Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.30 N 1151 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1995 жылы 18 мамырда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Словакия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмiн белгiленген тәртiппен Словакия Тарабына хабарласын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Словак Республикасы Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Словак Республикасы Үкiметi,
сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және нығайтуды көздеген тiлектi басшылыққа ала отырып,
тең құқықтық және өзара тиiмдiлiк принциптерiнiң негiзiнде екi мемлекет арасындағы сауда қатынастарын кеңейтуге ниет ете отырып,
екi елдiң саяси және экономикалық жүйелерiнде болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi еске ала отырып,
екi мемлекеттiк қолданыстағы заңдары мен халықаралық құқыққа сәйкес екi елдiң экономикасын әлемдiк шаруашылыққа бiр iзбен интеграциялауға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасының тарифтер және сауда жөнiндегi бас келiсiмiнiң (ГАТТ) Уағдаласушы Тарабы ретiндегi мiндеттемелерiн және Словак Республикасының халықаралық сауда жүйесiнiң жалпы жұрт қабылдаған нормалары мен ережелерiн, бұған ТСБК-ның нормалары мен ережелерiн қоса алғанда, сақтауға деген ұмтылысын назарға ала отырып,
мына төмендегiлер жайында келiстi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар бiрiншi кезекте өзара тауар айналымы мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн молайтуға бағытталған өзара экономикалық қатынастарды дамытуға көмектесiп отыратын болады.
Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнде қолданылып жүрген заңдардың шеңберiнде экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың барлық нысандарын ынталандыру, жеңiлдету және қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қолданып отыруға келiсiмiн бердi.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағынан шығарылатын тауарлардың саудасына қатысты бiр-бiрiне мейлiнше қолайлы жағдай режимiн жасайды (ТСБК-ның 1-бабы бойынша).
Мейлiнше қолайлы жағдай режимi кейбiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер жайында қолданылмайтын болады. Олар мына төмендегiлер:
- Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң шекара бойындағы сауданы немесе басқа мемлекеттермен жасалатын аймақаралық сауданы жеңiлдету мақсатында көршi елдерге жасап берген немесе болашақта жасап беретiн артықшылықтары мен жеңiлдiктерi;
- Уағдаласушы Тараптардың қазiргi бар немесе келешекте құрылуы мүмкiн кедендiк одақтар мен еркiн сауда аймақтарына мүше болуларына қатысты артықшылықтар мен жеңiлдiктер.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар екi елдiң сыртқы экономикалық қатынастар субъектiлерiнiң (бұдан былай - субъектiлер) арасындағы тауар алмасу мен қызмет көрсету халықаралық саудада қолданылатын әлемдiк бағалар мен принциптер бойынша Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес жасалатын тiкелей немесе компенсациялық сауда келiсiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын болады деп келiстi.
Уағдаласушы Тараптардың субъектiлерi өзара уағдаластық негiзiнде келiсiмдер мен шарттар, оның iшiнде ұзақ мерзiмдi, әсiресе ұзаққа созылған өндiрiс циклiмен тауарлар жеткiзiп тұруға деген шарттар мен экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасатын болады.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң субъектiлерiне тауарлар жеткiзiп тұру мен қызмет көрсету жөнiндегi сауда келiсiмдерiн жасасу және оларды жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасап отыратын болады.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң жеке және заңды субъектiлерiнiң арасындағы тiкелей байланыстарды дамыту үшiн, сондай-ақ делегациялар мен кәсiпкерлердiң сапарларымен алмасу үшiн, жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу және ақпаратпен алмасу үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудiң маңыздылығын еске ала отырып, әрқайсысы өз елiнiң аумағында филиалдарды, ұйымдарды, кәсiпорындарды, фирмаларды, банктердi, сауда үйлерiн, биржаларды, кооперативтер мен компанияларды, құру және олардың сауда және экономикалық қызметiн дамыту үшiн өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес қолайлы жағдай жасайтын болады.
