Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның сандық құрамы 9 адам болып бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1658 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 23 сәуiрдегi
N 640 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
Басшылық
Биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, өндiру және пайдалану жөнiндегi агенттiк (заңды тұлға құқығында)
Мемлекеттiк экологиялық сараптау, табиғатты пайдалану
экономикасы департаментi
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөнiндегi
агенттiк (заңды тұлға құқығында)
Қаржы және кадр қызметi басқармасы
Құқық жұмысы бөлiмi
Жалпы бөлiм