Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 U952198_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат) және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) Заң күшi бар Жарлықтарын, сондай-ақ "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңын атқару үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 P961405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., N 47, 457-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ережеде:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын құрылған мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiн олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған бiр есептi көрсеткiштiң мөлшерiнде алынады.
Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған есептi көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерiнде алынады.
Өзге де заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған есептi көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiнде алынады.
7. Бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының бiрiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады.
Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының екiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады.
Өзге де заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының үшiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi