Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 29 тамыз N 1308. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.05.22. N 465 қаулысымен. ~P980465

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы

 

департаментi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң салық

полициясы органдары туралы уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1436 


P961436_



қаулысының күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 29 тамыздағы

                                          N 1308 қаулысымен

                                              бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

                  Салық полициясы департаментi

           (Қаржыминiнiң Салық полициясы департаментi)

               мен оның аумақтық органдары туралы

                            ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрылымындағы құқық қорғау органдарының орталықтандырылған жүйесiн құрайтын және қызметiн елдiң салық салу саласындағы экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын салық полициясы органдарына басшылық жасайды.
      2. Салық полициясы департаментi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Департаменттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Салық полициясы департаментiнiң және оның аумақтық органдарының штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтедi. Департаменттiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы департаментi заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi болады, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
 

     II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi,

         функциялары мен құқықтары


 
 
       6. Департамент пен оның аумақтық органдарының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      салық заңдарының бұзылу фактiлерiн жинау, талдау және оларға баға беру, салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
      заңды және жеке тұлғалардан салық төлемеумен байланысты не табыстарды бүркемелеу немесе азайтып көрсету, салық салу объектiлерiн жасыру мақсатында жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң түспеуiне немесе жеткiлiктi түрде түспеуiне байланысты мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, сондай-ақ мемлекеттiң алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
      салық төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған тұлғаларды iздестiрудi жүзеге асыру;
      салықтық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзу мәселелерi бойынша құқық қорғау, бақылаушы және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
      салықтық құқық бұзушылықтармен және қылмыстармен мемлекетке келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiнде өз құзыретi шегiнде шаралар қабылдау;
      Департамент пен оның аумақтық органдарына жүктелген өзге де мiндеттер.
      7. Департамент пен оның аумақтық органдары өздерiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес:
      өз өкiлеттiктерi шегiнде салықтық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарды жинау мен талдауға. Қажет болған жағдайларда салықтық қылмыстар мен тәртiп бұзушылықтарға әсер ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларына ұсыныстар енгiзуге;
      әзiрленiп жатқан және жасалған салықтық қылмыстар мен тәртiп бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарауға, белгiленген ретпен оларға тексеру жүргiзуге;
      салық полициясы органы басшысының ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасы Салық комитетi органдарымен, Қаржы министрлiгiнiң басқа да бөлiмшелерiмен бiрлесiп, салық төлеушiлердi тексеруге;
      анықталған салық және әкiмшiлiк заңдарды бұзушылықтар бойынша актiлер (хаттамалар) жасауға, сондай-ақ заңдармен берiлген өкiлеттiктерi шегiнде қаулылар шығаруға;
      заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша салық салудан жалтарумен немесе мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындамаумен байланысты қылмыстарды анықтау және тергеу мақсатында жедел-iздеу әрекеттерiн, жауап алуды жүргiзуге;
      өз құзыретi шегiнде салық қызметi әрекеттерiнiң қауiпсiздiгiн, оның қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға;
      салық төлеуден, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған тұлғаларды iздестiрудi жүзеге асыруға;
      басқа құқық қорғау органдарымен бiрлестiкке салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға мiндеттi.
      8. Департамент пен оның аумақтық органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және мiндеттемелердi орындау кезiнде:
      салық салу, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiлердi тексеруге, оларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартуға;
      өз құзыретi шегiнде ұйымдар мен жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi актiлер шығаруға;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тексеру және жедел-iздеу қызметiн жүргiзуге;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
      өз құзыретi шегiнде мемлекет меншiгiндегi мүлiктi иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.
 
      III. Салық полициясының қызметiн ұйымдастыру
 
      9. Салық полициясы органдарының жүйесiн: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы департаментi, оған бағыныстағы аумақтық органдар, оқу орындары және Департаменттiң тiкелей қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де бөлiмшелер құрайды.
      10. Департаменттiң қылмыстық iс жүргiзу және жедел-iздестiруден басқа қызметiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрi жүзеге асырады.
      11. Департаменттiң жұмысына тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор жүзеге асырады.
      12. Департамент Директорының орынбасарларын, Департаменттiң облыстар, республика астанасы бойынша басқармаларының бастықтарын Департамент Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Салық полициясының басқа қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясында қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      13. Салық полициясы департаментi басқармалардан, дербес бөлiмдерден, бөлiмшелерден және Департаменттiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдардан тұрады.
      Департамент:
      салық полициясы органдарының салықтық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және ашу жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады;
      салық полициясы органдары жұмысының басым бағыттарын айқындайды, олардың қызметiн жетiлдiрудiң бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
      салық полициясы органдарының қызметiн регламенттейтiн заң және өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен енгiзедi;
      салық заңдарын бұзушылық туралы деректердi жинайды және талдайды;
      салық полициясы органдарының қызметi үшiн қажеттi жалпы республикалық анықтамалық-ақпараттық және басқа да деректер базасын жасайды;
      салық полициясының органдары анықтаған және болдырмаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерi туралы статистикалық есептердiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi, салық полициясы органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша жұмыстың нәтижелерiн ұдайы қорытындылап отырады, озық тәжiрибенi таратады және енгiзедi;
      салық полициясы органдарының штат саны, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, мекемелерi мен ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен қарым-қатынастарда салық полициясын бiлдiредi;
      салық полициясы органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша нұсқаулық-әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
      Департаментке консультативтiк-кеңесшi орган - Офицерлiк Кеңес құрылады. Офицерлiк Кеңестiң жеке құрамы мен Ережесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      Департаменттiң жанынан, ережесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн, ғылыми-консультативтiк кеңес құрылуы мүмкiн.
      Департаменттiң жанынан аумақтық органдардың бос орындарының есебiнен аймақаралық бөлiмшелер құрылуы мүмкiн.
      14. Департаменттiң Директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      Осы мақсатта Департаменттiң Директоры:
      өз орынбасарларының, салық полициясының аумақтық басқармалары бастықтарының, департаменттiң басқа да қызметкерлердiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерi шеңберiн белгiлейдi;
      Департаменттiң салықтық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу, мемлекет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындау жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады, сондай-ақ салық полициясының бюджетке қосымша аударымдарының және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы аударылуы жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуына бақылау жасайды;
      Департаменттiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдар туралы ережелердi бекiтедi;
      салық полициясының органдары анықтаған және болдырмаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, жедел-iздестiру жұмыстарының сипаты, көлемi мен нәтижелерi туралы статистикалық есептердiң сенiмдiлiгiн, салық полициясы органдары қызметiнiң нәтижелерiн ұдайы қорытындылап отырады, сондай-ақ озық тәжiрибенi таратуды және енгiзудi қамтамасыз етедi;
      бөлiнген штат саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Департаменттiң орталық аппаратының, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымдары мен штат кестесiнiң тiзбесiн, сондай-ақ төменгi тұрған органдардың құрылымы мен штат санын бекiтедi;
      белгiленген тәртiппен Департаменттiң және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      өз құзыретiнiң шегiнде жедел қызметтiк iс-әрекеттi ұйымдастыруға байланысты бұйрықтар, нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығарады;
      өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      15. Департамент Директорының орынбасары Директор жоқ кезде оны ауыстырады. Департамент басқармаларының, бөлiмдерiнiң қызметiн үйлестiрiп отырады, өзiне Директор жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      16. Салық полициясының аумақтық органдарына: Салық полициясы департаментiнiң облыстар, республика астанасы бойынша басқармалары, салық полициясының аймақтық және қалалардағы аудандар бойынша бөлiмдерi жатады.
      Аумақтық органдар жергiлiктi атқарушы органдардың жүйесiне кiрмейдi және тiкелей Департаментке бағынады.
      Салық полициясы департаментiнiң облыстар, республика астанасы бойынша аумақтық басқармалары заңды тұлға мәртебесiн иеленедi. Бұл басқармаларға консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Офицерлiк Кеңес құрылады, оның құрамын Департаменттiң директоры бекiтедi.
      Аумақтық органдардың құрылымы мен адам санын Салық полициясы департаментiнiң директоры бекiтедi.
      Салық полициясының аумақтық органдарының басшылары басқа құқық қорғау, салықтық және бақылаушы органдармен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасай отырып, өздерiне жүктелген тапсырмалардың тиiстi аумақтарда жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi, өз құзыретi шегiнде шешiмдер шығарады, бағыныстағы бөлiмшелердiң қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды.
 

О Департаменте налоговой полиции Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 1997 г. N 1308. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 22 мая 1998 г. N 465 ~P980465

     В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 4 марта 1997 г. N 3377 U973377_ "Об очередных мерах по реформированию системы государственных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 10, ст. 69) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Департаменте налоговой полиции Министерства финансов Республики Казахстан.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1996 г. N 1436 P961436_ "Об утверждении Временного положения об органах налоговой полиции Государственного налогового комитета Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 47, ст. 460).
 

     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



                                            УТВЕРЖДЕНО



                                   постановлением Правительства

                                       Республики Казахстан

                                   от 29 августа 1997 г. N 1308



 
 
                               ПОЛОЖЕНИЕ
            о Департаменте налоговой полиции Министерства
         финансов Республики Казахстан и его территориальных
                               органах
               (Департамент налоговой полиции Минфина)
 
                          I. Общие положения
 
      1. Департамент налоговой полиции Министерства финансов Республики Казахстан (далее - Департамент) осуществляет руководство органами налоговой полиции, составляющими централизованную систему правоохранительных органов в структуре Налоговой службы Министерства финансов Республики Казахстан и осуществляющими свою деятельность в целях обеспечения экономической безопасности страны в области налогообложения.
      2. Департамент налоговой полиции осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Финансирование расходов на содержание аппарата Департамента осуществляется за счет ассигнований, предусмотренных в республиканском бюджете.
      4. Штатная численность Департамента налоговой полиции и его территориальных органов утверждается Министром финансов Республики Казахстан. Структура Департамента утверждается Правительством Республики Казахстан.
      5. Департамент налоговой полиции Министерства финансов Республики Казахстан является юридическим лицом, обладает обособленным имуществом, имеет расчетный и иные счета в банке, печать с изображением Государственного герба Республики Казахстан, своим наименованием на казахском и русском языках.
 
          II. Основные задачи, функции и права Департамента
 
      6. Основными задачами Департамента и его территориальных органов являются:
      сбор, анализ и оценка фактов нарушений налогового законодательства, внесение соответствующих предложений по устранению причин и условий, способствующих налоговым правонарушениям и преступлениям;
      выявление и пресечение преступлений и правонарушений, связанных с неуплатой налогов либо совершенных в целях сокрытия или занижения доходов, укрытия объектов налогообложения юридическими и физическими лицами, иных преступлений и правонарушений, повлекших причинение государству убытков, связанных с непоступлением или недопоступлением налогов и других платежей в бюджет, а также обеспечение исполнения других финансовых обязательств перед государством;
      осуществление розыска лиц, уклонившихся от уплаты налогов и выполнения других финансовых обязательств перед государством;
      взаимодействие с правоохранительными, контролирующими и иными государственными органами по вопросам борьбы с налоговыми преступлениями и правонарушениями;
      принятие в пределах своей компетенции мер по возмещению ущерба, нанесенного государству налоговыми правонарушениями и преступлениями;
      иные задачи, возложенные на Департамент и его территориальные органы.
      7. Департамент и его территориальные органы в соответствии с поставленными перед ними задачами обязаны:
      в пределах своих полномочий осуществлять сбор и анализ информации о налоговых преступлениях и правонарушениях. В необходимых случаях вносить руководителям предприятий и организаций предложения об устранении причин и условий, способствующих налоговым преступлениям и правонарушениям;
      рассматривать заявления, сообщения и иную информацию о готовящихся или совершенных налоговых преступлениях и правонарушениях, осуществлять в установленном порядке их проверку;
      проводить по предписаниям руководителя органа налоговой полиции совместные с органами Налогового комитета, другими подразделениями Министерства финансов Республики Казахстан проверки налогоплательщиков;
      по выявленным нарушениям налогового и административного законодательств составлять акты (протоколы), а также выносить постановления в пределах полномочий, предоставленных законом;
      проводить на основании и в порядке, предусмотренном законом, оперативно-розыскные действия, дознание в целях выявления и расследования преступлений, связанных с уклонением от налогообложения или неисполнением других финансовых обязательств перед государством;
      в пределах своей компетенции обеспечивать безопасность деятельности налоговой службы, защиту ее работников и членов их семей от преступных и иных противоправных посягательств;
      осуществлять розыск лиц, уклоняющихся от уплаты налогов, исполнения других финансовых обязательств перед государством;
      принимать участие в разработке и реализации совместно с другими правоохранительными органами программ, борьбы с налоговыми правонарушениями.
      8. Департамент и его территориальные органы при осуществлении возложенных на них задач и выполнении обязанностей имеют право:
      проводить проверки у налогоплательщиков по вопросам налогообложения, выполнения других финансовых обязательств перед государством, привлекать их к ответственности в соответствии с действующим законодательством;
      в пределах своей компетенции издавать акты, обязательные для исполнения организациями и физическими лицами;
      проводить дознание и оперативно-розыскную деятельность в соответствии с действующим законодательством;
      запрашивать и получать в установленном порядке информацию от государственных органов, организаций, должностных лиц и граждан;
      в пределах своей компетенции осуществлять владение, пользование и распоряжение имуществом, находящимся в государственной собственности.
 
           III. Организация деятельности налоговой полиции
 
      9. Систему органов налоговой полиции составляют: Департамент налоговой полиции Министерства финансов Республики Казахстан, подчиненные ему территориальные органы, учебные заведения и иные подразделения, необходимые для обеспечения функциональной деятельности Департамента.
      10. Общее руководство деятельностью Департамента, кроме уголовно-процессуальной и оперативно-розыскной, осуществляет Министр финансов Республики Казахстан.
      11. Непосредственное руководство работой Департамента осуществляет Директор, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Министра финансов Республики Казахстан.
      12. Заместители Директора Департамента, начальники управлений Департамента по областям, столице республики назначаются на должность и освобождаются от должности Министром финансов Республики Казахстан по представлению Директора Департамента. Другие сотрудники налоговой полиции назначаются и освобождаются от должностей в соответствии с Положением о прохождении службы в налоговой полиции Министерства финансов Республики Казахстан, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      13. Департамент налоговой полиции состоит из управлений, самостоятельных отделов, отделений и структур, обеспечивающих деятельность Департамента.
      Департамент:
      организует деятельность органов налоговой полиции по предупреждению, пресечению, выявлению и раскрытию налоговых преступлений и правонарушений;
      определяет приоритетные направления работы органов налоговой полиции, разрабатывает и реализует программы совершенствования их деятельности;
      разрабатывает и вносит в установленном порядке проекты законодательных и иных нормативных актов, регламентирующих деятельность органов налоговой полиции;
      собирает и анализирует данные о нарушениях налогового законодательства;
      создает общереспубликанские справочно-информационные и другие базы данных, необходимые для деятельности органов налоговой полиции;
      обеспечивает достоверность статистической отчетности о выявленных и предотвращенных органами налоговой полиции преступлениях и правонарушениях, результатах оперативно-розыскной деятельности, проводит регулярное обобщение результатов работы по основным направлениям деятельности органов налоговой полиции, а также распространяет и внедряет передовой опыт;
      в установленном порядке разрабатывает и вносит в Правительство Республики Казахстан предложения по штатной численности, финансированию и материально-техническому обеспечению органов налоговой полиции;
      представляет налоговую полицию в государственных органах, учреждениях и организациях Республики Казахстан, а также в отношениях с правоохранительными органами других государств;
      разрабатывает инструктивно-методические материалы по вопросам деятельности органов налоговой полиции.
      В Департаменте образуется консультативно-совещательный орган - Офицерский Совет. Персональный состав и Положение об Офицерском Совете утверждает Министр финансов Республики Казахстан.
      При Департаменте может быть образован научно-консультативный совет, положение о котором утверждается Министром финансов Республики Казахстан.
      При Департаменте за счет имеющихся вакансий территориальных органов могут образовываться межрегиональные подразделения.
      14. Директор Департамента организует и руководит работой Департамента и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Департамент задач и осуществление им своих функций.
      В этих целях Директор Департамента:
      определяет обязанности и круг полномочий своих заместителей, начальников территориальных управлений налоговой полиции, других сотрудников Департамента;
      организует деятельность Департамента по выявлению, предупреждению, пресечению и раскрытию налоговых преступлений и правонарушений, исполнению финансовых обязательств перед государством, а также осуществляет контроль за организацией работы по полному и своевременному перечислению в бюджет доначисленных налоговой полицией налогов и других обязательных платежей;
      утверждает положения о структурах, обеспечивающих деятельность Департамента;
      обеспечивает достоверность статистической отчетности о выявленных и предотвращенных органами налоговой полиции преступлениях и правонарушениях, характере, объемах и результатах оперативно-розыскной работы, регулярное обобщение результатов деятельности органов налоговой полиции, а также распространение и внедрение передового опыта;
      утверждает в пределах выделенной штатной численности и фонда оплаты труда перечень должностей и штатное расписание центрального аппарата Департамента, его структурных подразделений, а также структуру и штатную численность нижестоящих органов;
      назначает на должность и освобождает от должности руководителей и работников Департамента и его структурных подразделений в установленном порядке;
      издает в пределах своей компетенции приказы, инструкции и указания, связанные с организацией оперативно-служебной деятельности;
      принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.
      15. Заместитель Директора Департамента замещает Директора во время его отсутствия, координирует деятельность управлений, отделов Департамента, осуществляет иные обязанности, возложенные на него Директором.
      16. К территориальным органам налоговой полиции относятся: управления Департамента налоговой полиции по областям, столице республики, региональные, межрайонные отделы налоговой полиции, отделы налоговой полиции по районам, городам и районам в городах.
      Территориальные органы не входят в систему местных исполнительных органов и непосредственно подчиняются Департаменту.
      Территориальные управления Департамента налоговой полиции по областям, столице республики обладают статусом юридического лица. В этих управлениях в качестве консультативно-совещательного органа образуется Офицерский Совет, состав которого утверждается Директором Департамента.
      Структуру и численность территориальных органов утверждает Директор Департамента налоговой полиции.
      Руководители территориальных органов налоговой полиции во взаимодействии с другими правоохранительными, налоговыми и контролирующими органами обеспечивают реализацию возложенных на них задач на соответствующих территориях, в пределах своей компетенции выносят решения, организуют, координируют и контролируют деятельность подчиненных подразделений.