"Қазақстан Республикасының Ганновердегi дүниежүзiлiк "ЭКСПО-2000" көрмесiне қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 57 қаулысын жүзеге асыру және республиканың көрмеге қатысуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Дүниежүзiлiк "ЭКСПО-2000" көрмесiне Қазақстанның экспозициясын дайындау жөнiндегi ұйымдастыру комитетi қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып:
Дүниежүзiлік "ЭКСПО-2000" көрмесiне Қазақстанның экспозициясын дайындау жөнiндегi шаралар жоспары мен шығыстар сметасын әзiрлесiн және оны бекiтсiн;
ұлттық павильон үшiн республика экспозициясының басты тақырыбы белгiленсiн;
орталықтан алу жобаларының бағдарламасы үшiн "Адам-Табиғат-Технологиялар" тақырыбы бойынша жобаларды iрiктесiн;
көрме жұмысына қатысудың барлық кезеңiне мәдени және ойын-сауық бағдарламаларының тұжырымдамасын жасасын;
экспозициялардың мөлшерi мен қажеттi алаңын анықтасын.
3. "Атакент" "Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамына "ЭКСПО-2000" көрмесiне республиканың экспозициясын дайындау үшiн Атқарушы дирекция құру ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстанның аталған iс-шараға қатысуына байланысты "Атакент" акционерлiк қоғамы жанындағы Атқарушы дирекцияның қызметiн қаржыландыруға шарт жасассын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi ұсынған шығыстар сметасына сәйкес 1998 жылдан бастап дүниежүзiлiк "ЭКСПО-2000" көрмесiне республиканың Экспозициясын дайындау үшiн қаржыландыру тетiгiн айқындасын және жыл сайын қажеттi қаражаттың бөлiнуiн көздесiн.
6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын осы қаулының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
7. "Қазақстан Республикасының Ганновердегi дүниежүзiлiк "ЭКСПО-2000" көрмесiне қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 57 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 4, 19-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "Өнеркәсiп және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 4, 5-тармақтардағы "Өнеркәсiп және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
1997 жылғы 4 тамыздағы
N 1211 қаулысына
қосымша
Дүниежүзiлiк "ЭКСПО-2000" көрмесiне Қазақстан
Республикасының экспозициясын дайындау жөнiндегi
ұйымдастыру комитетiнiң
ҚҰРАМЫ
Шүкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Экономика және
сауда министрi, төраға
Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрi - Ғылым академиясының
президентi, орынбасар
Алесин В.И. - Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрiнiң орынбасары,
орынбасар
Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi:
Ақымбеков С.Ш. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi
Баев Н.И. - Қазақстан Республикасының Экология
және биоресурстар министрi
Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрi
Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасының Энергетика
және табиғи ресурстар министрi
Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрi
Сәрсенбаев А.С. - Қазақстан Республикасының Баспасөз
және бұқаралық ақпарат iстерi
ұлттық агенттiгiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Мұқашев Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары (вице-министр)
Нұралиев С.Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрi Кеңсесiнiң Сырты байланыстар
және хаттама бөлiмiнiң меңгерушiсi
Құлыбаев А.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика
және сауда министрлiгiнiң Құрылыс
және сәулет-қала құрылысын
бақылау агенттiгiнiң директоры
Қасейiнов Д.Қ. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
мәдениет министрлiгi Мәдениет
департаментiнiң директоры
Рақышев Х.К. - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
палатасының төрағасы (келiсiм бойынша)
Нұрышев А.Н. - Аралды құтқару қорының атқарушы
директоры
Ысқақов Б.О. - "Атакент" Қазақстан iскерлiк
ынтымақтастық орталығы" акционерлiк
қоғамының президентi (келiсiм
бойынша)
Черманова Г.В. - Қазақстан Республикасы Экономика
және сауда министрлiгiнiң бас
маманы, жауапты хатшы