1. Кеден конвенциясының 1975 жылғы ХЖТ кiтапшасын қолдану арқылы жүктердi халықаралық тасымалдау туралы 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн, Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағына ХЖТ кiтапшаларын беру және жүктердi тасымалдау кезiнде тиiстi кепiлдiктер ұсыну құқығы берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк кеден комитетi:
республикада мемлекет пен қазақстандық тасымалдаушылардың экономикалық мүдделерiн тиiмдi қорғауға бағытталған халықаралық қатынастарда тасымалдауды және кедендiк бақылауды ұйымдастыру саласында автомобиль көлiгi жөнiндегi мемлекетаралық келiсiм мен 1995 жылғы ХЖТ конвенциясының талаптарымен келiсiлген мемлекеттiк саясатты
жүргiзудi қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағына 1975 жылғы ХЖТ конвенциясына сәйкес ХЖТ рәсiмдерiн пайдалану кезiнде кепiлдiктi бiрлестiк функцияларын жүзеге асыруда жәрдем көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi