Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтiк қорының қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiр N 620. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.18. N 1408 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтiк қорының қаражатын тиiмдi және нысаналы пайдалану мақсатында, сондай-ақ пайда болған тосын жағдаяттарды жедел қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтiк қорының қаражатын пайдаланудың тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан

 

Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi,

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру

туралы ұсыныс енгiзсiн.

     3. Жергiлiктi атқарушы органдарға тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң

резервтiк қорының қаражатын пайдаланудың тәртiбiн әзiрлеу және оны

бекiту ұсынылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 22 сәуiрдегi

                                            N 620 қаулысымен

                                              бекiтiлген


                Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтiк қорының

                        қаражатын пайдаланудың тәртiбi



 
       1. Осы Тәртiп тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген сомалардың шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтiк қорының (бұдан әрi - резервтiк қоры) қаражатын бөлудiң және жұмсаудың тетiгiн айқындайды.
      2. Резервтiк қор табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда бiр жолғы сипаттағы тосын жағдаяттарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен белгiленетiн өзге де ерекше жағдайларды қаржыландыру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiк құрамында "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңның 14-бабына сәйкес құрылады.
      Резервтiк қорда жеке тұрғыда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн қаражат көлемi бөлiнедi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1300 қаулысымен.
               P981300_
      3. Резервтiк қордан қаражат бөлу белгiленген тәртiппен оны алушы, қаражаттың көлемi және бюджеттiк жiктемеге сәйкес оның мақсатты пайдалану бағыты көрсетiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.
      4. Резервтiк қор қаражатының мақсаттық арналуы болады және қаражат бөлу туралы Үкiметтiң шешiмiнде көзделмеген мұқтаждарға пайдаланыла алмайды. Үкiметтiң резервтiк қордан қаражат бөлу туралы шешiмiнiң қаржы жылы аяқталғанда күшi жойылады. Пайдаланылмаған қаражаттың қалдықтары қайтарылуға жатады.
      5. Заңды тұлғалардың және облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң резервтiк қордан қаражат бөлу туралы өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да мемлекеттiк органдармен келiсiлiп негiзделген есептер болған кезде ғана қарайды. Мәселе оң шешiлген жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын белгiленген тәртiппен Үкiметтiң қарауына енгiзедi.
      Резервтiк қордан төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу мәселесiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қарайды және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын Үкiметке енгiзедi. Бұл ретте негiзге алынатын материалдар мен олардың тiзбесiн ұсынудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi айқындайды.
      6. Республиканың аймақтарына резервтiк қордан қаражат бөлу туралы мәселелер жергiлiктi бюджеттердiң пайдаланылған қаражатының болуы және оның көлемi туралы мiндеттi түрде ақпарат ұсыну арқылы жергiлiктi атқарушы органдардың резервтiк қоры қаражатының жеткiлiксiздiгi жағдайында қаржылық көмек көрсетуге негiзделген өтiнiм болған кезде облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң өтiнiшi бойынша қаралады.
      7. Бюджеттiк емес мақсаттық қорлардың есебiнен ұсталатын ұйымдарға (республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), қоғамдық және шығармашылық бiрлестiктер мен ұйымдарға, мемлекеттiк қатысу үлесi 50 проценттен төмен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, сондай-ақ республикалық бюджетте көзделген шығыстарға резервтiк қордан қаражат бөлуге жол берiлмейдi.
      8. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi шараларды резервтiк қордан қаржыландыру, егер төтенше жағдайлар пайда болуы қаупi немесе оның таралу ауқымы жергiлiктi және орталық атқарушы органдар пайда болған проблеманы өз қаражатының есебiнен өз бетiнше шеше алмайтын мөлшерлерге жеткен жағдайларда жүзеге асырылады.
      9. Төтенше жағдайларды жою үшiн резервтiк қордан қаражат бөлу:
      төтенше жағдайлардың пайда болуының нәтижесiнде зардап шегушiлерге материалдық көмек көрсетуге;
      зардап шеккендер үшiн уақытша тұру және тамақтану пункттерiн ашуға және ұстауға;
      шұғыл мән берудiң авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және құрал-жабдықтармен қосымша жарақтандыруға;
      құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арналған шығыстарды өтеуге;
      төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiндегi шығындарды өтеуге;
      төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да шараларға;
      айрықша жағдайларда - тиiстi жергiлiктi және орталық атқарушы органдардың қаражаты жетiспеген кезде төтенше жағдайларды болдырмау жөнiндегi кезек күттiрмейтiн өмiрлiк мәнi бар шараларға жүргiзiлiне алады.
      10. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi ұзақ мерзiмдi шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды болдырмауға арналған шығындардың қажеттi көлемiн орталық атқарушы органдар тиiстi жылға бюджеттiк өтiнiмнiң құрамында Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне ұсынады және олар белгiленген тәртiппен қаралады.
      11. Шараларды резервтiк қордан сөзсiз қаржыландыруды қажет ететiн жағдаяттар пайда болған кезде қаражат бөлу тиiстi қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландырудың Үкiмет бекiткен Ережелерiне сәйкес басымдықты тәртiппен жүзеге асырылады.
      12. Егер бюджеттiң атқарылуы процесiнде тапшылықтың бекiтiлген деңгейiнiң артуы немесе бюджетке кiрiстердiң түсуiнiң айтарлықтай төмендеуi қалыптасса, онда Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтiк қордың шығыстары бойынша секвестрлеу енгiзуге құқылы.
      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ай сайын Үкiметке резервтiк қор қаражатының қолда бары мен пайдаланылуы туралы ақпарат ұсынады.
      14. Резервтiк қордан қаражат алған заңды тұлға бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте және мерзiмдерде орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құндары туралы есеп ұсынуы тиiс.
      15. Резервтiк қор қаржыларының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi жүзеге асырады.
      16. Бөлiнген бюджеттiк қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiпте оны алушыға жүктеледi.
 

Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. N 620. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 18 сентября 1999 г. N 1408 ~P991408.

     В целях обеспечения эффективного и целевого использования средств резервного фонда Правительства Республики Казахстан, а также для оперативного финансирования возникающих непредвиденных обстоятельств Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемый Порядок использования средств резервного фонда Правительства Республики Казахстан.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Государственному комитету Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям, Министерству юстиции Республики Казахстан внести предложения о приведении в соответствие с настоящим постановлением ранее принятых решений Правительства Республики Казахстан.
      3. Рекомендовать местным исполнительным органам разработать и утвердить порядок использования средств резервного фонда соответствующих местных бюджетов.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



                                        Утвержден



                               постановлением Правительства

                                   Республики Казахстан

                                от 22 апреля 1997 г. N 620



 
 
                                Порядок
                использования средств резервного фонда
                  Правительства Республики Казахстан
 
      1. Настоящий Порядок определяет механизм выделения и расходования средств резервного фонда Правительства Республики Казахстан (далее - резервный фонд) в пределах сумм, утвержденных законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      2. Резервный фонд формируется в соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан от 24 декабря 1996 г. Z960051_ "О бюджетной системе" в составе республиканского бюджета на соответствующий финансовый год для финансирования непредвиденных расходов единовременного характера, включая ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные исключительные случаи, определяемые решениями Правительства Республики Казахстан.
      В резервном фонде отдельной строкой выделяется объем средств для финансирования мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 18 декабря 1998 г. N 1300 P981300_ .
      3. Выделение средств из резервного фонда осуществляется в установленном порядке решением Правительства Республики Казахстан, где указываются получатель, объем средств и направления их целевого использования в соответствии с бюджетной классификацией.
      4. Средства резервного фонда имеют целевое назначение и не могут быть использованы на нужды, не предусмотренные в решении Правительства о выделении средств. Решения Правительства о выделении средств из резервного фонда утрачивают силу по истечении финансового года. Остатки неиспользованных средств подлежат возврату.
      5. Ходатайства о выделении средств из резервного фонда юридических лиц и акимов областей и г. Алматы рассматривает Министерство финансов Республики Казахстан только при наличии обоснованных расчетов, согласованных с заинтересованными министерствами, государственными комитетами, другими государственными органами. При положительном решении вопроса Министерство финансов Республики Казахстан в установленном порядке вносит на рассмотрение Правительства проект решения о выделении средств.
      Вопросы выделения средств из резервного фонда на ликвидацию чрезвычайных ситуаций рассматривает Государственный комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям и, при необходимости, по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан в установленном порядке вносит в Правительство проект решения о выделении средств на ликвидацию чрезвычайных ситуаций. При этом порядок представления обосновывающих материалов и их перечень определяются Государственным комитетом Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям.
      6. Вопросы о выделении средств из резервного фонда регионам республики рассматриваются по ходатайству акимов областей и г. Алматы при наличии обоснованной заявки на оказание финансовой помощи при недостаточности средств резервного фонда местных исполнительных органов, с обязательным представлением информации о наличии и объемах использованных средств местных бюджетов.
      7. Не допускается выделение средств из резервного фонда организациям, содержащимся за счет средств внебюджетных целевых фондов (за исключением случаев, предусмотренных законом о республиканском бюджете), общественным и творческим объединениям и организациям, хозяйствующим субъектам, в которых государственная доля участия составляет менее 50 процентов, а также на расходы, предусмотренные в республиканском бюджете.
      8. Финансирование мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера из резервного фонда осуществляется в случаях, если угроза возникновения чрезвычайной ситуации или масштабы ее распространения достигают таких размеров, когда местные и центральные исполнительные органы не могут самостоятельно справиться с решением возникшей проблемы за счет собственных средств.
      9. Выделение средств из резервного фонда для ликвидации чрезвычайных ситуаций может производиться на:
      оказание материальной помощи пострадавшим в результате возникновения чрезвычайной ситуации;
      развертывание и содержание временных пунктов проживания и питания для пострадавших;
      дополнительное оснащение аварийно-спасательных и аварийно-восстановительных подразделений экстренного реагирования техническими средствами спасения, оборудованием и снаряжением;
      возмещение расходов на проведение спасательных и аварийно-восстановительных работ;
      возмещение затрат по обеспечению перевозок, сил и средств в зону чрезвычайных ситуаций;
      другие мероприятия, связанные с ликвидацией чрезвычайных ситуаций;
      в исключительных случаях - на проведение неотложных жизненно важных мероприятий по предупреждению чрезвычайных ситуаций при недостатке средств соответствующих местных и центральных исполнительных органов.
      10. Необходимые объемы затрат на реализацию долгосрочных мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций, а также на их предупреждение представляются центральными исполнительными органами и Министерство экономики и торговли и Министерство финансов Республики Казахстан в составе бюджетной заявки на соответствующий год и рассматриваются в установленном порядке.
      11. При возникновении обстоятельств, требующих безотлагательного финансирования мероприятии из резервного фонда, выделение средств осуществляется в приоритетном порядке в соответствии с утвержденными Правительством Правилами финансирования расходов, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      12. Если в процессе исполнения бюджета складывается превышение утвержденного уровня дефицита или значительное снижение поступлений доходов в бюджет, то Правительство Республики Казахстан вправе ввести секвестрирование по расходам резервного фонда.
      13. Министерство финансов Республики Казахстан ежемесячно представляет в Правительство информацию о наличии и использовании средств резервного фонда.
      14. Юридические лица, получившие средства из резервного фонда, должны представить отчет об использовании выделенных средств, объемах и стоимости выполненных работ в порядке и сроки, установленные Министерством финансов Республики Казахстан.
      15. Контроль за целевым использованием средств резервного фонда осуществляется Комитетом финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан.
      16. Ответственность за целевым и эффективным использованием выделяемых бюджетных средств возлагается на получателя в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.