Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 999. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.26. N 1705 қаулысымен. ~P011705

      "Бюджетке төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына Z952235_ сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалануды және жер қойнауын пайдаланушылар мен Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыреттi органдардың арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау процесiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған

 

келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереже

бекiтiлсiн.

     2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575          

              қаулысымен. 


P001575_




     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 20 маусымдағы

                                           N 999 қаулысымен

                                              бекiтiлген


          Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға

            салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы

                               ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға (бұдан әрi - шарт) салық сараптамасын жүргiзудiң, сондай-ақ оларға енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгертулердiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Салық сараптамасы - Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген құзыреттi орган жасасатын келiсiм-шарттың жобасын талдау мен бағалауды, оған толықтырулар мен өзгерiстердi қамтитын салық режимiн айқындау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтарын белгілеу мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575
               қаулысымен. P001575_
      3. Келiсiм-шарттарға салық сараптамасын:
      1) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларынан басқа пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша келiсiм-шарттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Фискальдық саясат және болжамдар департаментi;
      2) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары келiсiм-шарттарға кен орны бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық қызметiнiң органдары жүргiзедi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575
               қаулысымен. P001575_
      4. Уәкiлеттi органдардың өкiлдерi салықтық сараптама жүргiзу мақсатында келiсiм-шарттарды дайындау кезiнде де, сол сияқты онымен келiсiм-шарт жасасу үшiн жер қойнауын пайдаланушыны анықтау кезiнде де тендерлiк комиссияның жұмысына қатысады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575
               қаулысымен. P001575_
      5. Жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiлген салықтық сараптаманың нәтижелерi салықтық сараптамадан өту туралы уәкiлеттi органдардың қорытындыларына енгізiледi және келiсiм-шарттардың түпкi мәтiндерiне мiндетті түрде енгiзуге жатады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575
               қаулысымен. P001575_
 
      II. Салық сараптамасын жүргiзу кезiнде
         қаралатын мәселелер
 
      6. Салықтық сараптаманың барысында уәкiлеттi органдар мынадай мәселелердi қарайды:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi (салықтық режимдi) белгiлеу, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң келiсiм-шартта толық көрсетiлуiн, оларды есептеудiң және төлеудiң тәртiбiн, оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтарын есептеудiң және төлеудiң тәртібiн және "Өнiмдi бөлу туралы" келiсiм-шарттардың салықтық режим түрiн белгілеу;
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және құзыретті органмен бiрлесiп, жер қойнауын пайдаланушылар заттай нысанда бюджетке төлеуге жататын роялти сомаларын төлеудiң және есептеудiң тәртібiн белгiлеу;
      құзыретті органмен бiрлесiп бюджетке төленетін тарихи шығындардың мөлшерi мен тәртібiн әзiрлеуге қатысу;
      құзыретті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, кен орнын әзiрлеудiң зардаптарын жою қорын қалыптастырудың мөлшерi мен тәртiбiн айқындауға қатысу;
      2) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi есептеуге тікелей немесе жанама қатысты келiсiм-шарттар жобалары ережелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлігi.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575
               қаулысымен. P001575_
 
      III. Салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi
 
      7. Келiсiм-шарттың салық сараптамасы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн құжаттардың негiзiнде жасалған сәтке дейiн жүргiзiледi.
      8. Салық сараптамасы келiсiм-шарттың жобасы бойынша құжаттардың толық көлемi алынуы кезiнде жүргiзiледi.
      9. Жер қойнауын пайдаланушымен осы Ереженiң бөлiмiнде көрсетiлген мәселелердi келiскен және салық режимiнде айтылған ережелердi келiсiм-шартқа енгiзген соң, уәкiлеттi орган 10 күн iшiнде салық сараптамасының жүргiзiлгенi туралы қорытынды бередi.
      10. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң бюджетке төленуiнiң толықтығы және уақтылылығына кейiн бақылауды жүзеге асыру үшiн, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартқа қол қойылғаннан және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыретті органда мемлекеттiк тiркеуден кейiн 10 күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне және салық мақсатында жер қойнауын пайдаланушының тiркелген жерi бойынша салық қызметiнiң органына келiсiм-шарттың көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575
               қаулысымен. P001575_
 

Об утверждении Положения о порядке проведения налоговой экспертизы контрактов на недропользование

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1997 г. N 999. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 26 декабря 2001 года N 1705 ~P011705

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 апреля 1995 года Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет", в целях обеспечения экономических интересов Республики Казахстан, упорядочения недропользования и процесса заключения контрактов на недропользование между недропользователями и компетентными органами, уполномоченными Правительством Республики Казахстан, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Сноска. В преамбуле заменены слова - постановлением Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .
      1. Утвердить прилагаемое Положение о порядке проведения налоговой экспертизы контрактов на недропользование.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.
 

