1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметiн одан әрi реформалау бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама);
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оны жүзеге асыру жөнiндегi шараларының жоспары (бұдан әрi - Шаралардың жоспары) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бағдарлама мен Шаралардың жоспарын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бағдарлама мен
Шаралардың жоспарын жүзеге асырудың барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн тоқсан сайын хабардар етсiн, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы дер кезiнде ұсыныстар енгiзсiн. 4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Шаралардың жоспарын орындауға жауапты адамдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ай сайын ақпарат берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 маусымдағы N 940 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметiн одан әрi реформалау бағдарламасы I. Жалпы ережелер
Мемлекеттiк қызметтi одан әрi реформалау бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) басқару тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк органдар жүйесiн одан әрi реформалау, мемлекеттiк қызметтiң кадр әлеуетiн жақсарту мақсатында әзiрлендi.
Ұйымдық қайта құрулардың бұрын сәтсiз болуының негiзгi себебi 90-шы жылдардың қарсаңында мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта ұйымдастыру кезiнде басқарудың ескi нысандары мен әдiстерiнен жаңаларына сырғып көшу принципiнiң сақталмауында болды. Жиi қайта ұйымдастырулар және осыған байланысты кадрларды қайта орналастыру қабылданатын шешiмдердiң салдарларына жауапкершiлiк принципiнiң бұзылуына әкеп соқты.
Басқару кадрларын даярлауда, олардың қызметiн ынталандыру мен бақылау жүйесiнде елеулi қателiктерге жол берiлдi. Кадрларды iрiктеу мен орналастыру жүйесiнiң пысықталмауына, сондай-ақ салыстырмалы түрде алғанда, еңбекке аз ақы төлеуден туындаған келешегiнiң жоқтығы, ертеңгi күнге деген сенiмдiлiктiң болмауы бiлiктi басқару кадрларының елеулi бөлiгiнiң мемлекеттiк емес салаға кетуiне әкеп соқты. Дамыған шет елдердiң тәжiрибесi мемлекеттiк аппаратқа барынша кәсiби даярлығы бар және идеялық табанды қызметкерлердi тарту қажеттiгiн көрсетiп отыр.
Аталған саладағы проблемаларды дұрыс шешу республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатының есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк қызмет пен ұйымдардағы кадрлардың санын, құрамы мен қозғалысын бейнелейтiн толық және объективтi ақпараттың болуын көздейдi.
Орталық атқарушы органдардың қосымшаның 1-суретiнде келтiрiлген бұрынғы құрылымы өз құрамында 42 дербес бөлiмшенi қамтитын, оның iшiнде: министрлiктер - 20, мемлекеттiк комитеттер - 11, комитеттер, бас басқармалар, ұлттық комиссиялар және басқалары - 11.
Тәжiрибе орталық атқарушы органдардың ұйымдық нысандарының көп түрлiлiгi, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiнiң жеткiлiктi түрде айқын болмауы ұйымдық құрылымды елеулi түрде күрделендiргенiн және оның тиiмдiлiгiн едәуiр төмендеткенiн көрсетiп отыр.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес мынадай негiзгi шаралар жүргiзiлдi:
Үкiмет аппараты Премьер-Министрдiң Кеңсесi болып қайта ұйымдастырылды;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ведомстволық бағыныстағы орталық атқарушы органдардың саны 50% астам қысқартылды. Бұл ретте таратылған мемлекеттiк органдардың көпшiлiгi тиiстi министрлiктердiң өздерiне жүктелген функцияларды дербес орындайтын, заңды тұлға құқығы бар құрылымдық бөлiмшелерi болып өзгертiлдi.
Нәтижесiнде, үкiметке ведомстволық бағыныстағы орталық атқарушы органдардың құрылымы өз құрамында өзге 14 министрлiк пен 2 мемлекеттiк комитеттi қамтиды.
Жүргiзiлген жаңғыртулар мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру жөнiндегi қажеттi қадамдарды толық қамти алмағанын атап өткен жөн.
Алдыңғы қатарлы шетелдiк тәжiрибе басқарудың нарықтық нысандары мен әдiстерiне бара-бар мемлекеттiк органдардың ұтымды жүйесiн құру - ұзақ және күрделi процесс екенiн көрсетiп отыр. Осыған байланысты бағдарламада келешекте жүргiзiлiп отырған реформалардың табысты болуына мүмкiндiк беретiн бiрiншi кезектегi бiрқатар шараларды жүзеге асыру көзделiп отыр.
II. Мақсаттар мен мiндеттер
Қазiргi кезде Қазақстанда әлеуметтiк-экономикалық дамуды реттеудiң негiзгi нарықтық тетiктерi құрылған. Жүргiзiлiп отырған жаңартулардың нәтижесi ретiнде экономикалық тұрақтылық пен өндiрiстiң өсуiнiң тұрақты тенденциясы байқалды. Ол процестердi орнықтыру үшiн мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру қажет.
Осының негiзiнде, Бағдарламаның мақсаты тиiмдi мемлекеттiк реттеу және мықты жеке меншiк секторды дамыту үшiн экономикалық орта құру есебiнен орнықты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк басқарудың ұтымды жүйесiн құру болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткiзу мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
мемлекеттiк органдар мұқтажына бағдарланған кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру арқылы жоғары бiлiктi кадрлардан жинақталған мемлекеттiк қызметтi құру;
мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қамтамасыз етудiң тиiмдi жүйесiн құру;
халыққа қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың қызметiне бақылау жүйесiн құру;
мемлекеттiк қызметтi кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн информатикаландыру;
мемлекеттiк атқарушы өкiмет органдарының қызметiн реттейтiн құқықтық қамсыздандыруды әзiрлеу;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың функцияларын ұтымды ету;
Бағдарламаның аталған мiндеттерiн iске асыру тиiстi шаралар мен жұмыстар жоспарын әзiрлеу және орындау арқылы жүзеге асырылады.
