1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен 250-350 (екi жүз елу-үш жүз елу) млн. АҚШ доллары жалпы сомасындағы капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясын, сондай-ақ оларды республикалық бюджетке орналастырудан қаражат түсуiн жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 217 өкiмiне сәйкес құрылған жұмыс комиссиясының капиталдың халықаралық рыноктарына орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясын жүзеге асыру кезiнде жетекшi менеджер және несиелiк-рейтингтiк кеңесшi етiп "JP Morgan" компаниясын сайлау туралы, сондай-ақ "White & Case" компаниясын алдағы эмиссияның заң кеңесшiсi етiп сайлау туралы шешiмi мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте сыртқы займдарды орналастыру үшiн комиссиялық төлеуге арналып көзделген қаражаттың есебiнен алдағы эмиссияға қызмет көрсеткенi үшiн "White & Case" және "JP Morgan" компанияларына комиссиялық төлемдер төлеуге арналған шығындарды көздесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясына қатысты келiссөздер жүргiзсiн және құжаттарға қол қойсын, бұл ретте шығарымның мерзiмдерiн оларға қызмет көрсетудiң және өтеудiң тәртiбiн айқындасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi