы мәселелерiн тексерсiн.
8. 1997 жылдың бiрiншi жарты жылдығында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына 1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы аудит жүргiзiлсiн.
9. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 қыркүйектегi N 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 393-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасында:
7-11 тармақтар алынып тасталсын;
"Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы
шеңберiнде берiлетiн медициналық қызмет көрсету көлемi" деген III
тараудың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын Қазақстан
Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру
қорының бюджетiмен бiр уақытта Базалық бағдарлама бойынша
медициналық қызмет көрсетудiң тiзбесiн бекiтедi";
"Мiндеттi медициналық сақтандырудың аумақтық базалық
бағдарламасы" деген IV тараудағы 13-тармақ алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 7 сәуiрдегi
N 493 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының
1997 жылға арналған бюджетi
млн. теңге
___________________________________________________________________
|Барлығы
|1997 жылға
___________________________________________________________________
Кiрiстер
Жыл басындағы қалдық 950
Заңды тұлғалардан алынатын сақтандыру төлемдерi 13 260
Жұмыс iстемейтiн адамдар үшiн жергiлiктi
бюджеттен алынатын сақтандыру төлемдерi 24 370
Заңды тұлға құрусыз жеке тұлғалардан алынатын
сақтандыру төлемдерi 300
Басқа да кiрiстер 100
Кiрiстер жиынтығы 38 980
Шығыстар
Мiндеттi медициналық сақтандырудың резервтiк
сақтандыру қоры,
барлығы 38 213
оның iшiнде:
орталықтандырылған нормаландырылған сақтандыру
запасы 2 034
оның iшiнде мақсатты бағдарламаларды
қаржыландыруға 325
Өзiн дамыту қоры 767
Шығыстар жиынтығы 38 980
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 7 сәуiрдегi
N 493 қаулысына
1-қосымша
Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық
бағдарламасына енетiн 1997 жылға арналған
медициналық көмек түрлерiнiң тiзбесi
Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы
шеңберiнде берiлетiн медициналық қызмет көлемi
1. Медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне енетiн көмек түрлерiнен басқа, егу iсiн стационарлық көмектi қоса алғанда амбулаториялық-емханалық көмек.
2. Балалар мен жасөспiрiмдерге, жүктi әйелдер мен 18 жасқа дейiнгi 4-тен көп балалары бар көп балалы аналарға ортодонтия мен протездеуден басқа, толық көлемдегi стомотологиялық көмек.
3. Ересек адамдарға стомотологиялық көмектiң жекелеген түрлерi.
4. Дәрiлiк көмек берудiң көлемi мен жағдайлары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен Өмiрлiк маңызы бар дәрiлiк заттардың тiзiмiнiң негiзiнде мiндеттi медициналық сақтандырудың аумақтық бағдарламаларымен айқындалады. Стационарда қажеттi дәрi-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға төлем жасау мiндеттi медициналық сақтандыру қаражаты есебiнен, ал
амбулаториялық-емханалық мекемелерде азаматтардың жеке қаражатының
есебiнен жүзеге асырылады.
5. Жеңiлдiктi және тегiн рецептер бойынша азаматтардың
жекелеген санаттары мен жекелеген ауру түрлерiн дәрiлiк заттармен
және сүт қоспаларымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 7 сәуiрдегi
N 493 қаулысына
2-қосымша
1997 жылға Бюджетте денсаулық сақтауға көзделген
қаражаттың есебiнен қаржыландырылатын медициналық
көмектiң кепiлдi көлемi
Медициналық көмектiң кепiлдi көлемi
1. Жедел және кезек күтпейтiн медициналық көмек қызметi.
2. Халықтың сақтандырылмаған бөлiгiне кезек күттiрмес және
шұғыл медициналық көмек көрсету.
3. Халықты мынадай мамандандырылған амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек түрлерiмен қамтамасыз ету: терi-венерологиялық, онкологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық, психиатриялық, жұқпалы, сондай-ақ бруцеллез және алапеске көмек.
4. Халықты санитарлық-эпидемиялық қадағалаумен қамтамасыз ету.
5. Денсаулық сақтау жүйесiндегi санаторийлер, балалар үйi, сүт асүйлерi, СПИД-пен күрес жөнiндегi орталық, ҒЗИ клиникалары, арнайы медициналық мақсаттағы базалар мен қоймалардың, сот-медициналық бюросы, сот-психиатриялық сараптамасы мен патологиялық-анатомиялық бюросы мен бөлiмшелерi, шұғыл және жоспарлы - консультативтiк көмек бөлiмшелерi (республикалық және облыстық санитарлық авиация), қан құю орталықтары (бөлiмшелерi, кабинеттерi), медбикелiк күтiм ауруханаларының орталықтандырылған бухгалтериясы, отбасын жоспарлау және репродукциялау орталықтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне арналған госпитальдардың (бөлiмшелердiң) және емханалардың (бөлiмшелердiң), әскери комитеттердегi дәрiгерлiк комиссиялардың, мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелердiң (алкоголизммен және нашақорлықпен аурушыларды мәжбүрлеп емдеуге арналған) қызметiн қамтамасыз ету.
6. Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ мiндеттi медициналық сақтандыру бағдарламасының базасынан тыс мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттерiне стомотологиялық көмек көрсету.
7. Апаттар мен табиғи зiлзалалар жағдайында жаппай ауру,
эпидемия кезiнде медициналық көмек көрсету.
8. Иммундық препараттарды, вакциналарды, сарысуларды
орталықтандырылған сатып алу және холодтық тiзбекпен қамтамасыз ету.
9. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге ие адамдарды
медициналық мақсаттағы заттармен тiсiн протездеумен қамтамасыз ету.
10. Денсаулық сақтаудың жоғарыда тұрған мекемелерiне
(ұйымдарына) белгiленген тәртiпте жiберiлген аурулардың жол ақысын
төлеу.
11. Халықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлiгi бекiткен тiзбе бойынша медициналық көмектiң қымбат
түрiмен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 7 сәуiрдегi
N 493 қаулысына
3-қосымша
Мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша
медициналық қызметтер көрсетуге арналған
ҮЛГI ШАРТ
_____________________ 199 ж. ____________________
елдi мекеннiң атауы
Бiр жағынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының облыстық (Алматы қалалық)
бөлiмшесi туралы ережесiнiң негiзiнде жұмыс iстейтiн Мiндеттi
медициналық сақтандыру қорының бөлiмшесi (бұдан әрi - САҚТАНДЫРУШЫ)
___________________________________________________________________
өзiнiң атқарушы директорының атынан _______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
мен екiншi жағынан, заңды тұлға болып табылатын, 199__жылғы
" "________________берген N________ лицензияның негiзiнде жұмыс
iстейтiн
___________________________________________________________________
(лицензияны берген органның атауы)
жеке медициналық практикамен айналысушы медициналық ұйым немесе адам
(бұдан әрi - БЕРIМШI) _____________________________________________
________________________________________атынан (лауазымы, тегi, аты,
әкесiнiң аты) мына туралы осы шартты жасады:
___________________________________________________________________
I. ШАРТТЫҢ МӘНI
1. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына сәйкес және өзiне САҚТАНДЫРУШЫ берген сақтандыру полисiн берген азаматтарға рұқсат етiлген қызмет түрлерiне сәйкес САҚТАНДЫРУШЫ медициналық қызметтер көрсетудi тапсырады, ал БЕРIМШI өзiне оны орындауға мiндеттеме алады.
II. ТАРАПТАРДЫҢ МIНДЕТТЕРI
2. САҚТАНДЫРУШЫ:
Осы Шарттың 3-бөлiмiнде айқындалған тәртiппен БЕРIМШIМЕН сақтандырылғандарға көрсетiлген медициналық қызметтерге ақы төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзуге;
сақтандырылғандардың регистрiн жүргiзуге;
БЕРIМШIНIҢ осы Шарттың шеңберiнде көрсететiн медициналық қызметтерiнiң көлемi мен сапасын бақылауға;
сақтандырылғандарды Қазақстан Республикасының мiндеттi медициналық сақтандыру мәселелерi бойынша хабардар етуге бағытталған қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзуге және БЕРIМШIНI дер уақытында осы Шарттың шеңберiнде оның жұмысын регламенттейтiн қажеттi нормативтiк құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
3. БЕРIМШI:
сақтандырылғандарға мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы мен _____________________________________________ осы
(денсаулық сақтау басқармасының органы) ұйым үшiн белгiленген тараптарға (медициналық сақтандыруға) сәйкес, көлемi мен түрлерi осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын тiзбемен белгiленетiн, медициналық қызметтердi көрсетуге;
сақтандырылғандарға Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберiнде медициналық қызметтер көрсетудiң шарттары туралы ақпарат беруге;
медициналық қызметтiң келiсiлген түрiн, көлемiн немесе стандартын көрсету мүмкiн болмаған кезде өз қаражатының есебiнен сақтандырылғандарды тиiстi маманды тарту жолымен осындай қызметпен қамтамасыз етуге;
САҚТАНДЫРУШЫҒА медициналық қызметтiң келiсiлген түрiн, көлемiн немесе стандартын көрсетудiң мүмкiн еместiгi туралы дереу хабарлауға;
САҚТАНДЫРУШЫНЫ стандарттар талаптарының бұзылуына, көрсетiлетiн медициналық қызмет түрлерiнiң, көлемiнiң қысқаруына және мерзiмдерiнiң өзгеруiне алып баратын туындаған жағдаяттар туралы хабардар етуге;
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ өкiлiн ол тексерiс жүргiзген жағдайда осы Шарттың атқарылуына байланысты құжаттамамен және қызметпен оның еркiн танысуын қамтамасыз етуге;
САҚТАНДЫРУШЫҒА белгiленген тәртiппен бекiтiлген есептiлiктiң нысандары жөнiнде ақпарат беруге мiндеттенедi.
III. ЕСЕП АЙРЫРЫСУДЫҢ ТӘРТIБI
4. САҚТАНДЫРУШЫ БЕРIМШIНIҢ САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА көрсететiн медициналық қызметтерiне мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiндегi медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеудiң тәртiбi туралы ережеге және әкiмдердiң бекiткен медициналық қызметтерге арналған тарифтер туралы шартына сәйкес Азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандырудың ережелерiмен (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 1845 қаулысы) белгiленген тәртiппен ақы төлейдi.
5. Есеп айырысулар БЕРIМШIНIҢ есептi кезеңде ұсынған, САҚТАНДЫРУШЫ қабылдаған және бекiткен шоттарына (тiзiлiмдерiне) ақы төлеу жолымен 5 күн iшiнде ай сайын жүзеге асырылады.
6. Тараптар есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiнгi мерзiмде сақтандырылғандарға көрсетiлген медициналық қызметтерге ақы төлеу бойынша ақырғы есеп айырысу жүргiзедi.
7. САҚТАНДЫРУШЫ ағымдағы айдың 1-күнiне дейiн БЕРIМШIГЕ ақының айлық есеп айырысу сомасының 50 процентi мөлшерiнде аванс аударады.
8. САҚТАНДЫРУШЫ сапасыз медициналық қызмет көрсеткенi үшiн ақырғы есеп айырысу сомасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының нормативтiк актiлерiне сәйкес ұсынылған айыппұл шараларының сомасына азайта алады.
9. Тараптар осы Шартты жасауға дейiн туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi.
IV. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДIҢ КӨЛЕМI МЕН САПАСЫНА
БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
10. САҚТАНДЫРУШЫ мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiндегi медициналық сараптама туралы Ереженiң негiзiнде БЕРIМШIНIҢ өкiлдерiнiң қатысуымен БЕРIМШIНIҢ көрсететiн медициналық көмектерiнiң көлемi мен сапасына бақылау жасауды жүзеге асырады.
11. Сараптық бағалаулар жоспарлы тәртiппен де, сондай-ақ САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ бастамашылығы бойынша да не сақтандырылғанның өтiнiшi бойынша да жүзеге асырылады, тексерудiң нәтижелерi САҚТАНДЫРУШЫ мен БЕРIМШIНIҢ өкiлдерi қол қоятын сараптама актiсiмен ресiмделедi.
12. БЕРIМШI тексерiстiң түйiндерiмен келiспеген кезде ол сараптама актiсiне қол қоюға мiндеттi және он күндiк мерзiмде облыс (Алматы қаласы) әкiмiнiң жанындағы келiстiрушi комиссияға өтiнiш жасауға құқылы. Қажет болған кезде келiстiрушi комиссияның шешiмiмен тәуелсiз сараптама тағайындалады.
V. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
13. Осы Шартта көзделген медициналық қызметтерге дер уақытында ақы төлемегенi үшiн САҚТАНДЫРУШЫ БЕРIМШЕГЕ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн белгiленген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде өсiмақы төлейдi.
