"Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы
қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 409 қаулысының (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 18, 214-құжат) күшi жойылған деп
танылсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.10.03. N 1412
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 19 тамыздағы
N 1268 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлiгi (Денсаулықминi) туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiк азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте - өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, осы Ережеге, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрiнiң бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру
республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген
қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Министрлiктiң құрылысы мен штаттық санын Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банктерде
шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген
және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
II. Министрлiктердiң негiзгi мiндеттерi,
функциялары мен құқықтары
6. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
азаматтардың денсаулығын сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк саясатын
жүргiзу;
азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасау,
салааралық үйлестiрудi iске асыру, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын
сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, нысаналы және кешендi бағдарламаларды
iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
денсаулық сақтауды реформалауды жүзеге асыру;
медициналық және фармацевтикалық ғылымды бағдарлау және дамыту;
медициналық және фармацевтiк өнеркәсiптi құру және дамыту;
кадрларды даярлау мен қайта даярлау;
халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру мен дамыту болып
табылады.
7. Министрлiк жүктелген мiндеттерге сәйкес:
денсаулық сақтауды, фармацевтика мен медицина өнеркәсiбiн дамыту
жөнiндегi шараларды белгiлейдi;
мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысады;
денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқаруды сала дамуының басым бағыттарына сәйкес жетiлдiредi;
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бағдарламалардың ғылыми негiздемесiн, әзiрлемесi мен орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
денсаулық сақтауды, реформалаудың басты бағыттарын әзiрлейдi, олардың iске асырылуы мен орындалу барысына бақылау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
республикалық медициналық, оқу, ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды;
жергiлiктi атқарушы органдар арқылы меншiк нысандарына қарамастан, аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
денсаулық сақтау объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысады;
денсаулық сақтау саласында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, олардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
денсаулық сақтау саласының республикалық бюджетiн дайындауға қатысады;
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады;
мiндеттi медициналық сақтандыру қорымен бiрлесе отырып, мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын айқындайды;
денсаулық сақтау аясында шетелдiк несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi;
медициналық ғылымның басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз етедi, ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн денсаулық сақтау практикасына енгiзудi ұйымдастырады;
денсаулық сақтаудың ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң жүйелерiн оңтайландыру мен құрылымын жетiлдiру шараларын жүзеге асырады;
мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын медицина кадрларын даярлайтын жоғары және арнаулы орта медициналық оқу орындарының және басқа да мекемелердiң үлгiлiк оқу бағдарламалары мен жоспарларын, нострификациялау тәртiбiн әзiрлейдi және оларды белгiленген тәртiппен бекiтедi;
медициналық және фармацевтикалық кадрларды, оның iшiнде жоғары бiлiктi кадрларды даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, жүргiзедi, денсаулық сақтау қызметкерлерiн белгiленген тәртiппен аттестациялауды жүзеге асырады;
лицензиялау заңдарында Министрлiктiң құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялар берудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
белгiленген заңдарда тәртiппен өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң уәкiлеттi органы - лицензиялармен бiрге тауарларды экспорттау мен импорттауға лицензия беру туралы шешiмдердi келiседi;
барлық меншiк нысанындағы емдеу-алдын алу ұйымдарын, медициналық оқу орындары мен медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру курстарын, дәрiлiк заттар мен медициналық техника жөнiндегi сертификаттау және стандарттау органдарын, инспекциялық бақылау органдарын, медициналық және фармацевтiк өнiмдердiң сапасын бақылау жөнiндегi бақылау-талдау лабораторияларын (орталықтарын) аттестациялауға қатысады;
санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң республика аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай мен радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi басшылық жасайды;
республика аумағын карантиндi ауруларды әкелу мен таратудан қорғауды, шетелден сатып алынатын өнiмдi берiп тұру мен сатуға, заңдарда белгiленген тәртiппен санитарлық бақылауды ұйымдастырады;
республиканың ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiндегi есендiктi қамтамасыз ету жөнiндегi өзара iс-қимылды ұйымдастырады;
санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi әзiрлеп бекiтедi;
фармацевтiк қызметке, дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiне, тиiмдiлiгi мен сапасына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, оларды сертификаттауды жүзеге асырады;
жаңа дәрiлiк заттарды, иммундық-биологиялық заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы, емдеу-алдын алу тамақ өнiмдерiн сараптамадан өткiзудi, оларды тiркеу мен Қазақстан Республикасының аумағында медициналық тәжiрибеде қолдануға рұқсат берудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техника жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеп, бекiтедi;
мемлекеттiк фармакопеяны және Дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы заттардың мемлекеттiк Тiзiлiмiн құрады;
республика аумағында барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар шығаратын жаңа медицина техникасының бұйымдарына техникалық сынақтар өткiзуге қатысады;
мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және кез келген меншiк нысанындағы ұйымдармен бiрлесе отырып, дәрiлiк заттарды, иммундық-биологиялық заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы, емдеу-алдын алу тамақ өнiмдерiн шығаруды ұйымдастырады;
жаңа дәрiлiк заттарды, иммундық-биологиялық заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы, емдеу-алдын алу тамақ өнiмдерiн, ауруды анықтау мен емдеу әдiстерiн клиникаға дейiнгi және клиникалық сынақтардан өткiзудiң және оларды республика аумағында медициналық тәжiрибеде қолданудың тәртiбiн белгiлейдi;
денсаулық сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
денсаулық сақтау қызметкерлерiне, ғылыми және ғылыми-педагогтық кадрларға еңбек ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
ведомстволық медициналық-санитарлық қызметтердiң жұмысын үйлестiрiп отырады;
денсаулық сақтау мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдеседi;
заңдарда белгiленген тәртiппен тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, денсаулық сақтау ұйымдары мен халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
халықтың денсаулық жағдайын талдайды медициналық-статистикалық және ғылыми-медициналық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу мен ұйымдастыру, есеп жүргiзу - есеп беру құжаттамасын жетiлдiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;
курорттық ресурстарды зерделеу мен санаторий-курорт iсiн жетiлдiруге қатысады;
денсаулық сақтау аясындағы кәсiпкерлiктiң, шағын және орташа бизнестiң дамуына қолдау жасайды;
азаматтардың денсаулығын сақтау саласында қоғамдық-ұйымдармен және бiрлестiктермен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасайды;
халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын жасауға қатысады;
Үкiметтiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
өз қызмет саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық шарттар жасасқан шет мемлекеттермен және Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдармен ақпарат және мамандар алмасуды ұйымдастырады;
заңдар, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi өзiне жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
8. Министрлiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттердi орындау кезiнде:
азаматтардың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзудi бақылауға;
өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан, азаматтардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекет меншiгiндегi мүлiктi иеленушiге, пайдалануға және оған билiк жүргiзуге;
заңдарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асыруға;
денсаулық сақтау мекемелерiн және өзге де ұйымдарды құру, қайта құру мен тарату мәселелерi бойынша Үкiметке ұсыныстар енгiзуге;
мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерi мен ұйымдарының құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыруға;
Министрлiк қызметiнiң бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi және сараптау органдары ретiнде кеңестер мен комитеттер құруға және олар туралы ережелердi бекiтуге;
республикалық бағыныстағы мемлекеттiк денсаулық сақтау кәсiпорындары мен ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;
облыстық, Алматы қалалық денсаулық сақтау органдарының бастықтарын (меңгерушiлерiн) қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды келiсуге;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi шығыстарды өтеуге арналған қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауға;
халықтың денсаулығын жақсартуға және денсаулық сақтауды дамытуға
айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк наградаларымен наградтауға және құрметтi атақтарын беруге
ұсынуға құқығы бар.
Министрлiктiң заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес басқа да
құқықтары болуы мүмкiн.
III. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
9. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Министрлiктiң бiрыңғай
жүйесiн құрайды.
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiн
Министр басқарады.
Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары (вице-Министрi) болады.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi басқарады.
11. Министр министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды. Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
12. Осы мақсатта Министр:
Министрдiң орынбасарының (вице-Министрдiң) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас санитарлық дәрiгерiнiң, департаменттер директорларының, министрлiктiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шеңберiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне заңды тұлға болып табылатын Департаменттiң Директорын тағайындау туралы ұсыныс енгiзедi. Департамент директорларын, орталық аппарат қызметкерлерiн, сондай-ақ республикалық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
барлық органдар мен ұйымдарда Министрлiктi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бiлдiредi;
заңды тұлға болып табылмайтын департаменттер туралы ережелердi бекiтедi;
бекiтiлген адам саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының штат кестесiн, сондай-ақ бекiтiлген қаржы шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiтедi;
Министрлiкке бөлiнетiн бюджеттiк қаржының пайдаланылуына бақылау жасайды, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның мүлiктерiне билiк жүргiзедi;
өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
13. Министрдiң орынбасары (вице-Министр) Министр болмаған кезде оны алмастырады, Министрлiк департаменттерiнiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнде құрамында Министр (төраға), Министрдiң орынбасары (вице-Министр), Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас санитарлық дәрiгерi, департамент басшылары бар алқа құрылады, Алқаның құрамына басқа да адамдар кiре алады.
Алқаның адам санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.
15. Денсаулық сақтау министрлiгi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Министрлiктiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан денсаулық сақтау мекемелерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
16. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
17. Министрлiктiң орталық аппараты заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген ережелердiң негiзiнде жұмыс iстейтiн департаменттерден тұрады.
18. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi, лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен белгiленедi.
19. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.