Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығына U973377_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi
- Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментi
туралы ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 11 шiлдедегi
N 1095 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау
департаментi (Ғылымминi - Ғылым академиясының
Ғылыми кадрлар департаментi) туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құрылымына кiретiн, ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз ететiн орган болып табылады.
Департамент ғылыми кадрларды даярлауға және аттестациялауға басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
2. Департамент өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға (келiсiмдерге), Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департаменттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясын ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
4. Департаменттiң құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы айқындайды.
5. Департамент банкте шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар заңды тұлға болып табылады.
II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары
6. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және жүзеге асыру;
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында нормативтiк база құру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
диссертациялық және сараптау кеңестерiн қалыптастыру, олардың қызметтерiне бақылау жасау, сараптау кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру;
ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер беру туралы аттестациялық iстердi бiрыңғай талаптарға сәйкес қаруды ұйымдастыру және мемлекет атынан түпкiлiктi шешiмдер қабылдау;
ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы сараптау қызметтерiн заңмен белгiленген тәртiпте сертификациялау;
ғылыми кадрларды аттестациялау және қайта аттестациялау саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
7. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында заң жобаларын және өзге де нормативтiк актiлер мен әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге қатысады;
мүдделi министрлiктермен (мемлекеттiк комитеттермен) келiсе отырып ғылыми дәрежелер берiлетiн Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасын әзiрлейдi;
Ғылыми дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi, Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасын және Департаменттiң төралқасы туралы Ереженi бекiту үшiн Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ұсынады. Департаменттiң Төралқасы негiзгi аттестациялық орган болып табылады және министрлiктердiң (мемлекеттiк комитеттердiң), ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ұсыныстарын ескере отырып iрi ғалымдар арасынан қалыптастырылады, аттестациялық iстердi қарайды және ғылыми дәрежелердi беру туралы шешiмдер қабылдауды, ғылыми қызметкерлердi қайта аттестациялауды жүзеге асырады, ерекше жағдаяттарды ескерудi талап ететiн диссертацияны қорғауға байланысты басқа да мәселелердi қарайды;
Департаменттiң Бюросы туралы, сараптау және диссертациялық кеңестерi туралы, бөлiмдер туралы ережелердi және Департаменттiң жұмыс iстеуiне қажеттi басқа да нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда, жоғары оқу орындарында аспирантуралар мен докторантуралар ашуды және жабуды, сондай-ақ оларға қабылдау жоспарларын келiседi;
Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен (мемлекеттiк комитеттерiмен) және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау жөнiндегi ағымдағы және ұзақ мерзiмге арналған бағдарламалар әзiрлеуге қатысады;
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау кезiне ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық-техникалық сипаттағы қызметтер көрсету саласында кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетедi;
жетекшi ғалымдар арасынан ғылымдар салалары бойынша сараптау кеңестерiн құрады, бұл кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi, олардың қызметтерiн ұйымдастырады және бақылау жасайды;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда, жоғары оқу орындарында диссертациялық кеңестер жүйесiн құрады, кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi, кеңестерге диссертацияларды қорғауға қабылдауға құқық беретiн ғылыми мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi;
диссертациялық кеңестердiң қызметтерiне талдау және бақылау жасайды және олардың жүйесiн министрлiктердiң (мемлекеттiк комитеттердiң) өтiнiштерiн және Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып қайта қарайды;
ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер беру туралы аттестациялық iстерi оларға қойылатын талаптарға сәйкес қарайды, мемлекеттiк үлгiдегi дипломдарды ресiмдейдi және бередi;
кандидаттық емтихандар мен сынақтардың тiзбесiн айқындайды, олардың қабылдануына бақылауды жүзеге асырады, кандидаттық емтихандардың үлгi бағдарламаларын және докторлық және аспиранттық даярлық бағдарламаларын бекiтедi;
сертификациялау жөнiндегi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы сараптау қызметтерiн көрсетудi сертификациялауды жүргiзедi;
ғылыми кадрларды даярлау, аттестациялау және қайта аттестациялау саласында халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, халықаралық, басқа елдердiң мемлекеттiк аттестациялау органдарымен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
басқа елдердiң мемлекеттiк аттестациялау органдары берген ғылыми дәрежелерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер, және азаматтығы жоқ тұлғалар - ғылыми қызметкерлердi нострификациялауды және қайта аттестациялауды жүргiзедi;
өзiне заңмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8. Департамент өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және мiндеттемелердi орындау кезiнде:
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан белгiленген тәртiпте ақпараттар сұрауға және алуға;
ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер беру мәселелерi жөнiнде мемлекет атынан түпкiлiктi шешiмдер қабылдауға;
Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдерде және шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiпке сәйкес диссертация қорғауға рұқсат берудi келiсуге;
ғылыми кадрларды аттестациялау саласында ғылыми қызметкерлерге мамандықтар бойынша заңда белгiленген тәртiпте сараптау сертификаттарын беруге;
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiпте ұсыныстар енгiзуге;
өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге және бекiтуге;
ғылыми кадрларды аттестациялау және мемлекеттiк аттестациялау органдары құжаттарының баламдылығын мойындау жөнiндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттар және келiсiмдер жасауға және оларға қосылу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiпте ұсыныстар енгiзуге;
халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарда белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге, кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi бойынша мәжiлiстерге, семинарларға және конференцияларға қатысуға;
Департаменттiң Бюллетенiн, ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi жөнiнде ақпараттық-талдау және ақпараттық-анықтамалық материалдар шығаруға құқылы.
III. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
9. Департаменттi Директор басқарады.
Директорды Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Директордың орынбасарын және бас ғылыми хатшыны Директордың ұсынуы бойынша Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
10. Департамент Директоры:
Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасауды жүзеге асырады. Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өзiнiң функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершiлiкте болады;
орынбасардың, бас ғылыми хатшының және құрылымдық бөлiмшелер жетекшiлерiнiң арасында мiндеттердi бөледi;
Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Департаменттiң қызметкерлерiн ынталандыру және оларға тәртiптiк жазалар қолдану жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
Департаменттiң Төралқасының жеке және сандық құрамын Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына бекiтуге ұсынады;
Департаменттiң сараптау кеңестерi, құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және Департаментте әзiрленген басқа да нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Департаментi бiлдiредi;
өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
11. Департаменттiң жүйесiне:
докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөнiндегi диссертациялық кеңестер;
ғылым салалары бойынша сараптау кеңестерi;
Департаменттiң Төралқасы кiредi.
Ағымдағы қызмет мәселелерiн талқылау және шешу үшiн Бюро құрылады. Бюроның сандық құрамын Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi. Бюро туралы ереженi және оның жеке құрамын Департаменттiң директоры бекiтедi.
12. Департаменттiң қабылдаған шешiмдерi директордың бұйрығымен ресiмделедi.