14. Тараптардың сақтандырылғанға БЕРIМШIНIҢ немесе оның қызметкерiнiң кiнәсынан келтiрiлген залалды өтеу жөнiнде сотқа дейiн реттеуге құқығы бар, өзге жағдайларда тараптар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес iс-әрекет жасайды.
15. БЕРIМШI САҚТАНДЫРУШЫДАН алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшiн жауаптылықта болады.
16. Тараптардың бiрi екiншi тарап үшiн коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткен кезде, аталған мәлiметтер оған осындай тұрғыда мәлiм болған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа осыған байланысты келтiрiлген шығынның орнын толтыруға мiндеттi.
VI. ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТАТЫН ЖАҒДАЯТТАР
17. Тараптар егер мiндеттемелердi атқармаушылық осы Шартты жасаған соң туындаған тежеусiз күш жағдаяттарының (өрт, су тасқыны, жер сiлкiнiсi және табиғаттың өзге де құбылыстары, сондай-ақ әскери iс-қимылдар және тараптардың ақылға сиымсыз бақылауынан тыс басқа да жағдаяттарының) салдарынан болса, осы Шарт бойынша мiндеттемелердi
iшiнара немесе толық атқармағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
18. 17-тармақта аталған жағдаяттар пайда болған кезде өзiне осы
жағдаяттар пайда болған тарап олар туралы басқа тарапқа хабарлауы
тиiс. Хабарламада жағдаяттардың сипаты туралы деректер, сондай-ақ
тараптың осы Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiнiң атқарылу
мүмкiндiгiне әсер етуiнiң бағасы болуы тиiс.
VII. МӘЛIМДЕУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАУ
19. Осы шартты атқаруға байланысты тараптарға жiберiлген барлық
мәлiмдеу мен хабарлаулар жазбаша нысанда жасалуға тиiс.
20. Тараптар өздерiнiң мекен-жайлары мен реквизиттерiнiң барлық
өзгерiстерi туралы бiр-бiрiне дереу хабарлауға мiндеттенедi.
VIII. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ
21. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келiсiмiмен
өзгертiлуi мүмкiн.
22. Шарт қолданылу мерзiмi бiткен соң немесе мерзiмiнен бұрын
тоқтатылуы мүмкiн.
23. Шарттың мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы тараптардың бiрiнiң
өзiнiң мiндеттемелерiн атқармауы кезiнде немесе тараптардың келiсiмi
бойынша мүмкiн. Шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату ниетi туралы
тараптар бiр-бiрiне Шартта көзделген тоқтату күнiне дейiн кемiнде 30
күн бұрын хабарлауға мiндеттi.
24. Осы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе мерзiмiнен
бұрын тоқтатылған жағдайда тараптар шарттық қатынастар тоқтатылған
соң 20 күннен кешiктiрiлмей ақырғы өзара есеп айырысулар жүргiзедi.
IХ. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI
25. Осы шарт жасалған сәтiнен бастап күшiне енедi және
199___ жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
26. Егер тараптардың бiрде-бiреуi осы шартты тоқтату туралы
Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 30 күнтiзбелiк
күн бұрын мәлiмдемесе, оның қолданылуы бiр күнтiзбелiк жылға
ұзартылады.
Х. ӨЗГЕ ЖАҒДАЙЛАР
ХI. ҚОРЫТЫНДЫ
27. Осы шарт бiрдей заңдық күшке ие екi данада жасалды,
бiр данасы САҚТАНДЫРУШЫДА, екiншiсi - БЕРIМШIДЕ.
ХII. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫҚ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ
28. САҚТАНДЫРУШЫ _____________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Есеп айырысу шоты _________________________________________________
29. БЕРIМШI___________________________________________________
Мекен-жайы_________________________________________________________
Есеп айырысу шоты _________________________________________________
Осы шартқа мыналар қоса берiлiп отыр:
БЕРIМШIНIҢ көрсететiн Мiндеттi медициналық сақтандырудың
базалық бағдарламасының медициналық қызметтерiнiң түрлерi мен
көлемдерiнiң тiзбесi;
әкiмдердiң бекiтетiн медициналық қызметтерге арналған тарифтерi
туралы шарт.
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ
САҚТАНДЫРУШЫ _____________ БЕРIМШI _______________
199 ж. " " _______________ 199 ж. " "_____________
М.О. М.О.