     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



                                        Утверждено



                                постановлением Правительства

                                    Республики Казахстан

                                   от 20 июня 1997 г. N 999



 
 
                               Положение
              о порядке проведения налоговой экспертизы
                    контрактов на недропользование
 
                          I. Общие положения
 
      1. Настоящее Положение устанавливает порядок проведения налоговой экспертизы контрактов на недропользование (далее - контракт), а также дополнений и изменений, вносимых в них.
      2. Налоговая экспертиза - обязательная экспертиза, включающая в себя анализ и оценку проекта контракта, заключаемого компетентным органом, уполномоченным Правительством Республики Казахстан, дополнений и изменений к нему, проводимая с целью определения налогового режима, в том числе установления специальных платежей и налогов недропользователей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .
      3. Налоговая экспертиза контрактов проводится уполномоченными органами:
      1) контрактов по всем видам полезных ископаемых, за исключением общераспространенных полезных ископаемых и подземных вод, - Департаментом фискальной политики и прогнозов Министерства финансов Республики Казахстан;
      2) контрактов по общераспространенным полезным ископаемым и подземным водам - органами налоговой службы Министерства государственных доходов Республики Казахстан по областям, городам Астане и Алматы по месту нахождения месторождения.
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .
      4. Представители уполномоченных органов в целях проведения налоговой экспертизы принимают участие как при подготовке контрактов, так и в работе тендерной комиссии при определении недропользователя для заключения с ним контракта.
      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .
      5. Результаты налоговой экспертизы, согласованные с недропользователями, включаются в заключения уполномоченных органов о прохождении налоговой экспертизы и подлежат обязательному включению в окончательные тексты контрактов.
      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .
 
             II. Вопросы, рассматриваемые при проведении
                         налоговой экспертизы
 
      6. В ходе налоговой экспертизы уполномоченными органами рассматриваются следующие вопросы:
      1) установление обязательств по уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет (налогового режима) в контрактах на недропользование, в том числе:
      полнота отражения в контракте налогов и других обязательных платежей, установленных законодательством Республики Казахстан, порядок их исчисления и уплаты, в том числе установление порядка исчисления и уплаты специальных платежей и налогов недропользователей и налогового режима контрактов вида "О разделе продукции";
      установление совместно с Министерством энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан и компетентным органом порядка выплаты и зачисления в бюджет сумм роялти, подлежащих выплате недропользователем в натуральной форме;
      участие в разработке совместно с компетентным органом размера и порядка уплаты в бюджет исторических затрат;
      участие в определении совместно с компетентным государственным органом и Министерством природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан размера и порядка формирования фонда ликвидации последствий разработки месторождений;
      2) соответствие положений проектов контрактов, относящихся прямо или косвенно к исчислению налогов и других обязательных платежей в бюджет, законодательству Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .
 
             III. Порядок проведения налоговой экспертизы
 
      7. Налоговая экспертиза контракта проводится до момента его заключения на основании документов, перечень которых утверждается Министерством финансов Республики Казахстан.
      8. Налоговая экспертиза проводится при получении полного объема документов по проекту контракта.
      9. После согласования с недропользователем вопросов, указанных в разделе II настоящего Положения, и включения положений, оговаривающих налоговый режим, в контракт уполномоченный орган выдает заключение о прохождении налоговой экспертизы в течение 10 дней.
      10. Для осуществления последующего контроля за полнотой и своевременностью уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет недропользователь обязан в десятидневный срок после подписания контракта и его государственной регистрации в компетентном органе, уполномоченном Правительством Республики Казахстан по заключению контрактов на недропользование, предоставить копии контракта в Министерство финансов, Министерство государственных доходов Республики Казахстан Республики Казахстан и налоговый орган по месту регистрации недропользователя в налоговых целях.
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 20 октября 2000 г. N 1575 P001575_ .