III. Мемлекеттiк қызметтi кадрмен қамтамасыз ету
Атқарушы органдардың ұйымдық құрылымын ұтымды етумен және мемлекеттiк қызметшiлердiң санын қысқартумен байланысты Қазақстанда жүргiзiлiп отырған мемлекеттiк басқаруды кең ауқымды реформалау тиiмдi, және мақсатты кадр саясатын жүргiзудi көздеп отыр. Осы саладағы проблемаларды дұрыс шешу үшiн атқарушы органдарда, сондай-ақ денсаулық сақтау мен бiлiм берудiң бюджеттiк ұйымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң сандық және сапалық құрамы туралы объективтi деректер қолда болуы қажет.
Қазiргi кезде не статистикалық, не қаржы органдарында жұмыс iстейтiн халықтың қарастырылып отырған санатын сипаттайтын барынша толық әрi сенiмдi деректер жоқ. Осыған байланысты Қазақстанда жоғары кәсiби мемлекеттiк қызметтi қалыптастыру мен жолға қою саласында негiзгi шешiмдер қабылдау үшiн мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ұйымдарда жұмыс iстейтiн қызметкерлерге санақ жүргiзiп, оның негiзiнде қолда бар кадр әлеуетiн бағалау және талдау жүргiзу қажет.
Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы объективтi және сенiмдi деректер алу атқарушы органдарда кадрларды басқарудың толық жүйесiн құру үшiн ақпараттық негiз болып табылады. Бұл мәселенi шешу мемлекеттiк қызметтiң кадр құрамында болып жатқан өзгерiстердiң серпiнiн бейнелейтiн, тұрақты әрекет ететiн есепке алу және есептiлiк жүйесiн ұйымдастыруды көздейдi. Қазiргi заманғы техникалық және бағдарламалық құралдарды кең пайдаланбай Үкiметтi және кадр қызметтерiн негiзгi шешiмдер қабылдауға қажеттi жедел және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкiн емес. Жоғарыда айтылғандар мемлекеттiк қызмет кадрларын есепке алу мен олардың қозғалысының компьютрлендiрiлген жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу қажеттiлiгiнiң шарты болып табылады, оның ақпараттық негiзi мемлекеттiк қызметшiлерге санақ жүргiзу материалдары болады. Мемлекеттiк басқару органдары шешетiн мәселелер мемлекеттiк қызметшiлердiң кең саяси ой-өрiсiнiң, құқық, экономика, әлеуметтану, экология, басқаруды ұйымдастыру және басқалары саласында терең бiлiмiнiң болуын талап етедi. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi тиiстi кәсiптiк деңгейдегi кадр құрамымен толық қамтылмаған.
Осыған байланысты тұрақты жұмыс iстейтiн, мемлекеттiк органдардың мұқтажына бағдарланған, оқу бiтiргендерге:
нысаналық салада терең бiлiмдi;
басқару процесiнде пайда болатын проблемаларды шешудiң қазiргi заманғы әдiстерiн меңгерудi;
қазiргi заманғы бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалана бiлудi;
мемлекеттiк, орыс және шет тiлдерiн бiлудi;
мемлекеттiк басқарудың аралық бөлiмшелерi мен басқа да органдарының функциялары мен мiндеттерi туралы барынша кең түсiнiгiнiң болуын;
басқару еңбегiн ұтымды әрi тиiмдi ұйымдастыру дағдыларын меңгерудi қамтамасыз ететiн басқару кадрларын даярлау мен қайта даярлау жүйесiн құру қажет.
Мұндай жұмысты жүргiзу кейiн мемлекеттiк қызмет үшiн кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың, кадрларды iрiктеу мен орналастырудың ұтымды жүйесiн құруға, осы мақсаттарға бөлiнетiн ресурстарды неғұрлым ұтымды және тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк туғызады.
IҮ. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу
1996 жылы "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының күшiне енгiзiлуiне байланысты мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу мен оларды әлеуметтiк қамтамасыз ету деңгейi едәуiр көтерiлдi. Бұл бiрқатар кәсiпорындар мен қаржылық құрылымдардың банкроттығы жағдайында бiлiктiлiгi жоғары мамандардың мемлекеттiк қызметке деген көзқарасын өзгерттi. Егер өткен жылдарда мамандардың мемлекеттiк органдардан кетуi байқалса, бүгiн бос лауазымдарды алуға конкурстар жүргiзудiң шарттары жасалып жатыр.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi Жарлығымен мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеу жүйесiне нақты өзгерiстер енгiзiлдi. Осыған байланысты мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жалақылары едәуiр өстi. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың депутаттары үшiн еңбекақы төлеу жүйесi әзiрлендi, көтерiңкi дара лауазымдық жалақылар енгiзу көзделдi.
Алайда оңтайлы деңгейге әлi қол жеткiзiлген жоқ, өйткенi мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жалақылары әлi де төмен, мұның өзi қажеттi мамандарды барынша тартуға мүмкiндiк бермей отыр.
Аталған мiндеттердi шешу үшiн өздерiне жүктелген функцияларды орындауға қажеттi ұқсас құзыреттiлiктi, шеберлiк және дағды деңгейiн талап ететiн мемлекеттiк органдар мен кәсiпкерлiк сектор қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге салыстырмалы талдау жүргiзу қажет. Осының негiзiнде, жалақы деңгейiн көтеру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлерге және бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң түбiрiмен жаңа жүйесiн әзiрлеу қажет.
Ү. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiне бақылау жасау
Тиiмдi кәсiптiк мемлекеттiк қызмет құру үшiн оның қызметiн белгiлi бiр қызмет көрсету саласы ретiнде қарап, осыған сәйкес оның нәтижелерiне баға беру қажет.
Осыған байланысты мемлекеттiк қызметшiлердiң азаматтардың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған кез келген жұмысын басқару қызметiнiң түпкi пайдалы нәтижесi деп қарастыру керек. Бұл ретте халыққа көрсетiлетiн қызмет ақылы және ақысыз негiзде ұсынылуы мүмкiн. Оның сапасын бағалау үшiн тиiстi нормативтердi, оларды сатудың шарттары мен тәртiбiн әзiрлеу қажет.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң өз қызметiнiң сипатына қарай мемлекеттiк ресурстардың бөлiнуiне ықпал ету мүмкiндiгi бар. Сондықтан өз қызмет бабын мемлекеттiк мүддеге зиян келтiре отырып, жеке басының мүддесi үшiн пайдалану мүмкiндiгi үнемi болады. Осындай фактiлердi жою үшiн нарықтық экономика елдерiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi тиiстi түрде орындауына бақылау жасау жүйесi бар. Мұндай жүйенiң болуы:
халықтың сот органдарына келiп түсетiн арыздарының санын едәуiр қысқартуға;
мемлекеттiк қызметшiлердiң халыққа тиiстi қызмет көрсету жөнiндегi жұмысының сапасын жақсартуға және олардың жауапкершiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк органдардың және жекелеген лауазымды адамдардың қызметiне бақылау жүйесiн құру:
көрсетiлетiн қызметтiң тiзбесi мен сапасын, сондай-ақ оларды көрсетудiң регламентi мен рәсiмдерiн айқындайтын стандарттар мен нормативтердi әзiрлеудi;
мемқызметшiлердiң жұмысына арыздар мен талап қоюларды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлеудi;
мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiптiк әдеп ережелерiн әзiрлеудi көздейдi.
ҮI. Мемлекеттiк қызмет жұмысын құқықтық қамтамасыз ету
Мемлекеттiк атқарушы өкiмет органдарының бұрынғы жүйесi бiрқатар себептерге байланысты жеткiлiктi түрде тиiмдi жұмыс iстеген жоқ. Ең басты себептердiң бiрi - атқарушы органдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер - ережелердiң бiрыңғай нысанының болмауы. Оларда қамтылған мiндеттер мен функциялар жалпылама, нақты емес сипатта болды. Нәтижесiнде бұл мынаған әкеп соқты:
а) орталық атқарушы органдардың белгiлi бiр бөлiгi тектес немесе бiрiн-бiрi қайталайтын функцияларды орындады;
б) атқарушы органдардың құрылымында өкiлеттiктер және экономиканың жекелеген салалары мен секторларында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу үшiн жауапкершiлiк айқын бөлiнбедi;
в) атқарушы органдардың қабылданатын шешiмдердi әзiрлеу және iске асыру процесiндегi өзара бiрлескен iс-қимыл тетiгi жеткiлiктi түрде пысықталған жоқ.
Аталған кемшiлiктердi жою үшiн "Қазақстан Республикасының министрлiгi (Мемлекеттiк комитетi) туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 наурыздағы N 321 P970321_ қаулысы және мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн басқа да бiрқатар құжаттар қабылданды.
Таяудағы уақытта мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерiн реттейтiн барлық заңдық және нормативтiк актiлердi сараптамадан өткiзiп, оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу қажет.
Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және басқа да атқарушы органдар туралы барлық ережелердi "Мемлекеттiк атқарушы органдардың құрылымы мен функциялары" деген бiр құжатқа жинақтаған орынды болады. Бұдан әрi бiр органның жұмыс iстеуi мен құрылымын өзгерту басқаларымен өзара байланыста қаралуы тиiс.
Мемлекеттiк басқару органдары арасында тиiмдi өзара бiрлескен iс-қимылды ұйымдастыру орталық атқарушы органдарды қайта ұйымдастыру процесiнде шешiлуi тиiс өзектi мәселе болып табылады. Бұл үшiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың функциялары мен жауапкершiлiгiн жалпымемлекеттiк ұйымдастыру тетiгi шеңберiнде қабылданатын шешiмдердi әзiрлеу және iске асыру процесiнде бөлу қажет. Жалпымемлекеттiк ұйымдастыру тетiгiне мыналар кiредi:
орындалатын функция бойынша шешiмдер қабылдау;
орындалатын функция бойынша шешiмдердi iске асыру;
"вето" қою құқығымен қабылданатын шешiмдердi келiсу;
шешiмдердi әзiрлеу және iске асыру процесiне қатысу;
қабылданған шешiмдердiң нәтижелерiне талдау жасау және олардың салдарына баға беру.
Жаңа құрылым бойынша орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiрудi Премьер-Министрдiң Кеңсесi қамтамасыз етедi. Басқару шешiмдерiн әзiрлеу мен iске асыру процесiндегi мемлекеттiк органдардың өзара қарым-қатынасының сипаты мен тәртiбiн "Мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының регламентi" деген арнайы жетекшi құжатта көрсету қажет.
ҮII. Атқарушы органдардың функцияларын ұтымды ету
Ұйымдық құрылымды ұтымды ету басқарудың артық деңгейлерi мен буындарын, жекелеген орталық атқарушы органдар орындайтын функциялардың қайталануын жоюда.
Дүниежүзiлiк тәжiрибеге қарағанда Үкiмет шешiмдерi қабылданатын орталық атқарушы органдардың саны - 10-нан 15-ке дейiн министрлiк, сондай-ақ басқа орталық атқарушы органдардың (агенттiктер немесе комитеттер) шағын саны.
Орталық атқарушы органдардың ұйымдық құрылымының қазiргi кезде жұмыс iстеп тұрған моделi мен олардың негiзгi функциялары қосымшаның 2-суретiнде келтiрiлген. Министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер экономиканың тиiстi секторларында саясатты әзiрлеу мен iске асыруға жауапты және бұл үшiн тиiстi ресурстары және өкiлеттiктерi бар негiзгi орталық атқарушы органдар болып табылады. Премьер-Министрдiң Кеңсесi тиiстi салаларда мемлекеттiк саясаттан ауытқуға жол берiлгенде олардың қызметiне араласады. Мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге байланысты емес, тар мамандандырылған функцияларды атқаратын орталық атқарушы органдар таратылды.
Осымен бiр уақытта министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар iрiлендiрiлiп, оның нәтижесiнде, экономика және қаржы, өндiрiс пен инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтiк сала және табиғатты пайдалану, әскери-саяси секторлар құрылды.
Экономика және қаржы секторын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика және сауда министрлiгi құрайды.
Экономика және сауда министрлiгiнде орта мерзiмдi және ағымдағы индикативтiк жоспарларды әзiрлеу мен iске асыру, құрылымдық-инвестициялық, баға және монополияға қарсы саясат функцияларын күшейту қажет.
Аталған функцияларды орындау үшiн Министрлiкке әлеуметтiк-экономикалық дамудың стратегиясы мен индикативтiк жоспарын әзiрлеу үшiн барлық деңгейдегi атқарушы органдарды салааралық үйлестiру бойынша кең өкiлеттiктер беру қажет.
Мыналарды:
жергiлiктi шаруашылықты, шағын бизнестiң дамуын ынталандыру және арнайы экономикалық аймақтар құру жолымен аумақтық әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiн ұтымды пайдалануды;
өндiрiстiк-экономикалық мамандануын ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi бiрқалыпты және тепе-тең дамытуды;
әлеуметтiк-экономикалық жағынан артта қалған және экологиялық қолайсыз аймақтарды, сондай-ақ шағын және орташа қалаларды дамыту жөнiндегi шараларды белгiлеудi қамтамасыз ететiн тиiмдi аймақтық саясатты әзiрлеу мен iске асыру Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Өндiрiс пен инфрақұрылымды дамыту секторын Ауыл шаруашылығы, Энергетика және табиғи ресурстар, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi құрайды. Аталған орталық атқарушы органдардың бiр блокта жұмыс iстеуi олардың қызметiн тиiмдi үйлестiрудi жүзеге асыруға және экономиканың тиiстi салаларында келiсiлген саясатты жүргiзуге мүмкiндiк бердi.
Әлеуметтiк сала және табиғатты пайдалану секторы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Бiлiм және мәдениет, Денсаулық сақтау, Экология және биоресурстар министрлiктерiнен тұрады. Мұндай министрлiктер барлық елдерде бар. Аталған секторға кiретiн министрлiктердiң өтпелi кезеңдегi қызметiнiң негiзгi бағыты әлеуметтiк объектiлердiң нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуi саясатын әзiрлеу мен iске асыру болып табылады. Бұған қоса олардың функцияларына халыққа көрсетiлетiн қызметтiң сапасын арттыру және қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiне бақылау жасау кiредi.
Әскери-саяси секторды Қорғаныс, Әдiлет және Iшкi iстер министрлiктерi құрайды. Аталған органдарға Республиканың егемендiгiн қамтамасыз ету және құқықтық тәртiптi сақтау мiндеттерi жүктелген.
Министрлiктiң ұйымдық құрылымы. Қолданылып жүрген құрылымдағы министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер мемлекеттiк атқарушы өкiметтiң әлеуметтiк-экономикалық саланың тиiстi секторларында саясатты әзiрлеу мен iске асыруға жауапты негiзгi органдары болып табылады. Министрлiктiң (Мемлекеттiк комитеттiң) жұмысына Министр (Мемлекеттiк комитеттiң Төрағасы) басшылық жасайды, оның орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
Әрбiр министрлiк (Мемлекеттiк комитет) мыналар үшiн:
өндiрiстiң тиiстi салалары мен секторларында саясатты әзiрлеу;
саясатты iске асырудың нысандары мен әдiстерiн дұрыс таңдап алу;
өздерiне жүктелген функцияларын орындайтын ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне пәрмендi бақылауды жүзеге асыру;
бөлiнген ресурстарды тиiмдi пайдалану үшiн жауапты.
Орталық атқарушы органдардың iшкi құрылымын қалыптастыруды үшдеңгейлi желiлiк-штабтық принципке негiздеу ұсынылып отыр, оның схемасы 1-суретте көрсетiлген. Желiлiк-штабтық құрылымдарда билiк жүргiзу және төменгi деңгейлерде ықпал ету құқығы басшыда ғана сақталады, ал штабтық қызметтер шешiмдi әзiрлеудiң, әртүрлi кезеңдерiнде ақпаратты өңдеу, сараптама жүргiзу, қорыту, ұсыныстар қалыптастыру, тағы сол сияқты функцияларды өз мойнына алады.
Ұсынылып отырған ұйымдық құрылым өз құрамында басқарудың мынандай деңгейлерiн қамтиды:
1 деңгей - Министр (Мемлекеттiк комитет Төрағасы) және оның орынбасарлары;
2 деңгей - министрлiктiң (Мемлекеттiк комитеттiң) орталық аппаратының құрамына кiретiн департаменттер (басқармалар);
3 деңгей - министрлiктердiң (орталық комитеттердiң) заңды тұлғалары болып табылатын департаменттер, комитеттер, агенттiктер.
Министрлiктiң (мемлекеттiк комитеттiң) орталық аппараты тиiстi орган қызметiнiң стратегиясы мен саясатын, Министрдiң (Мемлекеттiк комитеттiң Төрағасының) немесе оның орынбасарларының бекiтуi үшiн нормативтiк-жоспарлық және ұйымдық-өкiмдiк құжаттарды айқындайтын, сондай-ақ министрлiктiң (мемлекеттiк комитеттiң) басшылығының жедел жұмысын қамтамасыз ететiн штабтық орган болып табылады.
Заңды тұлғалар болып табылатын департаменттер, комитеттер және агенттiктер әзiрленген стратегияның, белгiленген өкiлеттiктер мен бөлiнген қаражаттың шегiнде өздерiне жүктелген функцияларды дербес орындайтын салыстырмалы түрде дербес бөлiмшелер болып табылады. 1-сурет. Министрлiк құрамының принциптiк жүйесi _________________________________ | Министр | |(Мемлекеттiк комитеттiң Төрағасы)| |_________________________________| Басшылық | ----------------|--------------- ________________|______________ | _____________|_________________ |Министрдiң (Мемлекеттiк комитет| | |Министрдiң (Мемлекеттiк комитет| |Төрағасының орынбасары) | | |Төрағасының орынбасары) | |_______________________________| | |_______________________________| Орталық | __________|___________ | аппарат | _______|________ | _________|______ | ||А-В Департаментi| | |С-Д Департаментi|| ||(А-В Басқармасы)|-|-|(С-Д Басқармасы)|| ||________________| | |________________|| | | | | | | | | | | | | | | | Заңды тұлға |________|__________|___________|_______| болып табылатын | | құрылымдық | | | бөлiмшелер | | | _________|____ _______|_______ _____|_______ | Департамент | | Комитет | | Агенттiк | |______________| |_______________| |_____________|
Премьер-Министрдiң Кеңсесi, Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндетi Премьер-Министрдiң, Үкiметтiң жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң жұмысын жалпы үйлестiру болып табылады.
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң маңызды функцияларының бiрi Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жасау болып отыр.
Үйлестiру функциялары маңызды саяси және экономикалық шешiмдердi әзiрлеу мен iске асыру процесiнде орталық атқарушы органдардың өзара бiрлескен ведомствоаралық айқын iс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық атқарушы органдардың жұмысындағы жарыспалылыққа жол бермеу үшiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң орталық атқарушы органдардың қызметiн олардың нысаналық функционалдық аясына араласпай, ведомствоаралық үйлестiру және оған бақылау жасау жөнiндегi функциясын нығайту ұсынылады.
Премьер-Министр Кеңесiнiң қызметiне ағымдағы басшылықты Басшы және оның орынбасарлары жүзеге асырады. Құрылымы, функциясы және оларға тиiстi өкiлеттiктер Премьер-Министрдiң Кеңсесi туралы Ережеде нақтыланады. Премьер-Министр кеңсесiнiң жұмыс iстеп тұрған құрылымының принциптiк схемасы 2-суретте көрсетiлген. 2-сурет. Премьер-Министр Кеңсесiнiң құрылымы _________________________ |Қазақстан Республикасының| | Премьер-Министрi | |_________________________| | ____________________ -------------------------------|----------|Қазақстан Республи. | | | |касы Премьер-Минис. | | | |трiнiң орынбасарлары| | | |____________________| | _____________|____________ | |Премьер-Министр Кеңсесiнiң| | | Басшысы | | |__________________________| _________________ _____|_____________ | |Премьер-Министр | |Премьер-Министрдiң| | |орынбасарларының | | жеке хатшылығы |----------------|-------------|кеңесшiлер тобы | |__________________| | |және көмекшiлерi | | |_________________| | _______________________ | _________________ |Экономикалық реформалар| | |Үкiметтiң Парла. | | орталығы |-----------|-------------|менттегi өкiлдiгi| |_______________________| | |_________________| ____________________________|__________________________ | | | ______|__________ ___________|___________ ____________|_____ |Кеңсе Басшысының | | Кеңсе Басшысының | |Кеңсе Басшысының | |орынбасары - | | орынбасары | |орынбасары - | |бөлiм меңгерушiсi| |_______________________| |бөлiм меңгерушiсi | |_________________| | |__________________| | | | |----------------------------|--------------------------| ______|____ _________________ | _______________ ____________ |Аймақтардың| |Үкiмет шешiмдерiн| | |Сыртқы байланыс||Құжаттамалық| |жұмысын | |әзiрлеудi |-|-|және хаттама ||қамтамасыз | |үйлестiру | |үйлестiру бөлiмi | | |бөлiмi ||ету және | |бөлiмi | |_________________| | |_______________||қызмет көр. | |___________| | |сету бөлiмi | | |____________| | ____________ | __________________ |Заң қызметi |------|-----|Мемлекеттiк қызмет| |____________| |және кадр жұмысы | |бөлiмi | |__________________|
Қазiргi кезде қызметi мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын кәсiпорындармен ұйымдар жеткiлiктi дәрежеде тиiмдi жұмыс iстей алмай отыр. Оның негiзгi себептерi мынада:
олардың көпшiлiгi нарық жағдайында жұмыс iстеуге толық бейiмделген жоқ;
олардың қызметiн мемлекет тарапынан реттеудiң нысандары мен әдiстерiн қайта қарау талап етiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң қызметiн ұтымды ету жөнiнде белгiлi шаралар қабылдады. Мұның мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың халыққа көрсететiн қызметi сапасының төмендеуiне әкеп соқпауы үшiн бюджеттiк ұйымдардың құрамы мен орындайтын функцияларын оларды мемлекеттiк бюджет қаражаты
есебiнен ұстаудың орынды немесе орынсыз екендiгi жағынан зерделеу қажет. Мұндай жұмысты жүргiзу орта мерзiмдi бюджет саясаты шеңберiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, жеке меншiк секторға берiлуге тиiс (толығымен немесе олардың жекелеген функцияларын) ұйымдардың тiзбесiн айқындауға мүмкiндiк бередi. 1-сурет. Орталық атқарушы органдардың бұрынғы құрылымы Қосымша ____________________ | Премьер-Министр | |____________________|-----| ________________ __________ ____|_____ |--|Үкiмет Төралқасы| | Үкiмет |-----| Үкiмет |----------| |________________| | Аппараты | |__________| |__________| | ______________________ | Премьер-Министрдiң | | орынбасарлары | |______________________| Экономика және қаржы секторы Өндiрiстi инфрақұрылым мен сауданы дамыту секторы _________________ _______________ _______________ ______________ |Қаржы министрлiгi||Тұрғын үй және ||Өнеркәсiп және ||Мұнай және газ| |_________________||аумақтарда ||сауда ||өнеркәсiбi | |құрылыс салу ||министрлiгi ||министрлiгi | |министрлiгi ||_______________||______________| |_______________| _________________ _______________ _______________ ______________ |Экономика ||Баға және моно.||Ауыл шаруашылы.||Энергетика | |министрлiгi ||полияға қарсы ||ғы министрлiгi ||және көмiр | |_________________||саясат жөнiнде.||_______________||өнеркәсiбi | |гi мемлекеттiк | |министрлiгi | |комитет | |______________| |_______________| _________________ _______________ _______________ ______________ |Мемлекеттiк ||Мемлекеттiк ||Көлiк және ||Геология және | |салық комитетi ||мүлiктi басқару||коммуникациялар||жер қойнауын | |_________________||жөнiндегi ||министрлiгi ||қорғау | |мемлекеттiк ||_______________||министрлiгi | |комитет | |______________| |_______________| _________________ _______________ _______________ ______________ |Мемлекеттiк ||Жекешелендiру ||Инвестициялар ||Мемлекеттiк | |кеден комитетi ||жөнiндегi ||жөнiндегi ||материалдық | |_________________||мемлекеттiк ||мемлекеттiк ||резервтер | |комитет ||комитет ||жөнiндегi | |_______________||_______________||комитет | |______________| _________________ _______________ _______________ ______________ |Жер қатынастары ||Қазақстан ||Қазақстан Рес. ||Су ресурстары | |және жерге орна. ||Республикасының||публикасының ||жөнiндегi | |ластыру жөнiндегi||Ұлттық ||Стандарттау ||комитет | |мемлекеттiк ||статистика ||метрология және||______________| |комитет ||агенттiгi ||сертификаттау | |_________________||_______________||жөнiндегi | |комитетi | |_______________| _________________ _______________ _______________ ______________ |Бағалы қағаздар ||Мемлекеттiк ||Авторлық және ||Жоғары және | |жөнiндегi мемле. ||сақтандыруды ||сабақтас құқық.||орталық мемле.| |кеттiк комиссия ||қадағалау ||тар жөнiндегi ||кеттiк орган. | |_________________||_______________||мемлекеттiк ||дарды Ақмолаға| |агенттiк ||көшiру жөнiн. | |_______________||дегi мемлекет.| |тiк комиссия | |______________| __________________ |Бухгалтерлiк есеп | |жөнiндегi комиссия| |__________________| Әлеуметтiк сала және табиғатты Әскери-саясат пайдалану секторы секторы _____________________ ____________________ _____________________ |Экология және биоре. ||Еңбек және халықты ||Қорғаныс министрлiгi | |сурстар министрлiгi ||әлеуметтiк қорғау ||_____________________| |_____________________||министрлiгi | |____________________| _____________________ ____________________ _____________________ |Гидрометеорология ||Бiлiм министрлiгi ||Iшкi iстер | |жөнiндегi бас ||____________________||министрлiгi | |басқарма | |_____________________| |_____________________| _____________________ ____________________ _____________________ |Төтенше жағдайлар ||Ғылым министрлiгi- ||Әдiлет министрлiгi | |жөнiндегi мемлекеттiк||Ғылым академиясы ||_____________________| |комитет ||____________________| |_____________________| _____________________ ____________________ _____________________ |Ұлттық саясат жөнiн. ||Денсаулық сақтау ||Сыртқы iстер | |дегi мемлекеттiк ||министрлiгi ||министрлiгi | |комитет ||____________________||_____________________| |_____________________| _____________________ ____________________ _____________________ |Үкiмет жанындағы дiн ||Жастар iсi туризм ||Мемлекеттiк шекара | |iстерi жөнiндегi ||және спорт жөнiндегi||күзетi жөнiндегi | |кеңес ||министрлiк ||мемлекеттiк комитет | |_____________________||____________________||_____________________| _____________________ ____________________ |Мемлекеттiк аттеста. ||Мәдениет министрлiгi| |циялық комитет ||____________________| |_____________________| 2-сурет. Орталық атқарушы органдардың қолданылып жүрген құрылымы Қосымша ________________ |Премьер-Министр | |________________| __________________ | ___________________ |Премьер-Министрдiң|-------|---------|Премьер-Министрдiң | |орынбасарлары | | |Кеңсесi | |__________________| | |___________________| ____|____ | Үкiмет | |_________| Экономика және қаржы секторы Өндiрiстi және инфрақұрылымды дамыту секторы _________________________________ ________________________________ |Қаржы министрлiгi ||Энергетика және табиғи ресурстар| |*Бюджет саясаты және бюджеттi ||министрлiгi | |қалыптастыру ||*Отын өнеркәсiбi және энергетика| |*Салық саясаты ||салаларын дамыту саясатын | |*Iшкi және сыртқы борыштарды ||әзiрлеу | |басқару ||*Энергетикамен жабдықтау саясаты| |*Шетел заемдары және гранттар ||*Геология | |* Бухгалтерлiк есеп және бақылау ||________________________________| |әдiснамасы || |*Қаржылық және сақтандырылды || |бақылау || |*Мемлекеттiк мүлiктi басқару || ________________________________ |*Жекешелендiру ||Ауыл шаруашылығы министрлiгi | |*Мемлекеттiк материалдық ||*Аграрлық саясат | |резервтер ||*Мелиорация | |*Салық жинау ||*Балық шаруашылығы | |_________________________________||*Орман шаруашылығы | _________________________________ |*Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн | |Мемлекеттiк кеден комитетi ||өнеркәсiптiк өңдеу | |*Кеден баждарын жинау ||*Жердi пайдалану | |_________________________________||*Геодезия және картография | _________________________________ |*Су ресурстары | |Экономика және сауда министрлiгi ||________________________________| |*Экономикалық жоспарлау, | ________________________________ |құрылымдық-инвестициялық саясат ||Көлiк және коммуникациялар | |*Информатикаландыру және ||министрлiгi | |статистика ||*Көлiк пен коммуникациялардың | | ||барлық түрлерiн дамыту саясаты | |*Баға және монополияға қарсы ||________________________________| |саясат | ________________________________ |*Өндiрiстiк саясат. Өндiргiш ||Жоғары және орталық мемлекеттiк | |күштердi дамытуды және орналас. ||органдарды Ақмолаға көшiру | |тыруды жоспарлау ||жөнiндегi мемлекеттiк комиссия | |*Сыртқы және iшкi сауданы дамыту ||________________________________| |*Стандарттау және сертификаттау | |*Авторлық және патенттiк құқықтар| |*Аймақтарды және арнайы экономи. | |калық аймақтарды дамыту саясаты | |*Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және | |жұмыс орындарын құру | |*Архитектура және қала салу | |_________________________________| Әлеуметтiк сала және табиғатты Әскери-саясат пайдалану секторы сектор ____________________________________ _____________________________ |Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау||Сыртқы iстер министрлiгi | |министрлiгi ||*Мемлекеттiк сыртқы саясатты | |*Халықты әлеуметтiк қолдау және ||iске асыру | |қорғау саясаты ||*Шетел өкiлдiктерi | |*Пайда саясаты ||*Халықаралық екiжақты және | |*Жұмыспен қамту саясаты ||көпжақты байланыстар | |*Еңбектi қорғау және өндiрiстiк ||*ТМД елдерiмен қарым-қатынас | |санитария ||саясаты | |*Әлеуметтiк сақтандыру ||_____________________________| |*Тұтынушылардың құқығын қорғау | _____________________________ |____________________________________||Әдiлет министрлiгi | ____________________________________ |*Мемлекеттiк құқықтық сая. | |Бiлiм және мәдениет министрлiгi ||сатты iске асыру | |*Бiлiм беру ||*Соттардың нотариат органда. | |*Мәдениет ||рының, АХАТ, адвокатура | |*Жастар iсi ||қызметтерiн ұйымдық кадрмен | |*Спорт ||және өзгедей қамтамасыз ету | |*Туризм ||*Заңды тұлғалар мен жылжымай.| |*Дiни қатынастар саласындағы саясат ||тын мүлiктi мемлекеттiк | |*Ұлттық саясат ||тiркеу | |____________________________________||*Нормативтiк-құқықтық | ____________________________________ |актiлердi әзiрлеу және | |Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы ||сараптау | |*Ғылым саласындағы және жаңа техно. ||_____________________________| |логияларды енгiзу саясаты | _____________________________ |*Ғылыми, ғылыми-педагогтық кадрларды||Iшкi iстер министрлiгi | |аттестациялау ||*Қоғамдық тәртiптi сақтау | |*Салааралық ғылыми-техникалық жоба. ||*Төлқұжат режимi | |ларды мемлекеттiк сараптау ||_____________________________| |____________________________________| _____________________________ ____________________________________ |Қорғаныс министрлiгi | |Денсаулық сақтау министрлiгi ||*Елдiң қорғаныс қабiлетiн | |*Медициналық қызмет көрсету сала. ||қамтамасыз ету | |сындағы саясат ||*Мемлекеттiк шекараны қорғау | |*Көрсетiлетiн медициналық қызмет ||*Қорғаныс өнеркәсiбi | |және дәрiлiк заттарға бақылау жасау ||_____________________________| |*Мемлекеттiк медициналық мекемелер. | |дiң қызметiн үйлестiру | |____________________________________| ____________________________________ |Экология және биоерсурстар | |министрлiгi | |*Қоршаған ортаны қорғау саясаты | |*Гидрометеорология | |*Экологиялық нормативтер және | |стандарттар | |*Радиациялық жағдайды зерделеу | |____________________________________| ____________________________________ |Төтенше жағдайлар жөнiнегi | |мемлекеттiк комитет | |*Апаттарды болжау және олардың | |зардаптарын жою | |*Жұмылдыру резервтерiн қалыптастыру | |____________________________________| Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 маусымдағы N 940 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметiн одан әрi реформалау бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының ЖОСПАРЫ <*> ЕСКЕРТУ. 9,13-жолдар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. N 1215 қаулысымен. P981215_ ____________________________________________________________________ | Кәсiпорындардың атауы |Аяқталу нысаны __|________________________________________________|________________ 1| 2 | 3 __|________________________________________________|________________ 1. Мемлекеттiк қызметтi кадрлармен қамтамасыз ету ____________________________________________________________________ 1|Мемлекеттiк қызмет санатына жататын қызметтердiң|"Мемлекеттiк қыз. |құқықтық мәртебесiн және тiзбесiн анықтау |мет туралы" | |Қазақстан Респуб. | |ликасы Президен. | |тiнiң Заң күшi | |бар Жарлығына | |өзгерiстер __|________________________________________________|________________ 2|Мемлекеттiк қызметшiлердiң және мемлекеттiк |Үкiмет қаулысы |бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың | |қызметкерлерiнiң санағын жүргiзу тәртiбi туралы | |ереженi әзiрлеу және бекiту | __|________________________________________________|________________ 3|Қызметкерлердiң штаттық және нақты санын ескере |Санақтың белгiлен. |отырып, мемлекеттiк қызметшiлердiң және |ген нысан бойынша |мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын |материалдары |ұйымдардың қызметкерлерiнiң санағын жүргiзу | __|________________________________________________|________________ 4|Санақ нәтижелерiн талдау және кадрларды есепке |Үкiмет қаулысы |алудағы және пайдаланудағы анықталған тәртiп | |бұзушылықтарды жою | __|________________________________________________|________________ 5|Санақ материалдарын сақтауды, жаңартуды |Қаржы министр. |қамтамасыз ететiн және оның басқа да ақпараттық |лiгiнiң деректер |жүйелермен жанасу мүмкiндiктерiн көздейтiн |банкi |деректер базасын құру | __|________________________________________________|________________ 6|Мемлекеттiк қызмет кадрларын есепке алудың және |Үкiмет қаулысы |олардың қозғалысының компьютерлендiрiлген | |жүйесiнiң жобасын әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 7|Премьер-Министрдiң Кеңсесiнде және Бiлiм және |Үкiмет қаулысы |мәдениет министрлiгiнде кадрлар есебiнiң және | |олардың қозғалысының компьютрлендiрiлген | |жүйесiн енгiзу | __|________________________________________________|________________ 8|Денсаулық сақтау және Әдiлет министрлiктерiнде |Үкiмет қаулысы |кадрлар есебiнiң және олардың қозғалысының | |жүйесiн енгiзу | __|________________________________________________|________________ 9| <*> __|________________________________________________|________________ 10|Жаңа мемлекеттiк қызмет қажеттiлiктерiне |Үкiмет қаулысы |бағдарланған Кадрларды даярлау және қайта даяр. | |лау бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi | |iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және бекiту | __|________________________________________________|________________ II. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеу ____________________________________________________________________ 11|Мемлекеттiк қызметшiлерге және кәсiпкерлiк |Премьер-Министр. |сектор қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң |дiң Өкiмi |салыстырмалы талдау әдiптемесiн әзiрлеу және | |бекiту | __|________________________________________________|________________ 12|Мемлекеттiк органдардың және кәсiпкерлiк |Премьер-Министр. |құрылымдардың қызметтерiне оларға жүктелген |дiң Өкiмi |функцияларды атқару үшiн құзыреттердiң, бiлiктi.| |лiктер мен дағдылардың тиiстi деңгейлерiн талап | |ететiн лауазымдарына еңбекақы төлеу деңгейiне | |талдау жасау | __|________________________________________________|________________ 13| <*> __|________________________________________________|________________ 14|Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден |Үкiмет қаулысы |қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар және | |оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар көрсе. | |тетiн ақылы және ақысыз қызметтердiң тiзбесiн | |айқындау және оны Қаржы министрлiгi мен | |Экономика және сауда министрлiгiне жiберу | __|________________________________________________|________________ 15|Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсететiн |Үкiмет қаулысы |қызметтердiң тiзбесiн және сапасын айқындайтын | |стандарттар және нормативтер, сондай-ақ оларды | |ұсынудың регламентi мен рәсiмдерiн әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 16|Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiне жеке |Үкiмет қаулысы |және заңды тұлғалар тараптарынан түскен шағымдар| |мен талаптарды қараудың тәртiбi мен мерзiмi | |туралы ереженi әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 17|Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiптiк әдебiнiң |Үкiмет қаулысы |ережелерiн әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ III. Атқарушы органдардың функцияларын ұтымды ету ____________________________________________________________________ 18|Қабылданатын шешiмдердi даярлау және iске асыру |Үкiмет қаулысы |процесiнде атқарушы органдардың өзара әрекет | |етуiнiң ұйымдастыру тетiгiн әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 19|Мемлекеттiк органдарды компьютерлендiру |Үкiмет қаулысы |жағдайында құжаттарды сақтау, өңдеу және көшiру | |iсiнде iс жүргiзудiң қолданыстағы жүйесiн | |жетiлдiрудiң жоспарын әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 20|Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын |Үкiмет қаулысы |ұйымдарды толық немесе олардың жекелеген | |функцияларын жеке меншiк секторға берудiң | |орындылығын айқындауға мүмкiндiк беретiн | |олардың қызметтерiн бағалау өлшемдерi мен | |талдау әдiстемесiн әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 21|Белгiленген өлшемдер мен талдау әдiстерi |Үкiмет қаулысы |негiзiнде жекешелендiрiлуi орынды болатын, | |республикалық және жергiлiктi бюджеттер | |есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың тiзбесiн | |айқындау және оларды қаржыландыруды 1999 жылдың | |наурызына қарай кезең-кезеңiмен тоқтату | |кестесiн жасау | __|________________________________________________|________________ 22|Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар |Үкiмет қаулысы |арасында функциялар мен өкiлеттiктердi қайта | |бөлу ескерiлетiн қаржы-бюджет жүйесiн | |реформалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | __|________________________________________________|________________ 23|Жергiлiктi атқарушы органдарға немесе жеке |Үкiмет қаулысы |секторға берiлетiн функциялардың тiзбесiн | |айқындау | __|________________________________________________|________________ ____________________________________________________________________ Орындалу мерзiмi | Орындалуына жауапты | министрлiктер мен ведомстволар __________________________________|_________________________________ 4 | 5 ----------------------------------|--------------------------------- 1. 1998 жылдың маусымы |Әдiлет министрлiгi, Қаржы |министрлiгi __________________________________|_________________________________ 2. 1997 жылдың тамызы |Қаржы министрлiгi, |Экономика министрлiгi __________________________________|_________________________________ 3. 1997 жылдың желтоқсаны |Қаржы министрлiгi, министрлiктер, |мемлекеттiк комитеттер, облыстардың |және Алматы қаласының әкiмдерi __________________________________|_________________________________ 4. 1998 жылдың маусымы |Қаржы министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, Бiлiм |және мәдениет министрлiгi, |Денсаулық сақтау министрлiгi __________________________________|_________________________________ 5. 1998 жылдың қыркүйегi |Қаржы министрлiгi |Экономика және сауда министрлiгi __________________________________|_________________________________ 6. 1998 жылдың қыркүйегi |Қаржы министрлiгi __________________________________|_________________________________ 7. 1998 жылдың желтоқсаны |Премьер-Министрдiң Кеңсесi, |Бiлiм және мәдениет министрлiгi __________________________________|_________________________________ 8. 1999 жылдың наурызы |Денсаулық сақтау министрлiгi, |Әдiлет министрлiгi және |Қаржы министрлiгi __________________________________|_________________________________ 9. 1998 жылдың маусымы |Еңбек және халықты әлеуметтiк |қорғау министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, Қаржы |министрлiгi, Әдiлет министрлiгi __________________________________|_________________________________ 10. 1997 жылдың желтоқсаны |Үкiмет жанындағы Мемлекеттiк |қызметшiлердi қайта даярлау және |бiлiктiлiгiн арттыру институты, |Премьер-Министрдiң Кеңсесi, |Әдiлет министрлiгi __________________________________|_________________________________ II. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеу ____________________________________________________________________ | 11. 1997 жылдың шiлдесi |Экономика және сауда министрлiгi, |Қаржы министрлiгi, Еңбек және |халықты әлеуметтiк қорғау |министрлiгi __________________________________|_________________________________ 12. 1997 жылдың қарашасы | -"- __________________________________|_________________________________ 13. 1998 жылдың маусымы | -"- __________________________________|_________________________________ 14. 1997 жылдың желтоқсаны |Қаржы министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, |Әдiлет министрлiгi, министрлiктер, |мемлекеттiк комитеттер, облыстардың |және Алматы қаласының әкiмдерi __________________________________|_________________________________ 15. 1998 жылдың маусымы |Экономика және сауда министрлiгi, |Қаржы министрлiгi, Еңбек және |халықты әлеуметтiк қорғау |министрлiгi __________________________________|_________________________________ 16. 1998 жылдың маусымы |Әдiлет министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, |Қаржы министрлiгi __________________________________|_________________________________ 17. 1997 жылдың тамызы |Әдiлет министрлiгi __________________________________|_________________________________ III. Атқарушы органдардың функцияларын ұтымды ету ____________________________________________________________________ 18. 1998 жылдың маусымы |Әдiлет министрлiгi, |Қаржы министрлiгi __________________________________|_________________________________ 19. 1998 жылдың маусымы |Әдiлет министрлiгi, |Қаржы министрлiгi, |Премьер-Министрдiң Кеңсесi __________________________________|_________________________________ 20. 1998 жылдың тамызы |Қаржы министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, |Бiлiм және мәдениет министрлiгi, |Денсаулық сақтау министрлiгi __________________________________|_________________________________ 21. 1998 жылдың маусымы |Қаржы министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, |Бiлiм және мәдениет министрлiгi, |Денсаулық сақтау министрлiгi __________________________________|_________________________________ 22. 1998 жылдың маусымы |Қаржы министрлiгi, |Әдiлет министрлiгi __________________________________|_________________________________ 23. 1998 жылдың қаңтары |Қаржы министрлiгi, Экономика |және сауда министрлiгi, |Әдiлет министрлiгi __________________________________|_________________________________