7-бап
Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң әрқайсысына қолданылып
жүрген заңдарға сәйкес екi мемлекеттегi экономикалық нарық қатынастарының дамытылуын ескере отырып, мына төмендегi мәселелерге өзара мүдделi екендiктерiн растайды: - капитал қозғалысына алдын ала жағдай жасау; - аса маңызды жобаларды жүзеге асыру үшiн инвестицияларды бiрiктiру; - екi мемлекет субъектiлерiнiң еркiн экономикалық аймақтарды дамыту процесiне қатысуы; - жекешелендiру процесi. 8-бап
Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң әрқайсысында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бiрлескен кәсiпкерлiк қызметтi дамыту үшiн, бұған инвестицияларды қолдау мен қорғауды және қосарланған салық салуды болдырмау мен өзара экономикалық ынтымақтастықта кемсiту шаралары қолданылмайтынын қоса алғанда, қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
9-бап
Уағдаласушы Тараптар iргелi және қолданбалы ғылымдар мен техника және технология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық екi мемлекеттiң экономикалық дамуында маңызды роль атқаратынын негiзге ала отырып, осы салада өзара байланыстарды дамыту үшiн қажеттi жағдайларды жасап отыратын болады.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар ғалымдар мен мамандар, ғылыми ұйымдар мен кәсiпорындардың арасындағы байланыстарды және ынтымақтастықты дамытуға, бұған ғылыми-техникалық әзiрлемелердi даярлау және екi мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшiн уақытша және тұрақты негiзде аралас ғылыми ұжымдарды құруды қоса алғанда, ерекше назар аударатын болады.
Уағдаласушы Тараптар бiрлескен ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерiн қорғауды қамтамасыз ететiн болады. Бұл нәтижелердiң үшiншi бiр жаққа берiлуi Уағдаласушы Тараптардың екiншiсi жазбаша түрде өз ризалығын бергеннен кейiн ғана жүзеге асырыла алады.
11-бап
Уағдаласушы Тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастарға байланысты, атап айтқанда, заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң саласында, ақпарат алмасуды жүзеге асыруда бiр-бiрiне көмектесiп отыратын болады.
12-бап
Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағы арқылы үшiншi бiр мемлекеттерге сыртқы экономикалық байланыстардың қазақстандық және словак қатысушылары тауарларының, бұған уағдаласушы мемлекеттердiң заңдарымен әкелiнуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, транзитiне көмектесетiн болады.
13-бап
Уағдаласушы Тараптар өзара экономикалық байланыстарды тереңдетуде туризмдi дамыту маңызды роль атқарады деп есептей отырып, қолданылып жүрген заңдардың шеңберiнде, сондай-ақ "Туризм хартиясы және турист кодексi" /София, 1985 ж./ мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының халықаралық туризм және саяхат жасау жөнiндегi конференциясының /Рим, 1963 ж./ ұсынымдары негiзiнде туризмдi дамытуға көмектесетiн болады.
14-бап
Субъектiлер арасындағы жеткiзiп берiлген тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн жасалатын есеп айырысу мен төлемдер еркiн айналымдағы валюта немесе халықаралық сауда, қаржы және банк практикасында қолданылатын принциптерге, шарттар мен нысандарға сәйкес коммерциялық банктер келiсетiн валюта арқылы жүзеге асырылатын болады.
15-бап
Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасында сауда өкiлдiктерiн құра алады. Сауда өкiлдiктерiнiң құқықтық мәртебесi Уағдаласушы Тараптардың арасындағы жекелеген келiсiммен белгiленетiн болады.
16-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына көмектесу және Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарды дамыту үшiн мемлекеттердiң тиiстi органдарының, ұйымдар мен кәсiпкерлiк құрылымдардың өкiлдерiнен құрылатын Үкiметаралық аралас Қазақстан-Словак комиссиясын құратын болады.
Аралас комиссия жүктелген мiндеттердi өз мәртебесiне сәйкес орындайтын болады.
17-бап
Бұл Келiсiм Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi iшкi мемлекеттiк барлық процедуралардың орындалғаны туралы соңғы хабарламалар алмасқан күнi күшiне енедi.
Осы Келiсiм мөлшерсiз мерзiмге жасалады және ол, егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi оның қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi туралы кезектi күнтiзбелiк жылдың басталуына дейiн кемiнде алты ай бұрын жазбаша мәлiмдемесе, қолданыста қала бередi.
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап, 1992 жылғы 18 маусымда Мәскеу қаласында жасалған "Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Чех және Словак Федеративтiк Республикасы Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiм" Қазақстан Республикасы және Словак Республикасы
арасындағы қатынастарда күшiн жояды. Алматы қаласында 1995 жылғы 18 мамырда әрқайсысы қазақ, словак және орыс тiлдерiнде екi дана етiп жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуде пiкiр алшақтығы туа қалған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi қолданатын болады. Қазақстан Республикасының Словак Республикасының Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн