Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң шаруашылық басқармасы Бурабай орман шаруашылығының Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi Шаруашылық басқармасының "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi" мемлекеттiк мекемесi болып қайта құрылуына
байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi мен
Үкiметi Шаруашылық басқармасының "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi"
мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысы бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 шiлдедегi
N 1058 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi
Шаруашылық басқармасының "Бурабай" табиғи-сауықтыру
кешенi" мемлекеттiк мекемесiнiң
ЖАРҒЫСЫ
I. Жалпы ережелер
1. "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенi Бурабай таулы орманды алқабының сирек табиғи кешенiн сақтау, халықтың осы ауданның санаторий-курорттық аймағында демалуы жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттiк мекеме нысанында құрылған (бұдан әрi - Мекеме) дербес заңды тұлға болып табылады.
Мекеме аумағының ерекше ортаны қорғау, табиғат қорғау, мәдени, тарихи құндылығы бар және Мекеме құру мақсатына байланысы жоғы шаруашылықтық пайдаланудан алынады. Мекеменiң жерлерiн оқу-ағарту, рекреациялық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға рұқсат етiледi.
Мекеменiң шекарасындағы одан шығарылуға жатпайтын басқа жер пайдаланушылардың жерлерi бұрынғы шекараларында қалады және оларды кеңейтуге жол берiлмейдi.
Бұл жерлердi пайдалануды жүзеге асырушы кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар өзiнiң шаруашылық қызметiн табиғат қорғау талаптары мен қорғалатын аймақтың режимiн сақтай отырып жүргiзедi және өздерiне тиесiлi аумақтар мен кешеннiң оларға тiкелей жалғасатын жерлерiнiң санитарлық жағдайы үшiн, сондай-ақ кешеннiң табиғаты үшiн қолайсыз зардаптарға әкеп соқтыратын әрекеттерi үшiн толық жауаптылықта болады.
Мекеменiң құрамында құрылымдық бiрлiктер құқығында, Ақылбай, Бурабай, Қотыркөл, Золотобор, Мирный орманшылығы, Мемлекеттiк резиденция, "Қарасу" демалыс үйi, табиғат мұражайы, зообұрыш, ағаш өңдеу цехы, қымыз кешенi бар.
2. Мекеме "Бурабай таулы орман алқабын қорғауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 ақпандағы N 3369 N973369_ өкiмiн iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 мамырдағы N 787 N970787_ қаулысының негiзiнде қайта құрылды және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасы Бурабай орман шаруашылығының құқықтық мұрагерi болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасы (одан әрi - Меншiк иесi) меншiк иесiнiң құқық күшiн жүзеге асырушы құрылтайшы және орган болып табылады.
4. Мекеме өз қызметiнде Конституцияны, Азаматтық кодекстi, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Заңды мекен жайы: 476433, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Шучье ауданы, Бурабай поселкесi, Ленин көшесi, 45.
6. Мекеменiң дербес балансы, есеп айырысу және өзге де шоттары, фирмалық атауы, мөрi болады.
II. Мекеменiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
7. Мекеменiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаты оған бекiтiлiп берiлген аумақтың шегiнде Бурабай таулы-орманды көгiлдiр алабының табиғи байлығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
8. Мекеме мынадай қызмет түрлерiн орындайды:
ғылыми негiзде орман және аңшылық шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады және шаруашылықтың құрамына кiретiн орманшылықтар мен басқа да бөлiмшелердiң қызметiне басшылық жасайды;
табиғи өсiмдiктерiмен, геологиялық құрылыммен, сирек объектiлерiмен және табиғат ескерткiштерiмен бiрге осы географиялық аймақ үшiн неғұрлым етене табиғат учаскелерiнiң қалыпты жағдайын сақтау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
ғылым мен озық технологиялар жетiстiктерiнiң негiзiнде орман шаруашылығы мен ормандардың өнiмдiлiгiн арттыруды жан-жақты дамытуды және дұрыс жүргiзудi қамтамасыз етедi;
орманның су қорғау, қорғаныштық, санитарлық, сауықтыру және басқа да да функцияларын күшейту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
жабайы жануарлар мен құстарды жерсiндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, биотехникалық және аң шаруашылығы шараларын жүргiзу жолымен фаунаны күзетудi және байытуды жүзеге асырады;
табиғат қорғау идеяларын, экологиялық бiлiмдi кеңiнен таратуды жүзеге асырады;
ормандарды өрттерден, зиянкестерден және аурулардан күзетудi және қорғауды жүзеге асырады, рекреациялық жұмыстарды жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi Шаруашылық басқармасының арнайы рұқсаты бойынша туризмдi, оның iшiнде аңшылықты ұйымдастырады.
9. Мекеме кәсiпкерлiк қызметтi тек ол оның жарғылық мақсаттарына қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана жүзеге асыра алады.
III. Мекеменiң аумағындағы режим
10. Мекеменiң аумағындағы режим мекеменiң алдында тұрған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ережелер мен шаралар жүйесiн қамтиды.
11. Мекеменiң аумағында:
келушiлердiң, туристердiң еркiн (арнайы рұқсатсыз, рұқсаттамасыз, жолдамасыз) жүруiне;
арнаулы бөлiнген жерлерден тысқары тұрақ орнатуға, шатырлар тiгуге, от жағуға, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, спорттық және кәсiпкерлiк балық аулауға;
кешеннiң мамандары жүргiзген жануарлардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу қажеттiлiгiн қоспағанда, аң аулауға;
мекеме дирекциясының рұқсатынсыз осы мақсаттар үшiн бөлiнген жерлерден тысқары мал жаюға;
кешеннiң көлдерiнде моторлы қайықтар мен катерлердiң жүруiне (кешеннiң арнаулы құтқару қызметi мен орман күзетiн қоспағанда);
иттердi алып жүруге, айтақтауға және еркiн серуендетуге;
табиғат, археология,тарих және мәдениет ескерткiштерiн, шекаралық белгiлердi, шағын сәулет нысандарын, бастауларды жоюға, зақымдауға;
тастарға, ағаштарға өз бетiнше жазулар жазып, белгiлер соғуға;
басты пайдаланудағы (мемлекеттiк орман саяжайларының шекараларында) ағашты кесу жүргiзуге;
ағаштарды өз бетiнше кесуге, механикалық зақымдауға, аумақтарды ластауға және Мекеменiң табиғи кешенiне керi әсер ететiн басқа да әрекеттерге;
жерлердi бақ, бақша учаскелерi мен тұрғын үй салуға пайдалануға тыйым салынады.
12. Мекеменiң шекарасындағы басқа жер пайдаланушылардың жерлерiнде кешеннiң мақсаты мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн олардың шаруашылық қызметiнiң дәстүрлi түрлерiне рұқсат берiледi.
Жердi тұрақты пайдаланушылар Мекеменiң табиғи кешенiнiң сақталуына тiкелей қауiп көзi болып табылатын шаруашылық және технологияның өзге де әрекеттерiн жүзеге асыруы барысында оның дирекциясы мұндай әрекеттi шектеуге немесе оған толықтай тыйым салуға, ал жекелеген жағдайларда оларды жердi пайдалану құқығынан айыру туралы ұсыныс жасауға құқылы.
13. Мекеменiң орналасқан жерiнiң ерекшелiктерi мен оның алдында тұрған мiндеттер, сондай-ақ оның табиғи кешенiнiң жай-күйi мен аумақтың табиғи құндылықтары ескерiле отырып кешен мынадай функциялық аймақтарға бөлiнген:
олардың табиғи дамуы процесiнде табиғи экологиялық жүйенi сақтау және қалпына келтiру, кешенде өсiмдiктер мен жануарлардың жергiлiктi түрлерiнiң барлық алуан түрлiлiгiн сақтау үшiн - ерекше қорғалатын аймақтарға, Ерекше қорғалатын аймақтардың шегiнде қорықтық учаскелерге бөлiнедi;
оқу-экскурсиялық аймақ - табиғат қорғау тақырыбы бойынша көпшiлiк оқу-ағарту жұмысын жүргiзу үшiн;
рекреациялық аймақ - халықтың күнделiктi демалысын ұйымдастыру, ұйымдаспаған туристер мен демалушыларды қабылдау және орналастыру үшiн.
14. Аумақтарды қорғау мен пайдаланудың, оның iшiнде Мекемеде шаруашылық жүргiзудiң режимi функциялық аймақтар бойынша сарамаланады және оның мақсаттық арналуына қатаң сәйкес келедi.
15. Оқу-экскурсиялық және рекреациялық аймақтарда көшеттердi, жануарлардың өсiп-өнетiн орындарын және сирек (бағалы) өсiмдiктердiң өсуiн сақтау мақсатында тыныштық учаскелерi бөлiнедi.
16. Мекеменi қорғауды мемлекеттiк орман қорғау қызметкерлерi жүзеге асырады.
Мекеменiң орман күзетi қызметi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ережесiмен және Мекеменiң мақсаты мен мiндетiне қатаң сәйкес келетiн лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледi.
IV. Мекеменi басқару
17. Директор Мекеменiң басшысы болып табылады. Мекеменiң директорын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы басқарушысының келiсiмi бойынша Шаруашылық басқармасының бастығы қызметке тағайындайды және босатады.
18. Мекеменiң директоры:
өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi Шаруашылық басқармасының бастығына есеп бередi;
Мекемедегi iстiң жай-күйiне жауаптылықта болады;
жеке-дара басшылық ету дербестiк принципiмен iс-қимыл жасайды, және осы Жарғыда көрсетiлген Мекеме қызметiнiң барлық мәселелерiн дербес шешедi;
Меншiк иесiнiң атынан iс-қимыл, оның мүлкiне билiк етедi және тек Меншiк иесiнiң келiсiмiмен шарттар жасасады;
Мекеменiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
өз құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Мекеменiң қызметкерлерiн қызметке қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қабылдайды және жаза қолданады.
19. Мекеме тоқсан сайын Шаруашылық басқармасына өз қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп, сондай-ақ мүлкiнiң жай-күйi, пайдалары мен шығындары туралы ақпарат пен құжаттар бередi.
20. Меншiк иесi - Шаруашылық басқармасы:
Мекеменi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;
еңбекке ақы төлеу қорының (тұтыну қорының) жыл сайынғы мөлшерiн, лауазымдық жалақылардың тарифтiк кестесiн белгiлейдi;
қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесiн қарайды және келесi кезең шығындарының сметасын бекiтедi.
21. Мекеменiң жұмыс режимi iшкi еңбек тәртiбi ережелерiмен белгiленедi және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
V. Мекеменiң мүлкi мен қаржысы
22. Мекеменiң жедел басқару құқығымен тек Меншiк иесiнiң тапсырмаларына сәйкес оған өзiнiң жарғылық қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажет мүлкi ғана бола алады. Мекемеге бекiтiлген мүлiктi Меншiк иесi егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, алуға не өз қалауы бойынша басқа құрылған заңды тұлғалардың арасында қайта бөлуге құқылы.
23. Мекеме өзiне бекiтiлген және тек Меншiк иесiнiң рұқсатымен өзiнiң шаруашылық қызметiнiң негiзiнде алынған қаражаттың есебiнен сатып алынған мүлiктi бөлектеуге немесе өзге де тәсiлмен оған билiк етуге құқылы.
24. Мекеменi меншiк иесiнiң рұқсатынсыз, негiзгi қорға жататын мүлiктi сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе өзге де мәмiлелердiң негiзiнде сатып алуына құқығы жоқ.
25. Мекеме республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталады. Мекеменi мемлекеттiк қаржыландыру Меншiк иесiнiң қалауы бойынша жүргiзiледi. Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
26. Мекеменiң Меншiк иесiнiң рұқсатынсыз банктiк несиелердi пайдалануға құқығы жоқ.
VI. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату
27. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Меншiк иесiнiң рұқсаты бойынша жүргiзiледi. Мекеме сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.
28. Мекеменi тарату туралы шешiм қабылдаған Меншiк иесi тарату комиссиясын тағайындайды және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес таратудың тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап Мекеменiң iсiн басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк оған көшедi. Тарату комиссиясы баспасөз органдарында оның таратылатындығы туралы және талап қоюдың мерзiмi туралы хабарлайды, Мекеменiң қолда бар мүлкiн бағалайды, оның дебиторлары мен несие берушiлерiн анықтайды, олармен есеп айырысады, үшiншi тұлғалардың алдындағы борыштарды өтеуге шаралар қабылдайды, өтпелi тарату балансын жасайды және оны өзiн тағайындаған органның бекiтуiне ұсынады. Мекеме несие берушiлерiнiң талабына кепiлдiк берiледi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және кезектiлiкте қанағаттандырылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы жазба жазылғаннан кейiн тарату аяқталған, ал Мекеме өз қызметiн тоқтатқан деп саналады.